ҚЫРАН ҚҰС, ҚҰМАЙ ТАЗЫ, АҢШЫЛЫҚ, САЯТШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ мақал мәтелдер
ҚЫРАН ҚҰС, ҚҰМАЙ ТАЗЫ, АҢШЫЛЫҚ, САЯТШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
***
Қағынан құлан жерісе, су таба алмай шөлде өлер.
***
Итті тепкен, ырысты тебеді.
***
Итті күшігім десең — аузынды жалайды.
***
Ит үреді, керуен жүреді.
***
Ит құтырса — иесін қабады.
***
Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.
***
Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
***
Міріден сірі айырады.
***
Айналаға атқан оқ ажалдыға тиеді.
***
Аңды ерінбеген атады,
Я көрінбеген атады.
***
Қаңтар қақпанды сүйер,
Сонаршы ақпанды сүйер.
***
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алады.
***
Сасқан үйрек артымен сүңгір.
***
Ай жарықта қоян арық.
***
Қара құс басып жейді,
Сұңқар құс шашып жейді.
***
Жолаушының кешіккеніне сүйінбе,
Аңшының кешіккеніне сүйін.
***
Мылтығыңның күмісін айтпа, тиісін айт.
***
Аң таппаған атынан көреді,
Ата алмаған мылтығынан көреді.
***
Тағыны жеткен алады.
***
Қаз орғанына семіреді.
***
Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса бытпылдақ.
***
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.
***
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.
***
Бөрі арығын білдірмес,
Итке жүнін қампайтар.
***
Алпыс қарсақ ат болмас.
***
Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.
***
Қоян көлеңкесінен қорқады.
***
Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.
***
Борсық ұрған сайын семіреді.
***
Құлан қырда, құндыз суда.
***
Құстың қуы сауысқан.
***
Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.
***
Өлі бөріден ит аттамас.
***
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
***
Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.
***
Ит ішіне сарымай жақпайды.
***
Ел қонбай, ит тынбас.
***
Иттің бәрі тазы болмас,
Еттің бәрі қазы болмас.
***
Жетектеген төбет қораға үрмес.
***
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.
***
Жақсы ит иесінің көз-құлағы.
***
Ит баласы жүре азар.
***
Ит атасын танымас.
***
Құмай тазы қуғанын алады.
***
Ит ұяласынан қорықпайды.
***
Қабаған ит қайыр байлайды.
***
Оңбағанның иті ұры кеткен соң үреді.
***
Жоны қашқан итке өлексе жоламас.
***
Ит жеңгенін талайды.
***
Ит қорыған жерге өш.
***
Байлаулы ит үреген,
Байлаусыз өгіз сүзеген.
***
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
***
Бұралқы ит үріп жағынады.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
* * *
Ит иттігін қылмай қоймас.
***
Ит құтырса, иесін қабады.
***
Итке ит жерошақтың басында ұшырасады.
***
Ит жемес асынан дәметеді.
***
Иттің құны бір күшік.
***
Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.
***
Қасқырлы жердің елі айтақшыл.
***
Иттің ұлығанын бөрі есітпес.
***
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
***
Ит баласы жырымға қарайды,
Құс баласы қырымға қарайды.
***
Саятшылық сабырлыға жарасар.
***
Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.