Қыпшақ этникалық қауымдастығы слайд,презентация

0

Қыпшақ этникалық қауымдастығы слайд,презентация

 

Қыпшақ

 

Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді.
Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
      XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне қуман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған.Қумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл қумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданьшған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған.
   «Половец даласының» шегі ертедегі орыс жылнамаларында Еділ мен Днепр аралығында деп белгіленді. Ал мұсылман деректемелеріне сәйкес, батыс Дешті Қыпшақ әлдеқайда көп жерді алып жатқан. Мәселен, араб географы әл-Идрисидің (XII г.) мәліметтері қумандардың көшіп жүретін жерлері Днестр мен Днепр аралығында орналасқан, ал Днепрден шығысқа қарай қыпшақ тайпаларының ордалары жатқан деп санауға мүмкіндік береді.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!