Қылқобыз жасау технологиясы
9 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды қылқобыз аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы қылқобыз жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс — тәсілі: түсіндірме, практикалық, баяндау, сұрақ — жауап.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: физика, математика, сызу
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс — тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, бейнеролик, сызба, плакаттар, суреттер
Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т. б.
Пайдаланған әдебиет: «Технология»(Ер балаларға арналған оқулық), Е. Ермилова, Н. Адамқұлов, И. Товченик, Алматы, «Мектеп»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Өткен сабақты қайталау. Үй тапсырмасын тексеру
Домбыра жасау технологиясы (оқушы өзі жасаған бұйымын таныстыру)
Жеке оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)
III. Үй тапсырмасын бекіту
Суретпен жұмыс (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1. Домбыраның құрылысына түсініктеме беріңдер, әрбір элементтің атқаратын кызметін жіктеп айтыңдар.
2. Домбыра түрлерінің айырмашылығы неде?
3. Ертеде домбыраны неден жасаған? (Шайыры аз қарағайдан)
1. Домбыраның жалпы ұзындығы — 640 мм
2. Шанақ бөлігінің өлшемі — 340 мм
3. Мойнының ұзындығы — 420 мм
4. Алақанының ұзындығы — 60 мм
III. Жаңа сабаққа дайындық:
1. Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Жаңа сабақ.
Қылқобыз жасау технологиясы.
Қылқобыз — қазақтың шанағын тізеге сүйеп қойып, 40 — қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп — сүйкеп көсеп — көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою — қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Қобыздың 4000 жылдық тарихы бар. Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын — шайтан жоламайды деп ырымдайды.
Оның негізі тұтас ағаштан шабылған. Қобыздың үлкенді — кішілі әр алуан түрлері болады. Жақсы қобыздардың көлемі үлкен болған, сонымен қатар шанақ ішіне, мойнына, басына қобыз үніне ерекше үн қосып тұру үшін металдан жасалған әртүрлі сылдырмақтар, жез қоңыраушалар ілініп безендірілген. Қара қобыздың шанағы дөңгелек не қос дөңгелек боп келеді, беті ашық етіп жасалады. Шанақтың төменгі жағынан ұзынша қорапша ойылып, оның бетіне серкенің не түйенің шикілей өңделген терілері тартылады. Ысқышы жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының құйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалады.
Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері ХІХ ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.
Қара қобыздың тамаша үлгілерін Алматыдағы Ықылас атындағы саз аспаптар мұражайынан тамашалауға болады. XIX ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған бұл қобыздың ерекшелігі — оның тым үлкендігі. Оның ұзындығы — 96 см, шанағының диаметрі — 40 см. Бұл қобыздың аты — «нар қобыз». Көпшілік арасында кездесетін қобыздар бұдан екі есеге жуық кіші болған.
Бұл күнде зерттеліп, өңделген қобыз түрлері тоғыздан асады. Олардың жалпы пішіні суреттерде кәдесыйлық түрінде көрсетілген. Ал 1 — суретте бейнеленген қыл қобыздың нақтылы жалпы ұзындығы — 670 мм, шанағының диаметрі 60 мм шамасында, шанақтың жалпы жалпақтығы — 180 мм. Бүл суретте қобыздың екі ойшықты нұсқасы көрсетілген.
Қобыз негізгі он бөліктен тұрады: алақан, құлақтары, қылдары, мойны, шанағы, көнтері, кіндік тиек, бастырма тиек, түп тиек, ілгек.
Қобыз алақанының ұзындығы — 90 мм, ал жалпақтығы 60 — 70 мм — ге дейін. Мойнының ұзындығы — 220 мм, ал шанақтың ұзындығы — 160 мм. Ал көнтері тартылған қобыз түбінің ұзындығы — 200 мм. Бүл өлшемдер күй ойнауға арналған қобызға лайық. Жалғыз оқушы бүл қобызды 20 сағаттың ішінде жасай алады.
2 — суретте қобыздың сыртқы бейнесі мен өлшем бірліктері, оның әрбір кесінділерінің қалыңдығы көрсетілген.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Интерактивті тақтаның көмегімен қылқобыз аспабы туралы бейнеролик көрсету.
Қылқобыздың домбырадан қандай айырмашылығы бар?
Не көрдіңдер, не қызықтырды?
Сарамандық жұмысына дайындалу.
Ағашты қолмен кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал — саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.
Жұмысқа дейін:
1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)
2. Жұмысқа қажетті құрал — саймандарыңды түгелдеп, мұқият тексер.
3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орнында артық ешқандай зат қойма.
Жұмыс кезіңде:
1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандардың қайралған әрі жарылмаған болсын.
3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
5. Жұмыс кезіңде әр нәрсеге алаңдама.
6. Құрал — сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін:
1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2 — 5мм етіп қой.
3. Өзіңді ретке келтір.
4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар
Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы – қылқобыз жөніндегі білімдерін бекіту; іс жүзінде қылқобыздың макетін жасау әдістерімен таныстыру; сызбаны орындау кезінде симметрияны сақтауға үйрету; дағдылар мен шеберліктерді дамыту; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру.
1. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ағымдағы нұсқама өткізу және бұйымды жасау қандай реттілікпен орындалатынын түсіндіру.
2. Қылқобыз аспабын технологиялық карта бойынша дайындау.
3. Алдын ала құрастырылған, технологиялық карта бойынша қылқобыз аспабының кез келген түрін жасауды ұсыну.
V. Жаңа сабақты бекіту
«Пайымдау сұрақтары»әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой — толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т. с. с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
Қылқобыз аспабына анықтама бер? (Қазақ халқының екі ішекті көне музыкалық аспабы)
Қобыздың қанша түрі бар? Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңдар.
Қобыздың жалпы ұзындығы? (670 мм)
Қобыз неше бөліктерден тұрады?(10 )
Қобыздың шанағының диаметрі (60 мм)
Қобыз аспабын оқушы неше сағат ішінде жасап шыға алады? (20)
ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз? (Нар қобыз)
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Үйге тапсырманы талдау» тәсілі: Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды жақсы түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек?
Қобыздың негізгі өлшемдерінен тыс, алақанның, шанақтың пішінін жөне қалыңдығын өзгертуге болады ма? Қобызды әзірлеудің әртүрлі әдістерін сызбаға түсіріңдер. Осы берілген мәліметтерге өз ойларыңды қоса отырып, «Қазағымның киелі қобызы» атты баяндама дайындаңдар.
Қылқобыз аспабын ажарлап шығу, гуашпен өрнекті сурет салу немесе қабыршақтан ою.