Қылмыстық Кодекс тарауы | Скачать Реферат
Мазмұны
Кiрiспе 3
1. Жаза ұғымы және оны тағайындаудың жалпы негіздері 4
1. Сингапур мемлекетінің құқықтық жүйесі 5
2. Сингапур мемлекетіндегі жаза тағайындаудың ерекшеліктері 6
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10
Кiрiспе
Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және
ол мемлекеттiң қылмыстық құқық бұзушылықтармен қарсы күрес жүргiзу
құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмыстық құқық бұзушылыққа
қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық,
рухани шаралардың барлық түрiн кеңiнен қолданады, солайша қылмыстық құқық
бұзушылықтан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да
қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда
көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс жасаған адамдарға
мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде
қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iстегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып
табылады. Мемлекеттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық
құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да
жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола
отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.
Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық
заңмен ғана белгiленедi. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда
көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек
ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза
тағайындауға құқылы.
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан,
тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да
мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар
арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза
тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс
істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Жоғары айтылғанның барлығы көкейкесті болып табылады және реферат
тақырыбын таңдауыма ықпал етті. Оның негізгі мақсаты Сингапур
мемлекетіндегі жаза тағайындаудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделеді:
– жаза ұғымына шолу жасау және оны тағайындаудың жалпы негіздерін
анықтау
– Сингапур мемлекетінің құқықтық жүйесіне талдау жасау;
– Сингапур мен Қазақстан елдеріндегі жаза тағайындау ерекшеліктерін
талдау.
Жаза ұғымы және оны тағайындаудың жалпы негіздері
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық
заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен
күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған
қылмысына сәйке жаза тағайындалады.
Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және
Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан
айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға
мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза — өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау
дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық,
материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және
қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға
байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты — жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру
арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке
сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың
мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы
тиіс. Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес,
жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына
келтіруге әрекет жасауға тиіс.
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және
балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады [1].
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар
жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды, жазаның мұндай негізгі
түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; айыппұл; бас
бостандығын шектеу; қамауға алу; түзеу жұмыстары; бас бостандығынан айыру;
өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол
тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын
жағдайда қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе
құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік
сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,
оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен
қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық
жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу
шараларының бірі болып табылады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу
кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді [2].
Сингапур мемлекетінің құқықтық жүйесі
Саяси құрылым бойынша Сингапур парламенттік республика болып табылады,
демек, мемлекет басшысы Президент. Британдық Одақ құрамына мүше болып
кіреді. Мемлекетте 1963 жылғы Конституция (1965 ж. және 1991ж. енгізілген
түзетулермен) қолданыста. 1991 ж. Конституцияға енгізілген түзетулерге
сәйкес Мемлекет басшысы жаппай дауыс беру арқылы (1991ж. дейін Президент
Парламентпен тағайындалатын) 6 жылдық мерзімге сайланады. Қазіргі
Президент Тони Тан Кен Ям (жетінші) 2011 жылы сайланған болатын.
Атқарушы билік Үкіметке тиесілі. Президент Премьер-Министр лауазымына
жалпы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия лидерін тағайындайды.
Үкімет мүшелері Премьер-Министр ұсынысымен Президент тарапынан белгіленеді.
Министрлер кабинеті Парламентке есеп береді. Мемлекет тарихындағы 3-інші
Премьер-Министр Ли Сянь Лун осы лауазымды 2004 жылдың тамызынан атқарып
келеді.
Заң шығарушы билік органы бірпалаталы, жалпы тікелей дауыс берумен 5
жылға сайланатын Парламент арқылы жүзеге асады. Парламент вестминстрлік
модельдің ережелері мен заңдарын ұстанады. Парламент 94 депутаттан құралады
– 84-і сайланушы депутат (3 депутат оппозициядан) және 9 депутатты
Парламенттік сайлау комитеті ұсынысымен Президент тағайындайды.
Сот билігін Жоғарғы сот жүзеге асырады. Ол Басты және Аппеляциялық
соттардан (соңғы инстанция соты) тұрады. Жоғарғы соттың 13 соты бар және
Жоғарғы сот Президент тарапынан белгіленеді. Сингапурда англо-саксондық
(британдық) құқықтық жүйе жүзеге асырылуда.
Сингапур елінің тиімді, әрі берік құқықтық жүйесі мемлекет үшін кілттік
факторға айналды, себебі аталмыш мемлекет Гонконгтағы орталық офис —
Political and Economic Risk Consultancy (PERC) мәліметтері бойынша Азиядағы
қылмыс жасау бойынша ең төменгі деңгейдегі елдер қатарына жатады. Біреулер
Сингару елін керемт демалыс орталығы деп санайтын болса, ал кейбір туристер
бұл жердегі өмір сүру мен бизнеспен айналысу қауіпсіз деген пікірде [3].
Сингапурдың құқықтық жүйесі бұрынғы британдық колония негізінде бола
тұра жалпы құқық негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы Сингапурдың Қылмыстық Кодексі Сингапур елінің қылмыстық құқығының
жалпы қағидаларын, сонымен қатар қылмыскердің адам өлтіру, ұрлау және алдау
секілді жасаған қылмыстарының элементтері мен айыппұлдарын сипаттайды.
Сингапурдың Қылмыстық Кодексі барлық жасалынған қылмыстарды анықтамайды,
олардың көбісі басқа жарлықтармен атап айтсақ, Қару ұстау жөніндегі заң,
Заңды ұрлау, Есірткі жөніндеге заңды дұрыс пайдаланбау, Вандализ
жөніндегі заң.
Сингапур мемлекетінің Қылмыстық Кодексі 24 тараудан және 500-ден астам
секциядан тұрады.
Сингапур мемлекетіндегі жаза тағайындаудың ерекшеліктері
Сингапур Республикасы — экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның
Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде
орналасқан қала-мемлекет, арал-ел.
Сингапур атағы малай тілінің синга — арыстан және санскрит тіліндегі
пура — қала деген сөздерінен құралған.
1959 жылы Британиядан өзін-өзі ішкі басқару грантін алғаннан кейін
Халықтық Қимыл Партиясы әр жылғы сайлауды жеңіп келеді. Сингапур заң жүйесі
өз бастауын ағылшын заң жүйесінен алады, бірақ өз ішкі ерекшеліктеріне
сәйкес модификациялануы бар, мысалы қазылар алқасы немесе төрешіні алып
тастауы сияқты. Халықтық Қимыл Партиясы меритократияға деген ұраныменен,
білімділігімен, біліктілігімен әрі мемлекеттік қызметтегі тәжірибелілігі
арқылы өте беделді.
Сингапур елінің заңнамасы немесе нормативтік актілері Сингапур елінің
парламентімен қабылданған заңда жазылған. Жалпы Сингапур елі қылмыс жасау
деңгейі бойынша ең төмен елдердің бірі болып саналады. Алайда, Сингапур
елінің заңнамалық жүйесі әлдеқайда айтарлықтай қатаң болып келеді. Енді
Сингапур еліндегі басты қылмыс түрлеріне, оның жекелей тағайындалатын жаза
түрлеріне, мерзіміне тоқтала өтейік (кесте 1).
Кесте 1. Сингапур еліндегі қылмыс түрлері [4].
Қылмыс түрі Жаза түрі Мерзімікөлемі Қылмыстық Кодекс
тарауы
Қылмыс жасау бас бостандығынан 2 жыл Қылмыстық Кодекстің
жөніндегі өзараайыру VI-тарауы
келісім
Бұзақылық бас бостандығынан 1 жыл1000 АҚШ Қылмыстық Кодекстің
айыруайыппұл доллары VIII-тарауы
Заңға қарсы бас бостандығынан 6 айға Қылмыстық Кодекстің … жалғасы