Қуықтың физиологиясы | туралы қазақша

0
131

Қуықтың ағзадан несептің қалыпты эвакуациясын қамтамасыз ететін бір функциясы несепті шығару акті болып табылады. Ол алдыңғы ішперде қабырғасының, несеп-жыныс көкетінің қуықтын тұйықтау аппаратының бұлшық еттерімен комплексте детрузордың жиырылуымен жүзеге асады. Қуықтың түйықтау аппараты ішкі және сыртқы сфинктерден тұрады. Ішкі сфинктер — детрузордың жылтыр бұлшық ет талшықтарының артқы үрпінің көлденең бұлшық етімен қосылатын жалғасы. Детрузордың бұл бұлшық ет талшықтары қуықтың қылшасының артқы сегменті өңірінде калыңдап арһіпсіег trigonalis-ті құрайды. Ішкі сфинктер жиырылған кезде sphincter trigonalis-тің үрпінің алдыңғы қабырғасына тыксырылуы нәтижесінде қуық түйықталады. Қуықтың тұйықтағыш аппаратында детрузордың үрпінің айналасында түзақ түзетін көлденең сыртқы талшықтарының қабаты мен қуықтың тілшесі — веналық өрмесі бар кілегей қабықтың дөңесі қатысады. Қуық несепке толған кезде uvula vesicae рефлекторлы түрде толып, «ісінеді», сыртқы көлденең бүлшық еттердің сақинасы қуықтың қылшасына ауысып, uvula vesicae-ге жабысады, осыдан үрпінің ішкі тесігі жабылады. Тұйықтағыш аппараттың мәнді бір элементі — артқы үрпінің көлденең бұлшық еті, ол жиырылған кезде үрпінің артқы бөлімін қысқартады, ал бұл кезде оның саңлауы кеңиді.

Қуықтың сыртқы сфинктері үрпіні оның жарғақтық бөлімінен простатикалық бөліміне дейін концентрлі түрде қамтып тұратын көлденең жолақты бұлшық еттерден тұрады. Олар несіп шығаруға қатысатын шат аралық бұлшық еттерімен тығыз өрімдеседі. M. bulbocavernosus жиырылған кезде несеп шығару акті аяқталғаннан кейін несептің соңғы үлесі шығарылады. Әйелдерде тұйықтағыш аппараттың еркектің осындай апларатынан өзгешелігі аз, мұндағы айырмашылық әйелдің үрпісінің сыртқы сфинктері оның проксимальдық бөлімін айнала қамтып, жылтыр бүлшық еттерге өте жақын орналасады. Несепті тежеп үстауда жамбас қуысының үрпіні ұстап тұратын байлам-шандыр қабат қүрылымдары біршама рөл атқарады. Жамбас қуысының байлам аппараты мен m. pubovesicalis (қасаға симфизінің теменгі бөлігі мен қуық мойнынын арасында болады) үрпіні қасаға симфизіне жақын ұстап тұрады, осыдан несеп толған кезде үрпінің қуыққа қүйылысы сүйір бүрышталады, мүның нәтижесінде несеп тежеп үсталады. Несеп шығару актісі кезінде несеп-жыныс көкетінің босаңсуы есебінен куықтың түбі төмен түседі ішкі ішперделік қысым артып, қуық-үрпілік бүрыш езгеріп сүйір қалпынан доғалданады. Несеп шығарылғаннан кейін қуықтын түбі күрт көтеріледі, қуық-үрпілік бұрыш қайтадан сүйір қалпына келеді.

Қуықтың өз функциясын атқаруында нерв жүйесі ерекше, тіпті басты pen атқарады; иннервация 3 негізден — симпатикалық (п. hupogastrici), парасимпатикалық (n. pelvici) және жұлын (n. pudendi) негіздерінен жүзеге асырылады. N. hupogastrici тітіркенген кезде ішкі сфинктер жиырылып, детрузор босаңсиды, n. pelvici тітіркенген кезде детрузор жиырылып, ішкі сфинктер босайды. Қуықтың сыртқы сфинктері n. pudendi есебінен иннервацияланады. Қуықтың несепке толуына орай қуық ішіндегі қысым көбейеді, осыдан оның қабырғалары керіледі. Бұл орайда механорецепторлар мен барорецепторлар тітіркеніп, детрузорды босаңсытып қуықтың сыртқы сфинктерін жиырады. Қуықтың қалыпты сыйымдылығына жеткен кезде (яғни 250-300 мл) механикалық және барорецепторлардан афференттік импульстердің күшейген ағыны несеп шығарудың арқалық орталықтарына (L2-L3 және S2-S4) келеді, кері оралатын эфферентті импульстер куық мойнының ашылып қысқаруы арқылы детрузордың жиырылуына бастайды. Осымен бір мезгілде n. pudendi аркылы арқалық орталықтардан импульстер түседі де, сырткы қуықты босаңсытады. Қуықтың босаған кезінде куық ішіндегі қысым мен механикалық және барорецепторлардың тітіркенуі төмендейді, бірақ үрпінің артқы бөліміне түсетін несеп автоматты түрде қоздырып, куықтың рефлекторлық босауын күшейтеді; детрузордың өзінің жиырылуы да несеп шығару рефлексі мен сфинктерлердің босаңсуын тиянақтайды.

Қуықтың енді бір функциясы несептің жоғарғы несеп жолдарынан калыпты пассажын реттеп, қамтамасыз ету болып табылады, мұның өзі әжептәуір күрделі өзара төуелді рефлекторлық процесс. Мәселен, қуықтың функцияларының бұзылуы біршама жылдам жоғарғы несеп жолдары уродинамикасынын бұзылуына (уретерогидронефроз) апарып соғады. Несептін жоғарғы несеп жолдарынан калыпты тасылуын қамтамасыз ететін несепағарлардың бұлшық еттері жиырылуының күші ғана емес, сонымен қатар куық бұлшық еттерінің тонусы да. Несепағардың жиырылуы кезінде қуық диляцияланады, қуық қабырғаларының керілуі есебінен қуық ішіндегі қысым азаяды, төменгі цистоидтердің бұлшық еттерінің жиырылуымен қатар тостағаншалар төрізді несепағардан несептің «сорылуы» болады. Төменгі цистоидтер босаған кезде несепағардың бұл бөліміндегі қысым төмендейді, оның қабырғалары кабысады, мұның өзі басқа моменттермен бір кешенде қуық-несеп рефлюксіне бөгет болады.

Сөйтіп, жоғарғы несеп жолдарының, функциясы қуықтың жағдайымен барынша тығыз байланысты. Бұл өзара байланыстың негізі рефлекторлық процесс — бастапқыда қуық ішіндегі қысымның төмендеуі, детрузордың керілуі қуықтын көлемін үлғайтады; одан әрі несепағардан несептің келуіне орай детрузор тонусының күшеюі себепті қуық қысымы көтеріледі; бүған ілесе қуық ішіндегі кысым қайта төмендейді де, куықтың шекті сыйымдылығы толған кезде оның босатылуы жүзеге асады. Куықтың катты керілуі мен қуық ішіндегі қысымның көтерілуі бүйрек пен жоғарғы несеп жолдарының функциясын тежейді.

#Қуықтың #физиологиясы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз