Құтты болсын жаңа жыл! — Мерекелік іс шаралар — Bilim

0

Құтты болсын жаңа жыл!

Қарқаралы қаласы «Еркетай»бөбекжай–бақшасы

Сембаева Айнаш Айтмаганбетовна

Мақсаты: Балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру. Балалардың көңіл-күйін көтеру, балаларды достыққа үйрету. Аяз-атамен Ақшақармен көңіл көтеріп, жаңа жыл мерекесін қарсы алу. Балалардың тақпақтарын, өлеңдерін анық айтуға жақсы айтуға үйрету.

Зал жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген. Әдемі киінген балалар, музыка әуенімен залға кіреді. Балалар орындарына отырады.

І-Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, балалар, ата-аналар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Осы келген жаңа жылымыз отбасыларыңызға жаңа бақыт, қуаныш әкелсін. Өмірлеріңізге шаттық, дендерінізге саулық тілейміз!

ІІ- Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,

Бәрімізге мына жыл арайлы дей отырып,

Құттықтау сөзді балабақшамыздың директоры Майгуль Съезбековнаға береміз.

І-Жүргізуші: Балалар шыршаның түбінде бір дыбыс естіледі, аю қорылдап ұйықтап жатады. Аю оянып, балалар мені оятқандарың жақсы болды, әйтпесе көктемге дейін ұйықтар едім. Аю балаларды құттықтайды.

Аю:

Ал,балалар тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Думандатып би билеп.

Інжу-маржан шашайық.

Би: Аңдар биі 

«Аю балалармен қоштасып кетеді»

ІІ- Жүргізуші: Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әсем,әдемі! Бүгін қандай мереке? Балалар біз жаңа жыл мерекесінде кімдерді тосамыз? Кәне балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайықшы.

Аяз- ата, Ақшақар ау, ау,  Аяз- ата, Ақшақар ау, ау….

І-Жүргізуші: Балалар естіп тұрсыңдар ма, сырттан біреудің дауысы шығып тұрған сияқты.

Осы кезде Ақшақаржүгіріп кіреді.

Ашақар: Мені Мыстан кемпір қуып келе жатыр, маған көмек беріңдерші, мен тығылып қалайын. (Ақшақар шыршаның жанына тығылып қалады)

Мыстан кемпір: Балалар сендерАқшақарды көрдіңдер ме? Бұл жерде не болып жатыр? Барлығың әдемі киініп алыпсыңдар ғой ох,ох…

ІІ- Жүргізуші: Мыстан кемпір төрлетіңіз, балалармен бірге мерекені тамашалаңыз.

Мыстан кемпір: Жоқ, жоқ маған Ақшақарды тауып беріңдер. Оның әдемі сұлулығын алғым келеді.  (Мыстан кемпір кетеді)

Ақшақар: Амансыңдар ма,балалар, ата-аналар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша? Балалар шыршаның шамы әлі жанбаған ба? Кәне бәріміз шырша шамын жағайық.

Барлығы:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат. (2 рет)

Балалар сендер Аяз ата жіберген ішінде сыйлықтары бар сандықты көрген жоқсыңдар ма?

Балалар сандықты көрсетеді.

Ақшақар: Балалар сандықтың ауызы жабық екен, үсінде хат тұр ғой, Ақшақар хатты оқиды.

Сандық ашылу үшін ән, тақпақ,би билеу керек деп жазылған екен.

Ақшақар: Балалар менің атам қайда? Бәріміз шақырайықшы.

Аяз- ата ау, ау,  Аяз- ата ау, ау…

Аяз-ата: Амандасып, балаларды құттықтайды.

І-Жүргізуші:

Ал балалар тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Аяз- атамызға өлең айтайық.

Ән: Жаңа жыл.

Аяз ата: Балалар мен сендерге сандыққа сыйлық салып жібергенмін, ол сандық сендерде ме?

Балалар:  ия, Аяз-ата сандық бізде.

Аяз-ата: Сандықтың кілті өзімде, «кілтті көрсетеді» сандық ашылу үшін ән, тақпақ айтып, би билеу керек балалар, сонда ғана мен сендерге сыйлықтарыңды беремін. Мен шаршадым отырып дем алайын.

ІІ- Жүргізуші: Аяз-ата отырып демалыңыз, біздің балалардың сізге дайындаған тақпақтары бар

Ортаға шақырамыз:

Бейбарыс:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аз-ата оралып.

Айбол:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, Ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл!

Аруна:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

П.Амина:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Нұрислам:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Зарина:

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Мерейлім:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз-ата оны басқарды.

Аяз –ата:  Балалар менің сендермен ойын ойнап, көңіл көтергім келіп тұр.

Ойын: «Жаңа жыл паравозы»

І-Жүргізуші: Аяз-ата, Ақшақар біздің қыздарымыздың сіздерге дайындаған әндері бар соны тамашалаңыздар.

Ортаға  Гүлімді, П.Аминаны, Арунаны шақырамыз.

Ән: « Шыршалар»

Ақшақар: Менің кішкентай ұлпақарларым қайда? Ұлпақарларды биге шақырады.

Би: «Ұлпақарлар»

ІІ-Жүргізуші: Балалар бізге орманнан біреу келе жатқан сияқты.

Ғажайып сәт: Түлкі кіреді.

Балаларды құттықтап, шеңберге тұрып билейді.

Би: «Новогодний хоровод»

Балалар орындарына отырады.

Түлкі балаларды мақтап, қоштасып шығып кетеді.

І-Жүргізуші:

Жасыл шырша жанында.

Көңілдіміз бәріміз,

Ән айтуға дайынбыз деп ортаға Бейбарысты шақырамыз.

Ән: «Жаңа жылым» әнін тамашалаңыздар.

ІІ- Жүргізуші: Аяз-ата сіз білесіз бе, біздің балалар мерекеге ерекше дайындалып келді.Олар әдемі тақпақтар мен әндердайындады.

Келіңдер,келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз –атадан

Сыйлық алып көріңдер.

Ортаға шақырамыз:

Гүлім:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Шахназ:

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз-атаны.

Сезім:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай, алақай,

Өседі бойымыз.

Ербулан:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Папамызды, мамамызды,

Қонақтарды бәрін де.

Айдай:

Біздің балабақшада,

Шырша тойы басталды.

Аяз-ата, Ақшақар,

Біздермен мәз болады.

Ләйлә:

Тамаша ғой қыс деген,

Қуанады бар бала.

Шырша тойын тойлайды,

Аяз-атамен қосыла.

І-Жүргізуші:

Аяз-ата, Ақшақар шыршаны айнала ән айтып көңілімізді көтерейік.

Ән: «Жаңа жылым менің»

Аяз-ата кілтпен сандықты ашады, сыйлықтарды көрсетеді.

Поезд әуені шығады.

Аяз-атаның сөзі: Бізге поезд келіп тұр, біздің басқа балабақшаға баруымыз керек деп, қоштасады.

І-Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесінде баршаңызға жақсылық тілейміз.

ІІ- Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын,жаңа бақыт, қуаныш әкелсін.




Дереккөз: Bilim All