Құстарға қамқорлық балабақшадағы ашық сабақтар
«Балдырған» санаториялық үлгідегі мектепалды балабақшасы
Тәрбиеші: Жәлелова М.О.
Табиғаттағы еңбек
Тақырыбы: Құстарға қамқорлық
2 – сәбилер тобы
Мақсаты: Балалардың құстарға, табиғатқа қамқорлық сезімдерін ояту. Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Еңбекке баулу.
Керекті құрал: Дайын тұрған құстың ұясы. Құс ұясын жасауға құрал жабдықтар.
Әдіс – тәсіл: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, көркем сөз оқу, ойын, еңбек.
Билингвизм: Құс – птица, құс ұясы – кормушка.
Барысы: Тәрбиеші балалармен бірге балабақша ауласына серуенге шығады. Табиғаттағы өзгерістерге қарап, күз мезгілінің соңғы күндеріне сипаттама береді.
— Күн салқындады, ағаш жапырақтары жерге түсіп болды, ағаштардың барлығы жалаңаш тұр. Балабақшада құстардың дауысы естілмейді. Неге естілмейді? Құстардың барлығы қайда кетті?
— Жылы жаққа ұшып кетті.
— Құстар жылы жаққа ұшып кетті, бірақ та қыстап қалатын құстар бар емес пе?
Жұмбақ жасыру: Секектеп бір тұрмайды
Әжемнің құртын ұрлайды. (Сауысқан)
Қара құсты қарқылдақ,
Ұшып – қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там тұмдап. (Қарға)
Ұзақ тектес құс,
Шеркей жеп.
Ауыл маңынан,
Ұзап кетпес құс. (Торғай)
— Міне балалар осы мына айтылған жұмбақтағы құстардың барлығы бізбен бірге қалып қыстайтын құстар.
Қыстайтын құстарды балаларға қайталатады.
Жұмбақ жасыру: Талдың басында,
Жемі бар қасында.
Үй тұр саялы,
Достарға аялы. (Құс ұясы)
— Мына менің қолымда балалар құстың дайын ұясы тұр. Бұл ұяға не саламыз? Неге жем саламыз?
— Құстар күн салқында тоңып, қарны ашып қалмау үшін біз ұяға жем салып тұрамыз.
Тәрбиеші балалармен құс ұясын қарап алады. Ол неден жасалған, (ағаштан), төбесі неге жабылған? (Қар түспеу үшін)
Балалар тәрбиешімен бірге ұясы жасайды.
— Жем салатынды неден жасаймыз? Мен қолыма не ұстап тұрмын?
— Төрт бұрышты ағаш, оған қалған бөлшектерді шегені балғамен ұрып біріктіреміз.
Жасалған құс ұясын балалармен бірге ағащ басына іледі.
Қорытынды:
— Қандай құстар қыстап қалады?
— Біз оларға не жасадық?
— Ұяны неден жасадық?
— Оны қайда ілдік?
— Ішіне не саламыз?
— Оны нелер келіп жейді?
Ойын өлең: Торғай.
Торғай торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтекесі томпайыш,
Шиқ – шиқ етіп отырады.
Өлең сөзіне байланысты балалар қимыл жасайды.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!