Құстардың-қысқы тіршілігі балабақшадағы ашық сабақтар

0

Главная » 2016 » Апрель » 16 » Құстардың-қысқы тіршілігі


23:37

Құстардың-қысқы тіршілігі

Күні:
Пәні:Айналаны  қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Құстардың-қысқы тіршілігі
Мақсаты:      1. Құстардың-қысқы тіршілігі жайлы  түсінік беру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғаттың бір бөлігі құстарды  аялауға   тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Қазыр жылдың қай мезгілі?
-Қандай құстарды көріп жүрсің?
-Яғни бүгін қыста жүретін құстар жайлы өтеміз.
V Жаңа сабақ
 Балалармен бірге құстардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттерге қарап,олардың аттарын атайды.Білмесе өзім айтып беремін.Құстардың қысқы тіршілігі жайында әңгімелесеміз.Қыс мезгілінде құстардың тіршілігі қиындай түседі.Сондықтан адамдар оларға көмектесу керек.
-Құстарға қалай көмек беруге болады?
-Ағаш үстіне құстарға ұя жасау.Жем,нан қоқымдарын,кептірілген жемістерді үйшіктеріне тастау.
Сергіту сәті: 
Ұшты-ұшты
Ағаш ұшты
Ұшты-ұшты
Торғай ұшты
Ұшты-ұшты… .

Т.Нұрмұханбетов «Тоңбайды»
                        Қатаң қыс келді де,
                        Түз-дала томпиды.
                        Тоңбайын деді де
                        Көл мұздан тон киді.
           Үйрек пен қаздарға
            Болмайды тон қайғы.
            Бүлк етпей аязға
            Мамықтан тоңбайды.
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Суреттен қыстап қалатын құстарды көрсет.
-Құстарға қалай көмек беруге болады?
-«Тоңбайды»-өлеңінде не туралы айтылған?
VII Бекіту-Сонымен қандай тақырыпта әңгімелестік?
                 -Торғайдың суретін сал.
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Категория: балабақшадағы ашық сабақтар |
Просмотров: 1391 |
Добавил: Admin
| Теги: балабақшадағы ашық сабақтар, Құстардың-қысқы тіршілігі
| Рейтинг: 0.0/0

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!