Құқықтық қатынастың құрылымы | Скачать Курстық жұмыс

0


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқықтық қатынастар ұғымы, олардың белгілері. Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары Құқықтық қатынастың категориясы құқықтың жалпы теориясының негізгі, орталық, категориялардың бірі болып және адамның жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынастар — адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болды. Бұл объективтік процесс.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізгілікті табу, оның бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысы сипаттайтын заңдылықтарды ашу ғылымының зор еңбегін көрсету. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты,табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды.Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиісті деп түсіндіріледі. Қоғамдық қатынастардағы кез-келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: әлеуметтік субьектілер арасында екі жақты нақты байланысты зерттей отырып, қоғамдық тұлға ретінде құқықтық қатынастарды меңгеру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Құқықтық қатынастарды теоиялық мазмұнын анықтау;
-Құқықтық қатынастың түрлерінің ерекшеліктерін көрсету;
-Құқықтық қатынастардың ең басты қызметтерінің негізін анықтау;
-Құқықтық қатынастың құрылымы бойынша жеке дара тоқталу;
Курстық жұмыстың құрылымы кірісспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқықтық қатынастардың белгілері

Құқықтық қатынастар ұғымы, заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастардың белгілері:
Бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
Ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілері мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары — саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы — өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізгілікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу — ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді. Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам, марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез-келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат мемлекеттік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Құқықтық қатынастар — адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықтаған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы. [1; 55-56бб.]
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде неге? деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1)құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көп қырлы функияларды біріктіре білген жиынтықты зерттей қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз. 2)Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді. 3)Құқық — қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Ал құқықтық қатынас бұл — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықтық ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесі де құқық деп құқық нормаларының жүйеленген жиынтығы деседі. Ендігі ретте құқықты оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады. Міне, осындай құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
1.Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.
2.Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3.Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4.Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді. [2; 98-99бб.]

1.2 Құқықтық қатынастың құрылымы

Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас — бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастың субъектісі — жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (КРАК, 126.). Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет — құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шет елдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым-қатынас жасауға т.б. құқықтары бар (кодекстің 14-бабы).
Әрекеттілік (дееспособность) — адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады[1].
Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) адамның тәртіп бұзғаны үшін заңдылық жауапқа тартылу жағдайына байланысты бөлігі: құқықтық жауаптылық мүмкіндігі (деликтоспособность) деп аталады. Бұл мүмкіндік Республиканың қылмысты істер заңы бойынша он алты жасқа толғаннан басталады. Ал, ауыр қылмыстар (кісі өлтіру, зорлау…) жасаған жағдайда он терт жастан басталады.
Құқықтық субъектіліктің (әрекеттіліктің) шарттар жасап басқа да келісімдер жүргізуге негіз болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады. Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды.

1.3 Құқықтық қатынастың пайда болуы

Алғышартар — бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:
1.Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіліктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада — бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б. жағдайлардың жүйесі.
2.Заңды алғышарттар: бұларға құқық нормасы, құқық субъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы. Құқық нормасы — бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас — құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас.
Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:
а)құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;
ә)құқық нормасы — бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;
б)құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;
в)құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;
г)құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды;
д)құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);
е)құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, құқықтық қатынас — бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.
4.Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қатынас элементтер бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъективтік құқық және заңды міндет.
5.Құқықтық қатынастардың субъектілері — бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтары мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі, бұл өзінің құқық әрекет қабілеттілігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады:
1.Жеке субъектілер; бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, қос азаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік тұлғалар Қазақстан аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады. Алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына cайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.
2.Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады; мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.) [3; 31-32бб.]

2 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ
2.1 Құқықтық қатынас субьектісінің мәні және түрлері

Құқықтық қатынастардың субьектілері болу үшін тұлғалар құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікті иеленуі тиіс.
Құқық қабілеттілік- бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті.Әрекет қабілеттілік-бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекет қабілеттіліктің келесі түрлері болады: толық-18 жастан басталады: жартылай-14 пен 18жас аралығында болады.
Әрекет қабілеттілік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған.
Азаматтық құқықтағы құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады:
а) мүлікті қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;
ә) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.
Құқық субьектілік-бұл тұлғаны құқық субьектісі ретінде сипаттайтын құқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік.
Құқықтық қатынастардың обьектілері — бұл құқықтық қатынастар субьектілерінің бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. [4; 67-68бб.]
Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:
-олардың біріншісіне сәйкес, құқықтық қатынастың обьектісі болып тек субьектілердің әрекеттері табылады;
-екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, обьектілердің түрлері өте көп, олар:
1)материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);
2)материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, абырой және т.б.)
3)рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.)
4)құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижесі(мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);
5)бағалы қағаздар мен құжаттар(ақша, акциялар, диплом және т.б.).
Субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер. Егер қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субьективтік құқықтар мен міндеттер субьективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушылардың арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.
Субъективтік құқық — бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.
Заңды міндет — бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет — бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.
[5; https:kk.wikipedia.orgwikiҚұқық тық қатынастың құрылымы.]
Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:
-егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;
-егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.
Заңды фактілер — бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары болып табылады.
Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:
1.Туындайтын салдардың сипаты бойынша:
-құқық тудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);
-құқық өзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);
-құқық тоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау). [6; 45-46бб.]
2.Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:
-оқиғалар — бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б
-әрекеттер — бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай және құқыққа қайшы болып бөлінеді.
Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы — заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болуы, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).
Құқық нормасы — бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас — құқық нормасының негізінде пайда болатын қоағмдық қатынас. [7; 39-40бб.]
Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:
а)құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;
ә)құқық нормасы — бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;
б)құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;
в)құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;
г)құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін анықтайды;
д)құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);
е)құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, құқықтық қатынас — бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны. [8; 43-44бб.]
4.Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қатынас элементтер бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъективтік құқық және заңды міндет.
5.Құқықтық қатынастардың субъектілері — бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтары мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі, бұл өзінің құқық әрекет қабілеттілігін пайдаланушы құқық субъектісі. [9; 66-67бб.]
Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады:
1.Жеке субъектілер; бұларға азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, қос азаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік тұлғалар Қазақстан аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады. Алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына cайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.
2.Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады; мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.) [10; 58-59бб.]
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады: азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.
1.Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.
2.Азаматтығы жоқ адамдар — азаматтық алмаған азаматтар
3.Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ. Яғни, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.
Аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез-келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез-келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу; өнер табыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. [11; 32-33бб.]
Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттерді туғызу, оларды орындау (азаматтык, қабілеттілік) оның кәмелеттік жасқа келуімен, яғни жасының он сегізге толуымен толық көлемінде туады.
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе , барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. [12; http:malimetter.kzҚұқықтық қатынастың құрылымы.]
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік не өзгеде қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзгеде органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.
Заңдар немесе құрылтай құжаттар арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады. … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!