Құқық бұзушылық слайд,презентация

0

Құқық бұзушылық слайд,презентация

 

Құқық бұзушылық

 

1.Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.
2.Құқықбұзушылықтың заңды құрамы.
3.Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары.
4.Заңды жауапкершіліктің түрлері.

Негізгі әдебиеттер:
«Теория государства и права» Курс лекций, Под. Ред.  М.Н.Марченко Москва, 1996 жыл
«Теория государства и права» Курс лекций  Под. Ред. Н.И. Матузова  Москва, 1997 жыл
«Теория государства и права» под. Ред. Манова. Москва, 1995 жыл
Қосымша әдебиеттер:
Хропанюк В.Н. «Теория государства и права» Москва,  1995 жыл
Керимов Д.А. «Методика права»  Москва,1989 жыл
Козлов В.А. «Проблемы предмета и методологии общей теории права»      Ленинград, 1989 жыл
ұқықбұзушылықтардың түсінігі,белгілері және түрлері. 
Құқықбұзушылық – бұл қоғамның мемлекеттің тұлғаның мүдделеріне нұсқан келтіруші, тұлғаның көңілі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекет.
Құқықбұзушылықтың белгілері:
әрекет немесе әрекетсіздік;
кінә;
құқыққа қайшылық;
зиянды нәтеже;
әрекет пен зиянды нәтеженің арасындағы себепті байланыс;
заңды жауапкершілік.
Әлеуметтік қауіптігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұсқан келтіретін, нұсқан келтірушіліктен қылмысты заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді
Теріс қылықтар — әлеуметтік қауіптіліктің қылмысқа қарағанда аз дәрежесімен ерекшелінеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұсқан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.
Теріс қылықтардың түрлері:
1.Азаматтық – бұл мүліктік және мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауы, азаматтың абыройы мен қадірқасиетіне нұсқан келтірген мәліметтерді таратуды және т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрінде орындау сияқты санкциялар және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!