Құлақ пен тымақ, Асқар Тоқмағанбетов

0

Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, талдау, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді, ынталы оқуға үйрету. Оқушыларды ізденімпаздыққа, сыпайы, әдепті — арлы болуға, кішіпейіл болуға, адал достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу; Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, талдау, іздену, қызығушылығын ояту, проблемалық, салыстыру, сұрақ — жауап, ой қозғау, топпен жұмыс, өзіндік ж
Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Алдаркөсенің өлеңі
Мен Алдармын, Алдармын
Тура жолды таңдармын
Керегі жоқ паңдардың
Жылуы жоқ жандардың
Адалдарды аңдармын
Арамдарды алдармын
Алдаркөсе кім, ол жайында не білдіңдер?
«Алдаркөсе мен салт атты» Мазмұндау
Зерттеу орталығы Алдакөсе кім? Өмірде болған ба? «Алдаркөсе» деген не мағынаны береді? Алдаркөсенің атында не бар?
Өнер орталығы. Ертегіні сахналау
Жазу орталығы. Кесте толтыру

Алдаркөсе
Ақылды, айлакер, зерделі қу, қарапайым халыққа жаны ашыды, мұратына жетіп отырды, тапқыр, сөзге шешен.
Бай
Сараң, өзімшіл, арам, әділетсіз, халыққа озбырлық көрсетті

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін! Әйтеке би
Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар: бірі — өз айтқан сөзіңді өзің орындау, екіншісі — әділдікті нұқсан келтірмеу, Үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстау, ұмытпау
Осы қасиеттердің барлығы кімнің бойында болды?
Жыл мезгілдерінің суреті
Көктем – көңілді Жаз – жайдары Күз — көңілсіз Қыс — қатал
Адамның көңіл — күйінің жыл мезгілдерімен байланысы. Көңілді, көңілсіз.

III. Жаңа сабаққа кіріспе
— Қыс мезгілі Қыста адамдар қалай киінеді? Байдың киіміне назар аудару
Оқулыққа назар аудару Жаңылтпашты айту
Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
— Құлағың үсімес үшін не істеу керек?
«Сиқырлы сандар» топпен жұмыс. Жаңа сабақтың тақырыбын шығару

Жаңа сабақ. Құлақ пен тымақ. А. Тоқмағанбетов.
Күн ретін, тақырыпты жазу.
«Болжау» стратегиясы
«Құлақ пен тымақ» ойларыңа не келді, не туралы болуы мүмкін?
Бұл – мысал өлең.
Мысал өлең деген не??
Жан — жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып, ой — пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.
1. Кім жазды?
2. Не туралы?
3. Қай жанрда жазылған?
4. Тымақ қандай болады?
1. Автор жайлы мағлұмат
Асқар Тоқмағамбетов (19. 9. 1905, Қызылорда обл., Терең өзек ауданы, бұрынғы 18 — партия съезді атындағы кеңшар — 21. 8. 1983, Қызылорда қ.) — ақын, жазушы.
1932 жылы Москва полиграфия институтын бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») (1927 – 30), «Ленин жолы» (Қызылорда, 1933 — 34), «Қазақ әдебиеті» (1934 – 35), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») (1937 – 1944) газеттерінде, «Ара» журналында қызмет істеді.
Тоқтағамбетов казак әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.
Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы «Жыр күмбезі» (1975) атты тарихи романның авторы. Ақынның алғашқы сатира — лық өлеңдер жинағы «Күлкі — сықақ» 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң» атты драмалық шығармалар, «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарий де жазды. С. Айнидің «Құлдар» романын қазақшаға аударды (1953). 1 — дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
2. Тымақ – мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт, т. б. матамен тысталады.
Құлақ пен тымақ жүктеу