Қозы Көрпеш – Баян сұлу жыры — Ашық сабақтар

0

  1. Жыр мазмұны бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.
  2. Жырдағы әдет-ғұрыптарға байланысты өз пікірлеріңді постер арқылы қорғау.
  3. «Ақылдың алты қалпағы» Эдвард  де  Боно

тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

А)Ақ қалпақ: Жырдың белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың  назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.

Ә)Сары қалпақ: Бұл қалпақпен сіз жырдың жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Б)Қара қалпақ: Бұл- «әзәзілдің қорғаушысы» жырдың жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз,оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз.

 

 

В)Қызыл қалпақ: Сезімге ерік бересіз, жыр туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер.

Г) Жасыл қалпақ: Жыр кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады.

Ғ) Көк қалпақ: Ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді. Алты топтың айтқандарының сәтті, сәтсіз шыққандығына тоқталады.

 

 

 

      4. Жырдағы қолданысына қарай берілген тілдік бірліктердің мағынасын ашып жазыңдар.

Мысалы: Қыдыр қону- сол жерге береке, бірлік орнау.

5.Венн диаграммасы

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!