қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы

0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
7.1.6.1 — өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау (тропизмдер, таксистер);

Басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
Топтарға бөлу.
Заттар бойынша бөліну.
Әр оқушы өзінің бір ұсақ затын мұғалімге немесе жүргізушіге тапсырады, мәселен, қаламсабын, дәптерін, кілтін, көзілдірігін т. б Бұл заттар портфелге салынып, әр партаға бала санына қарай ретсіз түрде қойылады. Оқушылар өздерінің заты қойылған парталарға отыруы керек.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады.

Білу және түсіну
«Уақыт шеңбері» әдісі арқылы
Оқушылар берілген мәтінді оқиды. Ортаға шығып шеңбер жасап тұрады. Оқыған мәтіні туралы бір, екі сөйлемнен айтады.
Өсімдіктердің қозғалу ерекшеліктері. Өсімдік жасушаларының қатты жасуша қабықшасына байланысты өз пішінін өзгерте алмайтын, жиырыла алмайтынын білесіңдер. Сондықтан жануарлардан айырмашылығы өсімдік ағзасында бұлшық ет элементтері жоқ, белсенді қозғала алмайды. Бұл «өсімдік кеңістікте мүлдем қозғалмайды» дегенді білдірмейді. Өсімдік не енжар қозғалады (тозаңы мен тұқымы жел арқылы тасымалданады), не өсу түрінде қозғалады. Яғни қажет бағытта өседі. Өсімдік не үшін қозғалады? Бірінші кезекте өсімдік өзіне қолайлы қоршаған орта жағдайларына бағытталуы үшін қозғалуға ұмтылады. Өсімдіктің барлық жапырақтары жақсы фотосинтездеу үшін жарықтың барынша көп мөлшерін алуға ұмтылады. Тамыр өз кезегінде оңтайлы тереңдікке дейін топырақта өседі. Сөйтіп, суды және пайдалы заттар ерітіндісін сіңіру үдерісін жеңілдетеді. Өсімдіктің қозғалуын толығырақ қарастырайық.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу

Дереккөз: http://bilimsite.kz/