Қосу және көбейту кестелерін есептеулерде қолдану

0
Математика Сабақтың тақырыбы Қосу және көбейту кестелерін есептеулерде қолдану Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,оқулық Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. Жалпы мақсаттарОқыту  нәтижесі Міндеттері: 1.Оқушылардың қосу мен көбейту кестелерін қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру.2. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.3. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.Оқытуда қолданылған әдіс-тәсілдер Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау парақшасымен таныстыру Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.Мен бақытты баламын,Жан дүниемде күн нұрлыЖылуым мол бойымда.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау Көбейту кестесін еске түсіру Оқушылар ауызша орындайды Жаңа сабақ Оқулықта берілген тапсырмаларды топқа бөліп орындауШығармашылық тапсырма№1 карточка(40,50,60,70,80,90 сандары 3-ке,4-ке,5-ке,6-ға көбейтілген)№2 карточка240+(118-80)*3 650-420:(30*2)1000-147*2+365 598-(600-89-123) 659-429:3+358 665+225:5-24*4906:3+235 256*4-236  Сергіту сәті Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыныБасына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады. Бірінші байлық — денсаулық.Екінші байлық — еркіндікҮшінші байлық — тіл байлықТөртінші байлық — қайрат-күшБесінші байлық — ақ жаулықАлтыншы байлық — балаңызЖетінші байлық — жүз саулық Ой толғаныс Деңгейлік тапсырмалар:( 1-топ)Дарынды оқушыларға карточкалар беріледі.Есепті шығар.а)Автопаркте 8 үлкен автобус,ал одан 10 есе артық шағын автобус бар.Автопарктегі шағын автобустардың үлкен автобустардан қаншасы артық?ә) Есептің шартына басқа сұрақ қой және есепті шығар.(2-топ.жақсы оқитын оқушылар)б) үш жәшікте 300 алма бар.Осындай 5 жәшікте неше алма бар. Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды? Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады  Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады Кері байланыс