Қошқар мүйіз оюы балабақшадағы ашық сабақтар
Ұйымдастырушылық -ізденістік
Есік жақтан маңыраған қойдың дауысы естіледі. Есікті соғып, жетектеген қошқары бар Атай ішке кіреді.
Амансыңдар ма балаларым?
Бұл қандай жер өзі?
Сендер жиналып қандай іс жасап жатырсыңдар, әлде бос отырсыңдар ма?
Атай: Балалар сендер маған көмектесе аласыңдар ма?Ою — өрнектер туралы білетіндерің бар ма? Қайдан үйрендіңдер? Ал , мен болсам мына қошқарымның мүйізінен, киіз үйдің киізінен үйрендім. Ата – бабаларымыз аспанға, жерге, малға қарап оюлардың атын ойлап тапқан. Міне,менің де кеудешемде «қошқар мүйіз» оюы бар еді, бүгін ғайып болды. Оны қайтарудың бір ғана жолы бар.Маған көмектесе аласыңдар ма? Онда қошқарымның мүйізіне қарап оюды әр – түрлі жолмен суретін салсаңдар ғана кеудешемнің өрнектері қайтып орнына келеді. Осы қолдарыңнан келе ме?
(Атай отырады)
Тәрбиеші балалардан әр – түрлі жұмыстарға дайындықтарын сұрайды.Балаларды алты топқа бөліп тапсырмалар береді.
- Губкамен бастыру,
- далаппен салу,
- майшаммен салу,
- қиып жапсыру,
- картоп бастырмасы,
- тіс щеткасымен шашырату.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын көріп,аралап көмек беріп, қауіпсіздік ережелерін естеріне салады.
(үнтаспада жай күй ойналып тұрады.)
Сергіту сәті:
Саусақпен сыздым ауада,
Қошқарымның мүйізін.
Топ-топ бастым аяқпен.
Өрнектерін киіздің.
Дидактикалық ойын: «Өрнекті тап».Онда жануарлар суреттері мен оюлар түрі бейнеленген.Көп ою ішінен жануарларға байланысты оюларды тауып сызық арқылы көрсету тапсырылады.
Атай бір сәтте қалғып кетеді.Сол сәтті пайдаланып тәрбиеші атайдың мойнына оюлар тізбегін іле қояды.Атай оянып кетеді.
Балалар мен бір түс көрдім,түсімде бір іс көрдім,кеудешеме оюлар қайта оралған екен, -деп кеудесін ұстап қалғанда оюды көріп мәз болып қалады.
Атай:Балалар сендерге көп рахмет, алғыс айтам,ризамын,қошқарымды сендерге сыйға тартамын.Мүйізіне қарап оюды ұмытпай жүріңдер- деп шығып кетеді.
Сәлематсыз ба?
«Қарлығаш» балабақшасы.Ересектер тобы.
Сурет салғалы отырғандарын айтады.
Көмектесеміз.Үйреніп жатырмыз.Балабақшадан үйрендік.
Қолымыздан келеді.
Дайын екендерін айтады.
1топ-ақ параққа оюлы трафаретті қойып, сол қолдарымен баса отырып, губканы қызыл бояуға батырып трафарет үстінен басады.
2топ-ақ парақ бетіне жай қарындашпен сызып алып, далаппен бояп шығады.
3топ-Ақ парақ бетіне майшаммен сызу арқылы ою суретін салып, қылқаламды қызыл бояуға малып ақ парақ бетін бояйды.
4топ-матаны екі бүктеп сызық бойымен қиып алып,сары матаға жапсырады.
5топ-картопқа ойылған ою бетіне бояу жағып,ақ парақ бетіне бастырады.
6топ-ақ парақ бетіне ою қиындысын қойып, тіс щеткасын бояуға батырып алып саусақпен шашыратады, қиындыны еппен алып тастайды.
Дайын жұмыстарды көрмеге апарып қояды.Әр топтан бір бала қалай салғаны туралы қысқаша айтады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Тапсырманы орындайды.
Оюға байланысты тақпақ айтып береді:
Тұмарша,қошқар мүйізі,
Түйетабан,қой ізі.
Өрнектеп киіз,алаша,
Сызайық ою тамаша.
Омыртқа,гүл,жапырақ,Толқын,қайнар,тарақ.
Өрнегін салсақ киімге,
Тұрады кәдеге жарап.
Құсқанат,қайнар,
бестаңба,
Ирек су,толқын тез таңда.
Жіліншік,ботакөз,
балта,
Өрнектеп шық ал да.