«Қош келдің, Жаңа жыл» 2019

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Қош келдің, Жаңа жыл» 2019

Автор: Есеналина Назира Акылбекқызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-16


Материал туралы қысқаша түсінік

Құрметтібалалар, ата — аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңажылмерекесінеарналған
«Қошкелдің, Жаңажыл» аттыкешіміздібастауғарұқсатетіңіздер.
Жүргізуші: ҚұрметтіжамағатжүреккежылылықұялатаралғашқыЖаңажылдыққұттықтаусөздіақылойыжетілгенсаналыұрпақтысезімісергек, арманшыл дана ұрпақтытәрбиелепжатқанбілімұясыныңбіліктібасшысынабереміз.




«Қош келдің, Жаңа жыл» 2019 жылдың балаларға арналған ертеңгілігіЖүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үнБақытты боп бастады жыл дастанынҚуанышпен келді той деп жаңа жылҚұтты болсын жаңа бақыт достарымЖүргізуші: Құрметті балалар, атааналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына береміз.Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.Хоровод ән1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады…..( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке қарайды.(аржағынан биші қыздар шыға келеді.)Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз атаТосады екен балалар қысқы уақыттаАқшақарды қасына ертіп алыпЖер бетін шарлайды екен дамыл таппайЖүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)Аяз Ата: Аяулы атааналар, ардақты ұл қыздарғаБүлдіршін балаларға бір сәлем!Қандай жарқын жүздерің,Қандай әсем жырларыңАсулармен алысқан,Асау желмен жарысқанАталарың сендергеШаршап келді алыстан(Балалармен амандасады.)Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, атааналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен ит жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз доңыз жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.Би(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)Ит жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.Қуанышты ортамыз сазға ұласқанТілегім болсын мәңгі ашық аспан2019 жыл қадам басқанГүлденіп көркейе бер Қазақстаным.Келесі жыл бастауын доңызға берем(Сахнаға доңыз шығады)Доңыз: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?Ит жыл:Мен тағы бір қонақпынОн екі жылда ораларҮлкендерге ақ ниетСіздерге де ақниетСіздерге де мың рахмет.Барлығы: Қош бол, ит, қош бол.Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.Ән «Қош келдің жаңа жыл»(шыршаны айнала билейді.)БиАяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.Доңыз: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.Жаңа жылдық биЖаңа жылдық әнмен шыршаны айналуЖүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.(аяз ата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)Ән:Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар……ӘнБи1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үнБақыт боп бастады жыл дастанынҚуанышпен келді той боп жаңа жыл.Құтты болсын жаңа бақыт достарым.Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.Соңы.

Жаңа жылжаңа қадам, жаңа бағыт,Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасыпБірге соғып бар әлемнің сағаттары,Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-Ғасырдың он екінші жылы келді,Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.Қазақтың пейіліне тарту етсін,Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

***Жылдың әнін бастайын,АязАта кеп қалды.Майысады жас қайың,Көтере алмай көп қарды.Бақша іші мереке,Ойын күлкі асқақ ән.Жақсы әпкелер жаңа кеп,Мерекені бастаған.Жаңа жылды қарсы алдың,Мініп алып күймеге.Мен де бүгін ән салдым,Араластым биге де.Оралдың өлкеме,Жаңа жыл армысың.Оранды ақ көрпеге,Асқар тау, қарлы шың.

Ақ қырауға малынғанСақалы да мұрты да.Аяз ата сағынған,Сәлем бepді жұртына.Безендіріп шыршаныЖыл қуантты баршаны.Той-маскарад басталды,Аяз оны басқарды.Аппақ тонға оранып,Базарлықты мол алып.Келді алыс сапардан,Аяз ата оралып.Қалып едік сағынып,Kүтіп алдъқ жабылып.Жолын қойдық жарық қып,Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата ойды қырдыАралап жүр түгел шолып.Қарсы алғалы жаңа жылды,Ол да көптің бірі болып.Қайда қызық болса думанАяз Ата сонда болдыКүндіз үйде ойнап бізбенБалалармен бірге болды.Тілеймін мен бар әлемгеДос көп болсын жаңа-жылАта-әже, ата-әжеҚұтты болсын жаңа жылЖаңа жылым мол болсынБасқан қадам оң болсынТөрле, төрле жаңа жылБізге құтты жол болсын.

***Аязата ақ сақалды,Ақ таяқты паң ата,Асып өтіп асқар таудыЖеттің бізге таң атаЖапалақтап ақша қарЖауды күнде қайталапҚырға шықты балаларШаңғыларын арқалап.Қайда қызық думан болса,Аяз ата сонда болды.Балалармен бірге ойнапБалалармен бірге қонды.Аяз келді қаһарлыАйналаны қар жапты.Ақ тон киіп орман тұрДәл атамдай салмақты.

***Жаңа жыл, жаңа жыл.Жаңа жылда-жаңа жыр.Жасыл шырша жанындаЖадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!Шыршамыз тұр жараса.Басында әсем жұлдызыКөз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағылған,Miнe, сұлу шыршамыз.,,,







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.