Қош келдің, жаңа жыл — 2018! — Сценарилер — Bilim
Қош келдің, жаңа жыл — 2018!
1-жүргізуші:
Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, армысыздар!
2-жүргізуші: Бар бол, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен көңілді құрдастар!
1-жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
2-жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде — әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Келе жатқан жаңа 2018 ит жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін өзінің жылы лебізімен мектеп директоры Нарбек Ордабекұлын ортаға шақырамыз!
(Директордың құттықтау сөзі)
1-жүргізуші: Ал ендеше кешімізді бастайық! Жаңа жыл ерекше мереке. Жаңа жыл десе қыс ызғары, аппақ қар, шырша мен неше түрлі сыйлықтар есімізге түседі. Ал осы мерекенің басты рөлін сомдаушы Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл мерекесін елестету әсте мүмкін емес. Ендеше, орнымыздан тұрайық, бетімізді бұрайық, шапалақты аямай ұрайық та Аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық!
(Аяз ата Ақшақар! Сахнаға келеді)
2-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақшақар сіңілім. Қош келдіңіздер!
(отбивка)
1-жүргізуші:
Аяз атау, сіздікі рахат қой дим да…жылына 364 күн демалып, 1-ақ күн жұмыс істеп, сол 364 күннің айлығын алып кетесіз да…ал біз болсақ жылы 365 күн жұмыс істеп, 182,5 күннің айлығын алып, мәз боламыз да жүреміз.
Аяз ата: Неге үйттің, қарағым, няғып 182,5?!
2-жүргізуші: Былай ғо, брат, бізде «суббота, воскресенье» деген бар, біз ол күні мектепте емес өзіміздің «жеке офисімізде» жұмыс істейміз. Ал бірақ оған төлемейді ғоооооой(((
Аяз ата: Дим да, қарағым, менікі де оңай емес! Екі бұғым бар, олардың жем-шөптері, Ақшақардың қысқы-жазғы киімі, косметикасы, салоны бар дегендей, одан қала берсе өзімнің де темекім бар күніне 2 пачка…продуктамыз бар…Мен де еріккеннен жүрген жоқпын ғой…
1-жүргізуші:
Оооооой қояйықшы болд, жылағанның алдынан өкірген шығад дид…
2-жүргізуші: Соны айтам, 1-ақ тілек айта қояйынш деп ем, проблемаңызды айтып кеттіңіз ғо, Аяз атау?!
1-жүргізуші: Кризисный аяз ата екенсіз! Ал, Аяз ата, жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер. Одан да тілек жаудырып, бата беріңіз, мына ұстаздар қауымына!!!
Аяз ата: Жарайды, қарақтарым, аааал қолдарыңды жайыңдар!
Ақ мол болсын…
1,2-жүргізушілер: АЯЗ АТА! Бұл ол жаңа жыл емес қой!
Аяз ата: Кешіріңдер, қарақтарым! Қыста Аяз ата, көктемде Қыдыр ата боп, ми ашып кетті…Аааал, қарақтарым…
Жаңа жыл құтты болсын!
Шаңырақтарың шаттыққа толсын!
Әр үйде амандық болсын!
Бесікте балаң жылап,
Үйлерің у-шу болсын!
Жұмыстарың жемісті болсын!
Айлықтарың 150 болсын!
Айтпай шапқан жау жаман,
Фронтальныйларың жоқ болсын!
А4 қағаздарың көп болсын,
Файлдарың мол болсын!
Ручкаларың бітпесін,
Сияларың кеппесін.
Соткаларың өшпесін,
Комиссияларың келмесін.
Оқушыларың білімді боп,
Мектеп атын еңсерсін!
(Аумин)
1,2-жүргізуші: Мәәә не деген бата?! Рахмет, аяз ата?!
2-жүргізуші: Аааал, Ақшақар сіз не дейсіз? Или шынымен де Аяз атаның счетына өмір сүріп жүрсіз ба?…Бір ауыз бірдеңе демейсіз ба?
Ақшақар:
Демейді ау ешкім жаман өз атасын,
Қалайша жан жүрегің сыздамасын?!
Сіздерге ұнап қалған аташкамның,
Жазып берген мен болам ақ батасын.
1,2-жүргізуші: Ойбоооой, керемет, керемет!
2-жүргізуші: Сөз тапқанға қолқа жоқ! Жақсылап тұрып дайындалып кепсіздер ғой, ия? 364 күн кеткен шығар мына тақпақ жаттауға.
1-жүргізуші: Дегенмен, алғысымыз шексіз! Сонау жерден бұғы терлетіп келген сіздерді де құр қол қайтармаспыз! Сыйға сый, батаға бата! Ал, сіздерге қол жайып, бата берер «Мектеп» атты шаңырағымыздың ақ сақалды аталары мен ақ жаулықты аналарын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз!
(құттықтау сөз үлкен кісілер)
Ергебек ағай, Балқынай апай, Бауыржан ағай, Гуля апай, Нұрлан ағай, Айнагүл апай, Аманғали ағай, Айткүл апай, Ыбырай ағай, Гүлсім апай, Бексулу апай, Райхан апки, Несіпкүл апай, Гулназия апки, Ұлжан апай, Нағима апай, Мықтыбек ағай. (отбивка)
1,2-жүргізуші: Айтқандарыңыз айдай келсін, жаппай би!!!
1-жүргізуші:
Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші қыздар ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге береміз. Тыңдай отырыңыздар!
(Өлең «Қош келдің, Жаңа жылым, қазағыма!)Нурсауле Инабат
2-жүргізуші: Әріптестер, білесіздер ме, біз негізі ерекше жаратылыс иесіміз. Айтыңыздаршы, кім таңғы ас ішпей жүріп бүкіл тірлікті тиянақты етіп істей алады?
— Кім жұмыс уақыты басталмаса да жұмысқа ерте бара алады?
— Кім түскі үзіліс, демалыссыз жұмыс істей алады?
— Кім түн ортасы жұрт ұйқада жатқанда компьютерге телміріп қарап отыра алады?
— Ал кім өзіне өзі сұрақ қойып, өзі жауап бере алады?
— Кім бір уақытта 30 адамның сұрағына 30 түрлі жауап тауып бере алады?
— Кім керек емес қағаздарды үнемі көтеріп жүре алады?
— Кім бүкіл бір ауылды таниды айтыңыздаршы, кім?!
Әрине, тек қана біздер, мұғалімдер!!!
2-жүргізуші:
Біздің жасаған жұмысты ешкім жасай алмайды, сондықтан біз ерекше жандармыз! Өзімізге құрмет көрсетіп, шапалақ соғып қояйық!
(отбивка). Ееееех, бір мәз боп қалған шығарсыздар, ә?! Олай болса жас ұстаздар өзіміз жайлы бір кереметтей ән орындап берсін, ия?!
(«Ұстаздар» әні. Жастар)
2-жүргізуші: Ал, енді кішігірім ойын ойнап жіберсек…(Нурсауле ойын)
Рахмет баршаңызға, ойнадық…күлдік…биледік…ал енді ән тыңдайық. Инабаттың орындауында «Первая любовь» әні. Қарсы алыңыздар!
(Ән Инабат)
1-жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
2-жүргізуші:
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
1-жүргізуші:
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық ит жылын
Ұзатып сап үй құсын!
2-жүргізуші:
1,2 — жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!
1-жүргізуші: Құрметті, банкет сүйер қауым, кезекті кереметтей тілектерге берсек…
2-жүргізуші:
Ортаға…біреу үшін оңбай таяқ житін, біреу үшін сөз еститін, қонақ келсе бірінші боп қарсы алатын, жұмыс рөлін басқаратын біреуге апки, біреуге ағай, біреуге завуч, біреуге көрші бола білген мектеп әкімшілігін ду қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1,2 — жүргізуші: Әкімшілік, жаппай ортаға! (сөз әкімшілік)
(Мошкалова Айгерим ойын)
ЖАППАЙ БИ!
(Р.Айгерим, Нуршат)__________________________________________
ЖАППАЙ БИ!
(Нурсауле ойын)
1-жүргізуші: Баршаңызға рахмет, орынмызға жайғасайық! Ал енді, жұмысқа бару десе — холодильниктегі асын асықпай ішіп баратын, комиссия келе жатыр десе – «келмей жүрген комиссия ма ед» деп жауап беретін, көп жасамаса да көпті көріп тастаған мектептің қарбалас өміріне үйреніп ұалған орта буынды ұстаздарымызды шақырайық ортаға. _______________________________________________
ЖАППАЙ БИ!