Қош бол, сүйікті балабақша балабақшадағы ашық сабақтар

0

Қош бол, сүйікті балабақша

 

Залда  музыка   естіліп тұрады             

Жүргізуші:   Құрметті ата-аналар, балабақшақызметкерлері,  балалар,  бүгінгі біздің  мерекеміз  ерекше болмақ,себебібүгін  бірнеше жыл мәпелеп өсірген,  тәрбиеленген   бүлдіршіндерімізді  ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине, бұлда үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! «Қош бол, сүйікті балабақша!»  атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.  Олай болса, кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
1.    Білімді  сұлу, жүлдегер болған  сайыста, Аяжан біздің  жаралған ғой тек жарысқа 

2.    Мінезі бар қыңырлау,бірақ  алдасаң көнеді,  Тиеді ылғи Әлішердің көмегі.

3.    Шырқап айтар әсем әнмен  жырыңды, Ақберен бар талантты әрі білімді.

4.    Тау қозғалса    қозғалмайтын  байсалды,  Көрдіңізбе  Нұралидей жайсаңды.

5.    Инабатты бишіміз  бар майысқан, Асылайды  танимыз біз  алыстан.

6.    Қой аузынан  шөп алмайтын момақан, Тап-таза боп жүреді Ринат деген балақан.

7.    Бірбеткейлеу, бірақ сұлулықты сүйеді, Әдемі  қыз Ақлиманы бәрі жақсы көреді.

8.    Сүп-сүйкімді  боп костюм-шалабар киеді, Жантілек біздің  өзімен-өзі жүреді.

9.    Сап-салмақты тап-таза боп жүреді,  Қуанғанда Ақмаржан тек жымиып күледі.

10.    Жұмсай қалсаң жүгіретін қуанып, Ақпейіл деген  тау  көтерер бір алып.

11.    Бір  бойынан бар қасиет  табылған,  Біздің  Дарын озып шығар бар  ұлдан.

12.    Тақылдап тұрып,тақпақ айтатын жаңылмай, Сұлу да сарбаз Айназ деген ару бар.

13.    Кішкентай болсада келмейді кейде шамамыз, Сүйкімді,пысық Азаматқа қараңыз.

14.    Алдап-сулап  әрқашан апайдың тілін табады, Тез жаттаймын деп тақпақты Әсия сұрап алады

15.    Зерек,бірақ ашуланса қайтпайды,Ғанибетті жаман деп ешкім айтпайды.

16.    Сұлу әрі сыпай боп танылса, Егіз қозы Жаннұрменен  Әмина.

17.    Жыбырлақтық тентектігі бар бойында, Сүйкімді Нұрғиса тоймайды еш ойынға.

18.    Әдептілікті тал бойына жинады,Кіп-кішкентай Аружан бар ибалы.

19.    Бақшамыздың  ең кішкентай бөпесі, Нұрбекте бар мамасының еркесі.

20.    Әнші  әрі бишіміз, қол соғайық бәріміз, Ерназар деген сері жігіт таныңыз.

Дарын:  
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңізде есен сау бармысыздар?!
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.

Ақберен:
Ақтілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді біз бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
Бақшамыздыесімізгесақтайық.

Хор:  «Әнші балапан»

Ғанибет:
Бақшадағы күндерді,
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін,
Бәрімізде ақтаймыз.

Әсия:
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп-кетіп тұрайық
Сондай кезде апайлар,
Қалады ғой қуанып.

Әлішер:
Үлкендердей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.

Айназ:
Ана  тілін –ардақтап,
Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап,
Оқып,жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім
Апай болды аянбай.

Би: Қыздар биі

«Бестік» кіреді Сәлеметсіздерме ,балалар,мен сендердің достарыңмын, менің атым «Бестік»  мектепте   сендердің достарың боламын.
  Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар алып келдім.

Тапсырмалар:  
1-ші  тапсырма.
Ал, енді маған жаңылмай жаңылтпаш айтып бере алады?

Аяжан:
Қара майлы  қарақайды,
Кесейін ба ,кеспейін ба?
Қазықтағы қара тайды,
Шешейін бе, шешпейін бе?

Дарын:
Әй, әй Айдарбай,
Үйір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.

Бестік:  мен енді жұмбақ  жасырайын шешуін тауып көріңдерші.

Тілі бар да, үні жоқ,
Сөйлеп тұрар  ішінен
Көзбен шалсам бір рет,
Не дегенін түсінем.          (кітап)

Ортасында ішегі бар,
Жіп-жіңішке денесі бар.  (қарындаш)

Бестік:  
Енді мен сендерге бір жұмбақ-есеп жасырайын, шешуін кім табар екен?

Мұз айдында 4 бала,
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай  1 бала,

Жағалауда  тұр қарап.
Енді осы барлық баланың,
Санын айтсаңдар жарадыңдар.   (бес)

Бестік: 
Сен,  мен және  бізбен бірге Асылай бар. Сонда біз нешеуміз?  (үшеу)

Бестік:
Балалар, сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда білімді, тәртіпті ,үлкен  азамат, азаматша  болып өсе берулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Мен сендердің келешек достарың мен таныстырып өтейін, енді соларды ортаға шақырайық («математика, әліппе, күнделік, дәптер») кіреді.

«Әліппе»  Ақпейіл:
Менің атым әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып, ер жеткен,
Бауыржан да,Мәлікте.

«Математика»  Ақлима:
Біздің  келер  шамамыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.

 

«Күнделік»  Әмина
Жазулы менде әр күнің,
Бар мінезің, тәртібің.
Дос болайық жарқыным,
Жолдасымсың  жарқыным.

«Дәптер»  Аружан:
Ел құрметтеп бағалар,
Досың бар ол тазалық.
Кел, дәптерге балалар,
Тап-таза етіп  жазалық.

Хор: «Мамамыз»
Азамат:
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледімән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.

Ерназар:
Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап, талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.

Хор:   «    Ақ мамам      »

Жүргізуші:  
Балалар, «Әріптер әлеміндегі»  ханшайымды білесіңдер ма?  Ендеше сол ханшайым біздің  мерекемізге келе жатыр.  Соны қошеметпен қарсы алайық. Қаттырақ қол соғайықшы, ол біздің қошеметімізді естімей жатқан сияқты.

Ханшайым:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!   Мерекелерің құтты болсын!  Бүгін сендер қандай  әдемі болып кеткенсіңдер. Мен сендердің балабақшамен қоштасу мерекесіне әдейікелдім, сендерге алып келген арнайы ойыным бар,енді соны ойнайық. Ойынның аты  «Кім  мектепке тез жиналады?»  деп аталады.
Ойынның  мақсаты:   Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.Ойынсоңында балаларды мадақтау

Ойынның шарты: Үстел үстінде мектеп құралдары тұрады (бояу карандаш, дәптер, кетіргіш,  рисования,) т/б ойынға екі балаладан қатысады.

Нұрали:
Бес жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке  кетіп  барамыз.

Нұрғиса:
Тәрбие  берген ұямыз,
Тәртіпті  бала боламыз.
Қоштасып  балабақшамен,
Мектепке  кетіп  барамыз.

Нұрбек:
Балабақша қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.

             Асылай:
Оқимыз, білім  аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен  қоштасып,
Мектепке  кетіп  барамыз.

Ринат:
Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып  әнге саламыз.
Тойымызға сән   берер,
Би де билей аламыз.

Маржан:
Мектепке ертең  барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Қашықта емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.

Жаннұр:
Біз  бақшада қаламыз,
Ойнаймыз ән  саламыз.

Хор: «Топ топ балақан»

Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

-Мінекей, ата-аналар  біздің кішкентай бөбектеріміз үлкен азамат болып, мектеп табалдырығын аттауға кеткелі тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Балабақшада өткізген қызығы мен шыжығы мол, алаңсыз тәтті күндерінен естелік болсын деп дайындаған фото-сурет топтамасын әзірлеген болатынбыз. Сол естелігімізді балаларымызға тапсырайық.

Әрқашан қанаттарың талмасын. Тек биіктерден көріне беріңіздер!!!

«Ақжігіт балабақшасы» МКҚК

Ертеңгілік:
«Қош бол, сүйікті балабақшам»

Б. Көкшеева

2015 ж. 29- мамыр

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!