Қош бол, балабақшамыз!
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Тәрбиешілерге көмек болады деп ойлаймын. Өте керемет ертеңгілік.
Бөлім.
Біз өнерлі балдырған өнерлерін көрсету.
Бөлім.
Зерде интеллектуалды ойыны.
Бөлім.
Алғыс айту, марапаттау, сөз сөйлеу.
I. Бөлім. Біз өнерлі балдырған
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда- деп, Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің қатысуымен өтетін Қош бол, балабақшамыз мерекесін бастаймыз!
Көңілді би. Ертөстік тобы.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Балдырған бүлдіршін түлектерді ортамызға.
Саналы, ойы ұшқыр Әнес Дарын
Білімді, жігерлі Иманғали Сағындық
Кербез,ибалы Бауыржан Айару
Қайратты,намысшыл Орынбай Ерік
Сымбатты, мінезді Әмітжан Мұхаметали
Өнерлі, әнші Мерек Бағдәулет
Көрікті, тіл алғыш Мамаева Бақытнұр
Алдарыңызда Алма ертегісі.
Мектеп ана шақырады бізді алдан,
Алдымызда әлі талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенімен,
Санамызда өзің берген өнегең – деп, бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебізін тыңдасақ.
Сағындық.
Қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып Мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен, даналықпен.
Дарын. Бақытнұр.
Қызық күндер өткіздік Қуанамыз сыйлаймыз,
Балабақша бағында. Қуаныштың мың гүлін.
Көп оқыдық, көп білдік, Бақшамызбен қимай біз,
Ел мен Отан жайында. Қоштасатын күн бүгін.
Мұхаметали. Ерік.
Бақша біздің панамыз, Біз балғындай балдаймыз,
Мектеп біздің анамыз. Балалық шақты қимаймыз.
Ұлағатты ұстаздан, Шымыр болып өсетін,
Оқып білім аламыз. Ойындарды таңдаймыз
Бағдәулет. Б. Айару.
Қуанышымыз біздің мол, Әліппеден әріп танып,
Мектепке біз тарттық жол. Алғаш рет оқимыз.
Ұмытпаймыз өзіңді Тәрбиеден тәлім алып,
Балабақшам қош сау бол! Санамызға тоқимыз.
3 . Әсем ән: Біз бақытты баламыз. Орындайтындар: Сағындық, Дарын, Бағдәулет.
II.Бөлім.
Зерде интеллектуалды ойыны.
Коммуникация білім беру саласы бойынша сұрақтар.
Дыбыста нешеге бөлінеді?
Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айт?
Бүлдіршін сөзін буынға бөл?
Қандай ертегілерді білесің?
Бауырсақ ертегісіндегі бауырсақтың ролін ойнап бер?
Қыс, Жаз, Күз, Көктем мезгілдерін ағылшынша ата?
Ана сөзіне дыбыстық талдау жаса?
Таным білім беру саласы бойынша сұрақтар.
Математикалық амалдарды ата?
Тура және кері санап бер?
Сандарды ретімен жаз?
Құрастыру оқу қызметінде не қолданамыз?
Әсетте 5 алма, Әйгерімде 3 алма, кімде көп алма?
Әр мезгілде неше ай бар?
Апта күндерін ата?
Денсаулық білім беру саласы бойынша сұрақтар.
Жалпы дамыту жаттығуларын ата?
Валеология оқу қызметінде кім бізге кеңес береді?
Ми қандай қызмет атқарады?
Адам денесіндегі сағат?
Тісімізді неше рет тазалаймыз?
Адам денесіндегі асқазанның қызметі?
Денің сау болу үшін қандай дәрумендер пайдалы?
Шығармашылық білім беру саласы бойынша сұрақтар
Аппликация оқу қызметінде қандай құралдармен жұмыс жасаймыз?
Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін ата?
Сурет оқу қызметінде қайшымен жұмыс жасаймызба?
Қиюдың тәсілдерін ата?
Музыка оқу қызметінде не үйренеміз?
Неше нота бар, атап бер?
Қызыл түспен көк түсті араластырғанда қандай түс шығады?
Әлеумет білім беру саласы бойынша сұрақтар.
Бөлме өсімдіктерінің пайдасы туралы не білеміз?
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Біз немен тыныс алып демаламыз?
Судың адам өміріне пайдасын айтайық?
Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын айт?
Табиғаттағы маусымдық құбылыстар нелер?
Табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар туралы не білеміз?
Қызық сұрақтар
Алда қандай үлкен көрме өткелі жатыр?
Елордамыз қай қала?
Балабақшаға неше күн келеміз?
Мысықтың неше аяғы бар?
Мамандық түрлерін ата?
1 маусым қандай мереке?
Руыңды айт?
Тосын сұрақтар
Көрермендерден сұрақ.
III.Бөлім.
Алғыс айту, марапаттау, сөз сөйлеу.
Сағындық. Бағдәулет.
Балабақшам саялы Әйгерім апай әдемі
Бізге құшақ жаяды Алмагүл апай салмақты
Апайларым қамқоршым Көп тоқытар жүрекке
Алақаны аялы Білімді әрі жан-жақты
Баян апай біздерге Бой түзеймін солардай
Қарайды ыстық көңілмен Ісім көпке ұнардай
Үрпатша апай сәбиге Тұлға болып шығамын
Орын берген ақ адал Шыңға біткен шынардай
Жүрегінің төрінен Ұстазым сізге мың алғыс!
Ұстазым сізге мың алғыс!
Дарын. Ерік
Бақшадағы анашым, Киіндіріп, жуындырып
Асыл жанды дара шың. Тәтті ұйқыға тербеген
Раушан апай күлімдеп, Үржамал, Жанар, Рита апай
Алғаш қарсы алатын. Бар жағдайды жасады
Сөйлеткен былдыр тілімді Бармағынан бал тамып
Үйреткен нағыз өмірді. Шай кампотты демдеген
Бар мейірін төгетін, Балауса, Гүлнар апайлар
Ақ мамамдай көрінді. Тек дәмдісін асатты.
Ұстазым сізге мың алғыс! Аналар сізге мың алғыс!
Мұхаметали. Б. Айару.
Бала жанын зерттеген Күллі өнерді үйреткен
Мақсаты бар діттеген Ән айтқызып, билеткен
Гүлжанат апай жетелер Сайра апайдай боламын
Арманыма көптеген Музыканы сөйлеткен.
Ұстазым сізге мың алғыс! Ұстазым сізге мың алғыс!
Балабақша меңгерушісі: Б. Жаңабай
Балабақша әдіскері: Ү. Жұмаш – бүлдіршіндерге сәттілік тілеу.
Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Сол ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата-ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата-аналарға сөз кезегін береміз. Ата-ана тілектерін тыңдау.
Ән. Хор. Қош бол, балабақшамыз!
Барша бүлдіршіндерге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктер мен сәттіліктер тілей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.