Қош бол,балабақша!

0
186


Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Балабақшадан алған білімін,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.Сөздік қорын молайтып,бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Тақырыбы: «Қош бол, балабақша»Мақсаты: Ортаңғы тобының жыл бойы алған білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отан сүйгіштікке , бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу . (Залға музыка әуенімен үш бала кіреді)Ақнұр:Қош келдіңіздер, құрметті меймандар!Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар.Ақбөбек:Өсті,міне,бойымыз, Өсті ақыл-ойымыз. Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойымыз. Сәлеметсіздер ме қадірменді қонақтар, білім нәрімен сусындатқан тәрбиешілер, аяулы аналар. Біз бүгін есейіп, қарлығаштай қанат жайып білім теңізіне, яғни мектеп табалдырығын аттағалы отырмыз.Айару: Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді бастайық Әдеп пенен өнегені үйреткен, Бақшамызды есімізде сақтайық.Ақбөбек: Ақнұр, Айару сенің есіңде ме, біз алғаш осы балабақшаға келгенде былдырлаған кішкентай бүлдіршіндер едік қой. Біз мұнда ән айтып, би билеп көп нәрсені үйрендік. Ертемен балабақшаға келгенде апайларымыз күлімдеп қарсы алушы еді ғой.Ақнұр: Ия, есімде Акбөбек. Оларға алғысымыз шексіз.Ендеше кішкентайымыздан тәрбиелеп, білім берген біздің тәрбиеші апайларымыз жоқ қой. Оу, ата-аналар орындарыңыздан тұрыңыздар, тәрбиешілерімізге құрмет көрсетпейміз бе?

Ақбөбек:Баулып, баптап өсірдіңіз, Балалық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді, Ұмытпаймыз өзіңізді.Айару :Ботақаным бөбек деп Еркелеткен ұл қызын Анамызды ерекше Қуантатын күн бүгінАқнұр;Адам етіп баптаған, Ардақтап бізді мақтаған. Қол соғып қошеметтеп шақырайық Құрметтеп тәрбиешілерімізді ортамызға.Амангүл Қойшыбайқызын, Феруза Сақтапқызын, Маржангүл Абужарқызын шақырамыз.(Залға музыка әуенімен тәрбиеші апайлар кіреді) 1-Тәрбиеші: Армысыздар,құрметті қонақтар,қадірлі ата-аналар және балабақша ұжымы.Бүгін міне «Қарлығаш»және «Балапан» тобының Қош , «Арай» бақшамыз атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

2.Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер, бес жасқа да жеттіңдер. Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер. Өсті ақыл-ойларың, Өсті міне бойларың, Қуанышқа ортақпыз. Құтты болсын тойларың!Қадірлі ата-аналар!Құрметті қонақтар!Бүгін біз

мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз.3.Тәрбиеші: Есте қалар мәңгілікБүгінгі кун ерекшеҚуанышты балаларҚуанышты үлкен де Жасыра алмай көз жасынБаса алмай жүрек лүпілін Мерекені бастайықҚоштасудың бұл кешін.1. Тәрбиеші:Көріп тұрып тілектерді қаншамаЖақсы тілек білдірейін баршаңаӨрендерім өлең айтып би билепӨнерлерін салсын бүгін ортаға.Олай болса, көп күттірмей «Арай»балабақшасының «Қарлығаш»және «Балапан» тобының 2018 жылғы түлетерін қошеметпен қарсы алыңыздар. Бояу музыка ойналады балалар сахнаға шығады. Қайырымды Әбілмансұр мен ақылды Гүлжазира. Білімді Ақайша мен Қамқор МадиярНамысшыл Абылай мен зерек Ақбөбек. Жігерлі Мирас пен мейірімді Айнамкөз.Сабырлы Қыдырқожа мен нәзік Ақнұр. Тәртіпті Исатай мен әдемі Айару.Дарынды Нұрдәулет пен ұқыпты Ақжайна. Көңілді Абылай мен сүйкімді Ақнұр.Сабырлы Қадіржан мен талантты Үміт.

Жайдарлы Ернар мен биші Маусымжан.Епті Асар мен әнші АқторғынСпортшы Рүстем мен Ақылды Ақсындар Тәртіпті Серібек .Би: Балдырғандар валісі2.Тәрбиеші:Алдыңдағы балалар Мектепке кетіп барады Тақпақ айтып бір – бірден Қимай кетіп барады – дей отырып ортаға балаларымыздың тақпақтарын айтуға шақырамыз. Тақпақтар:ӘбілмансұрБалабақша – базарлы үй. Көшедегі ажарлы үй. Шаттығы бар шуақты, Өз үйіміз сияқты.ҮмітБіздер бес жастамыз, Сәбиліктен асқанбыз. Мектеп бізді шақырады, Қош бол, әсем бақшамыз.НұрдәулетҚуанамыз, сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызды қимаймыз, Қоштасатын күн бүгін.АқсындарМектепке енді барамыз, Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік аламыз.АқнұрБалабақша есігін Үшке тола ашқанбыз Едік аппақ нәресте Көп- көп бөбек көргенде Жұбанғаным есімде.ИсатайБалабақшам сүйікті, Ән салдыртты, билетті, Шынықтырып денеңді Шымыр болуға үйретті.РүстемТәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып балабақшамен, Мектепке енді барамыз.МирасОқимыз білім аламыз Болашақ жолын саламыз Бақшаменен қоштасып Біріншіге барамыз.АйнамкөзБормен жазар тақтаға Үлгілі бала боламын Жүретіндей мақтана Тәртіпті бала боламыз.МаусымжанСүйген өз қыз, өз ұлын. Бөбегім деп аянбай

Балабақша өз үйім Апай болды анамдай.АсарҚоштасып балалбақшамен Біріншіге барамыз Өздеріңді үмытпай Есімізге аламыз.Абылай ТБұл- екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Біз осы үйдің гүліміз, Біз осы үйдің сәніміз.МадиярМектепке ертең барамыз, Оқимыз, сауық құрамыз. Қашық емес арамыз, Бақшаға келіп тұрамыз. АқайшаБұл алғашқы қадамым, Таудай менің талабым. Білім нәрін алуға, Мен мектепке барамын.

ГүлжазираБолсын кіші бойымыз, Биікке ұшып ойымыз. Өсіп оймен санамыз, Өмірге жол саламыз.АбылайханҚуантамыз, сыйлаймыз Бақшамызды қимаймыз. Биіл күзде мектепке Біріншіге барамыз. Серібек

Халқым бізге сенеді, Ұрпақ оған қуаныш. Ұстаз жақсы көреді, Балаларды тіл алғыш.ЕрнарБалдай тәтті баламызАқылдымыз данамызОйынменен өседіОйымыз да санамыз

АқторғынҚол ұстассақ бәрімізЖарасады сәніміз.Жақсы болсын әр кездеАрайлап атқан таңымыз.

ҚадіржанБұл қуаныш себебімБізге қарап ұғарсыңЕр жетті деп бөбегіңТуған Отан қуансынҚуансын дала қуансын

ҚыдырқожаМектеп – деген білім кені , жыр кеніМектеп – деген ғылымның ең үлкеніМектеп – деген тәрбиеші адамға.Мектеп – деген даналардың мекені

АқжайнаМектеп ана шақырады бізді алдан, Алдымызда талай талай сан арман. Қоштассақ та балабақшам сенімен, Санамызда өзін берген өнегең Ән: «Мектепке енді барамыз»Тәрбиеші:Сендердің естеріңде ме, алғаш осы балабақша келгенде кішкентай бүлдіршін едіңдер. Ал қазір ән айтып, би билеп көп нәрсені

үйрендіңдер.Олай болса менің сендерге қояр сұрағым бар?Алғаш сендерге қолдарыңа қалам ұстауды үйреткен кім?-Ол әрине ұстаз «тәрбиеші»Осы ұстазға арналған әндерге кезек берейік.

Ән: Тәрбиеші апайымБілім қоңырауы соғылып залға Білім ханшайымы кіредіБілім ханшайымы :Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме ата-аналар! Бүгін  біздің балабақшада бірнеше  жыл  мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп  өсірген  бүлдіршіндерді  мектеп  табалдырығына  шығарып  салғалы  отырмыз. Балаларымыз осыдан  4  жыл  бұрын  кішкентай бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп,  мектепке  қадам  басқалы  тұр.Енді мен, балалардың балабақшадан алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар дайындап келдім. Сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?Сұрақтар: 1. Балабақшада  сендерді кімдер күтеді?2. Саған жаным, күнім, ботам, құлыншағым  дейтін кім?3. Жұлдызшаның  неше  бұрышы бар?4.Екі қоянның неше құлағы бар?5. Ешкінің мүйізі нешеу?6. Кемпірқосақ неше түстен тұрады? 7. Туған елді, туған жерді,қандай сөзбен атаймыз?8. Біз қай елде тұрамыз?9. Рәміздерді ата?10. Туған ел туралы қандай ән білесіздер?Ән: Туған елдің ұланымызӘн: Тәуелсіз елдің ұланымыз-Жарайсыңдар балалар, сұраққа керемет  жауап бердіңдер,өте жылдам,ұшқыр екендеріңді  көрсеттіңдер.Балалар кезекті ойынға берейік.

ойын: «Көңілді  маскарад»Мақсаты: Балалардың  мәдени дағдыларын  қалыптастыру, ептілікке,қимылдық әдемілікті дамыту, ойын  ережесіне бағына білу, зейінділігін  арттыру.Қажетті құралдар: қапшық,түрлі киімдер галстук,қалпақтар,көзілдірік,шляпа,жакет,қысқа шалбар, жануарлар атрибуты,т.б)Ойын шарты:  .Музыка ойналады. Балалар билеп жүреді. Тәрбиеші  қолындағы  қапшықты бір балаға  береді, ол келесі балаға беру керек. Музыка тоқтағанда  қапшық  кімнің  қолында  қалса, сол бала қапшықтан  көзін  жұмып бір киімді  алып  кию керек. Барлық бала киініп болғанша, ойын жалғасады.Тәрбиеші  балаларға  қандай әдемі  болдыңдар. Сендер  қай киімді  қалай  киінуді өте жақсы меңгерген  екенсіңдер.Енді қалай шешінетіндеріңді байқайық. Мен беске дейін санаймын. Киімдеріңді  шешіп,мына қапшыққа  салыңдар-деп тапсырма береді.

Білім ханшайымы:Рахмет сендерге.Енді ,мен  сіздерге «Білім кілтін» сеніммен тапсыра аламын. Болашақтарың жарқын, биіктерден көріне беріңдер!   1-Тәрбиеші: Алдарыңнан арман жол ашылады,Түлектерге бақыт гүлі шашыладыҚимастықпен балабақша кілітін Ізін басар балаларға тапсырады -деп, құрметті қонақтар бітіруші бүлдіршіндеріміздің өздерінің жолын басатын, өздерінен кейінгі бүлдіршіндерге білім кілтін тапсыру салтанатын жасауға рұқсат етіңіздер. («Білім кілтін» осы топтың Ақбөбек пен Рүстемге тапсырады) Бітіруші  «Қарлығаш» тобының  өнерге құштар, білімге деген талпынысы зор алғыр да, ақылды бүлдіршініміз Ақбөбек пен Рүстем  өз тобының білім кілтін, алғыр да зерек Ортаңғы  «Балапан» тобының бүлдіршіні Қайсар мен Аякөзге  аманат етіп тапсырады.Ақбөбек«Қарлығаштың»білім кілтін

Ұстап өзім қолымаТапсырамын аманат қып«Балапандар» тобынаАякөз:      Қабыл алам аманатын«Қарлығаштың» тапсырғанЖақсы оқуға ант етеміз«Балапандар»  атынан2-Тәрбиеші:Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер Естиярлар тобы өздерінің білім кілтін аманат  етіп тапсырды.  Ортаңғы топ бүлдіршіндері осы балалардың аманаттарын биіктерден көрсете береді деп сенеміз.           .Өтті қызық көп күндер,Бес жасқа да жеттіңдерБарасыңдар мектепкеБір белестен өттіңдерХор: «Үйретеді мектебімде»1-Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,балаларымыз кішкентай ғана жүректерінен шыққан лебіздерін білдіріп жатыр,осы балалардың жеткен жетістіктері әрине сіздердің арқаларыңызда.Балабақшадағы ең соңғы ертеңгіліктеріңіз осымен аяқталды.Мектепке толығыемен дайындап,алақандарыңызға салып берген балаларыңызды әрі қарай демеп,қолдау сіздердің қолдарыңызда.Сіздерге деген алғыс ретінде бөбектеріңіздің құрметін қабыл алыңыздар!Ән: Айналайын Ақ мамам2-Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,осы балалардың арасынан әншіде,бишіде,ұстазда,спортшыда шығатынына еш күмәніміз жоқ.Олай болса ойын ойнап жіберейік. Ойын: «Оқу құралдарын жинау» ата-анамен 1.Тәрбиеші:Біздер үшін еңбек еткен шаршамайБаршаңызға рахмет айтар балалар,Балабақша көркі болсын әрқашанКейінгі бүлдіршін балалар.

Міне біздің кішкентай балапандарымыз ақылды, шымыр, батыл болып өсуіне «Арай» балабақшасының әрбір қызметкерлеріне қандайда болсын үлес қосты. Сондықтан біздің балалар өздерінің алғыстарын білдіргісі келеді.Балалардың барлығы хормен:Жақсылыққа құмармыз Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!Ән: «Балабақша»Ән: «»2-Тәрбиеші: Ажырамай бақшадан бір елі сіз Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз Сөз берейік құрметпен өзіңізге, Шәкірттерге арналсын тілегіңіз-дей келе құттықтау сөздің кезегі «Арай» балабақшасының директоры Нурова Райхан Жұмажанқызына беріледі.. Белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хат ұсынды және балаларға мақтау қағазы. 1-Тәрбиеші: Баланың бас ұстазы – ата-ана!Сондықтан сіздерге шыдамдылық ,сәттілік ,ал балаларға ақ жол тілейміз.Барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіре отырыпГүлдерге толы омырауОмірде жокқой тоқырауҚимастық сезім оятыпСоғылсын соңғы қоңырауСоңғы қоңырау соғу салтанаты «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері Мирас пен Айнамкөзге тапсырылады.Ән: «Қош балалар бақшасы»2-Тәрбиеші: Көтеріп келіп қолымен Жетектеп үйге қайтатын. Сәби еді былдырлап, Сағынышын айтатын. Тілі таза бүгінде, Жүгірмейді бүгінде

Жүгірмейді аптығып, Жүректері тұр ма әлде Қоштасатын шақты ұғып. 2- тәрбиеші: Бөбек еді ол рас, Кіп- кішкентай кешегі. Бүгін міне, азамат, Болды бәрі деседі. Әріп танып, сурет салып, Жаттықтырды қолдарын. Мектебіне шығарып сап Тілейік ақ жолдарын.

1-Тәрбиеші: Қимай сынған ойыншығын, Деп жылайтын «тастамай». Қиып сыйлап жап- жаңасын, Бара жатыр жас бала. Ұстамайды етектен де, Өзі жүре алады. Өйткені, ол азамат боп, Білім іздеп барады. Қош, балалар сәт сапар, Үлгілі бәрің болыңдар. Жақсы оқып әрқашан, Тек бестік алыңдар. Ән: «Алғашқы ұстазым» 2-Тәрбиеші:Бүгінгі той бәрімізге құтты болсынДендеріңіз сау аман – есен мықты болсын!Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!1-Тәрбиеші:Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,Жүректерден арман отын жағыңдар.Жақсы оқып алтын ұя мектепте,Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,Өздеріңді сағынып біз жүрейік.Құтты болсын қадамдарың аттаған,Біз сендерге сәтті сапар тілейік.(Ақжолмен жүріп, тілектерін айтып, шарды ұшыру).2Тәрбиеші:Бір ата,бір ананың тірегіміз,Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,Бірлік барда,тірлік бар деген бабам.Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып құттықтау сөзді ата аналарға береміз. (Балаларды марапаттап, сыйлықтарын тарату)

«Арай»балабақшасының тәрбиешісі: Жумабаева Акайнаш Кошкарбаевна


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.