Қоржын, технология, күнделікті сабақ жоспары

0
178

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық бұйым қоржынмен таныстыру
Білімділігі:. Ата – бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Дамытушылығы:. Қолөнер туындыларын зерделеуіне бағыт – бағдар беру, белсенділікке, шапшаңдыққа, өз бетінше ізденуге баулу.
Тәрбиелілігі: Қоржынды тігу технологиясын үйрете отырып шеберлікке баулу, әсемділік пен сұлулықты көріп бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтағы көрнекілік: Қоржын туралы әр түрлі суреттер, сұрақ жауап, тігілген әр түрлі қоржындар, ою түрлері
Сабақтың құрал – жабдықтары: ине, жіп қайшы, мата, ою – өрнекке қолданылатын мата лекало, әр түрлі жіптер.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сарамандық

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлығын тексеру
ІІ Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау
Жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқау беру
ІІІ. Топпен жұмыс
ІV. Үй тапсырмасын тексеру

Топпен жұмыс
«Шеберлер»тобы. Тапсырма: Қоржынның шығу тарихы, түрлері қолданылуы.
Тапқырлар тобы. Тапсырма: Қоржынға байланысты салт – дәстүр, ырымдар мақал мәтелдер.
Жаңа сабақ
• Қоржынды пішу және тігу
• Техника қауіпсіздік ережесі
• Қоржынды тігу үшін мата таңдау
• Заттың нобайын сызу
• Үлгі дайындау
• Ою – өрнек таңдау
• Дайын үлгіні мата бетін қойып қию
• Ою – өрнегі сызу
Сәнді тігістермен әшейкелеу. Жұмысты аяқтау
Бүгінгі жаңа сабағымызда сөзжұмбақ шешуден бастаймыз. Сөзжұмбақ дұрыс шешсеңдер сабақтың тақырыбы шығады.
Сөзжұмбақ сұрақтары
1. Жүрмесе егер бірлесіп, жоқ оны керегі. (қайшы)
2. Жазу жазып жалықпаған, жаза – жаза арықтаған.(бор)
3. Әжемнің қолында шыр айналар, шыр айналса өзіне шыр байланар. (ұршық)
4. Орана береді, орана береді, оранған сайын көлемі молая береді.(жіп)
5. Кестеге арналған мата. (шыт)
6. Алты қырлы, алты сырлы (қарындаш)
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!