Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау |

0
8
Advertisement

Қоршаған ортаны қорғаудың басты мақсаты — адамзат дамуы мен қоршаған орта арасындағы үйлесімділікті орнату. Осы мақсатқа жету үшін бірқатар күрделі сұрақтарға жауап беру қажет:

  1. Адамзат дамуының әсерінен болатын қоршаған орта сапасының өзгеруі адамзаттың тіршілік етуіне қаншалықты әсер етеді?
  2. Адамдар экологиялық дағдарыстың басталуының алдын ала алады ма?
  3. Қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешу және адамға қолайлы қоршаған орта құқығына кепілдік беру үшін не қажет?

Табиғат мемлекеттік және әкімшілік шекараларды мойындамайды және де бір немесе бірнеше мемлекеттің өзара әрекеттескен күштері экологиялық дағдарыстың алдын алып, осы салада елеулі нәтиже бере алмайды. Осы үдерістерді ұғыну қоршаған ортаны қорғау бағыттары мен қағидаларын ұстануды талап етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық дереккөздерге халықаралық конвенциялар, шарттар, келісімдер, резолюциялар, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы халықаралық ұйымдардың құжаттары жатады. Бұл жерде БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы маңызды орын алады. Қоршаған ортаның құқығы халықаралық құқықтың теңіз, атом, ғарыш және басқа салаларымен тығыз байланысты.

1948 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтары туралы жалпы декларацияда адамдардың қолайлы табиғат ортасына құқығы тікелей көрсетілмеген. Мұнда адамның өмірі мен денсаулығын сақтау құқығын бекіту жеткілікті болып табылатын.

1962 жылы 18 желтоқсанда ЮНЕСКО ұсынған бастамалар мен ұсыныстар мақұлданған «Экономикалық даму және табиғатты қорғау» резолюциясы қабылданды. Осы резолюцияда үш негізгі ереже белгіленеді:

— біріншіден, қоршаған ортаның жиынтығын, флора мен фаунаның табиғат ресурстарын біртұтас ретінде қарау;

— екіншіден, «табиғатты қорғау» терминінің «қоршаған ортаны қорғау» терминімен бірігуі;

— үшіншіден, табиғатты қорғау және экономикалық даму мүдделерінің органикалық үйлесу тұжырымдамасы.

1968 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзаттың негізгі құқықтарын сақтау үшін экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы қоршаған ортаның маңызды рөлін көрсететін резолюцияны қабылдады. Осы саладағы көзқарастар дамуында қатаң даулар мен пікірталастар қатар жүрді. Мысалы, жасыл революцияға өз үлесін қосқаны үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанған америкалық ғалым Норма Э. Борлоуг ДДТ және уландыратын химикаттарға тыйым салуға қарсы болып және табиғатқа араласуды шектеу туралы пікірлерді сынаған. Стокгольм конференциясында Бразилия делегациясының басшысы Мигель А. Оскарио де Альмейро қоршаған ортаға қауіп төнгендігі жайындағы дабылдың негізді екендігіне күмән білдірді: ол жасаған баяндаманың мәні мынадай. «Бізге поляр мұздарының еруі қатты қауіп төндіреді, өйткені оның салдарынан көптеген ірі қалаларды су басып қалуы мүмкін, оттектің шамадан тыс көп тұтынылуы да оның жер бетіндегі қорларының таусылуына әкеледі. Бізге қатерлі ісік аурулары мен ашаршылық қаупі төніп тұр. Мұндай қорқынышты көрегендіктерді естіп, осы қауіптердің болуы қаншалықты мүмкін және де олар қашан болады? деген сұрақ туындайды. Осы болжамдардың жүзеге асырылу мерзімдеріне келетін болсақ, алдағы онжылдықта алдын алу шараларын қолдану қажет. Алайда, тағы да жүз жыл уақытымыз болса, біз өз білімізді кеңейтіп, тереңдетер едік, яғни осы мәселені шешу кезінде орын алатын кейбір қателердің тәуекелін азайтар едік. Ал егер де бұл жүздеген, мыңдаған немесе миллион жылдар болса, онда бұл мәселені ұмытайық».

Халықаралық экологиялық ынтымақтастықтың алғашқы қағидалары 1972 жылы қоршаған орта мәселелері жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясының Декларациясында қарастырылған. Бұл құжатта кіріспе ретінде, ең алдымен, ғаламдық экологиялық мәселелердің мәні мен себептері туралы талқылаулар келтірілген, олар халықаралық ынтымақтастықтың қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық сияқты жаңа бағытының қажеттілігін түсіндіреді. Содан кейін, адамның осындай қоршаған ортаға құқығы жариялана отырып, 26 қағида тұжырымдалды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеудің халықаралық-құқықтық қағидаларын жүйелендірудің келесі қадамы — БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлданған және 1982 жылы 28 қазанда салтанатты түрде жарияланған Дүниежүзілік табиғат хартиясы.

Дүниежүзілік табиғат хартиясында Стокгольм декларациясының кейбір қағидалары қайталанады. Бірақ, ол қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың халықаралық занды қағидаларымен ұштасуда. Бұл Декларация мен Хартияның бірқатар ерекшеліктерін салыстыру кезінде байқалды. 1980 жылы қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы «Мемлекеттердің қазіргі және болашақ ұрпақ үшін Жер табиғатын сақтаудың тарихи жауапкершілігі туралы» резолюцияны қабылдады. Резолюция қару-жарақтарды қысқарту және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуге барлық мемлекеттер мен халықтарды шақырды.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидалары 1992 жылы маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ конференциясының қатысушылары қабылдаған Қоршаған орта және даму жөніндегі декларацияда баяндалған. Рио-де-Жанейродағы декларацияда Қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ-ның конференциясы 1992 жылдың маусым айының 3-нен 14-не дейінгі аралықта өткізілген. Бұл конференцияның мақсаты — 1972 жылы Стокгольмде өткен конференциядан кейін 20 жыл ішінде жасалынған жұмыстармен жан-жақты танысу және бірқатар маңызды құжаттарды қабылдау.

Қоршаған ортаны қорғау қағидаларын құқықтық және мағыналық мәні бойынша тоғыз топқа бөлуте болады. Бірінші топқа қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға

деген адам құқығының басымдылықтарын айқындайтын қағидалар жатады. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша адамдар туралы қамқорлық негізгі орын алады. Адамдар табиғатпен үйлесіп сауатты және жемісті өмір сүруге құқылы. Даму саласы мен қоршаған орта саласындағы бүгінгі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін әділетті қамтамасыз ету үшін даму құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қоршаған ортаны қорғау даму үдерісінің ажырамас бөлігін құруы керек және жеке-дара қаралмауы тиіс.

Стокгольм декларациясының екінші қағидасы ауа, су, жер, флора және фаунаны қосқанда Жердің табиғат ресурстары, әсіресе репрезентативті табиғи экожүйелері мұқият жоспарлану және басқарылу арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне сақталуы керек деп жариялайды.

Қағидалардың екінші тобы табиғат ресурстарын пайдалануға мемлекеттердің еркіндігін жариялайды, Әсіресе, бұл Стокгольм конференциясының 21 -қағидасында көрсетілген: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаларына сәйкес, мемлекеттер қоршаған орта мәселелеріне қатысты өзінің ұлттық саясатына байланысты өз ресурстарын пайдалану құқығына ие, яғни оларға өздерінің юрисдикциялары мен бақылауларының шегіндегі қызмет ұлттық юрисдикциядан тыс жатқан басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортасына залал келтірмеу жауапкершілігі жүктеледі».

Мемлекет қоршаған орта саласында тиімді заң актілерін қабылдайды. Экологиялық стандарттар, регламенттер мақсаттары мен басымдықтар олар қолданылатын экологиялық шарттар мен даму шарттарын көрсетуі керек. Бір мемлекет қолданатын стандарттар басқа мемлекеттердің негізделмеген экономикалық және әлеуметтік шығындарымен қатар жүруі мүмкін.

Стокгольм декларациясы секілді Дүниежүзілік табиғат хартиясының да мемлекет пен халықтардың қоршаған ортаға қатысты мінез-құлықтарына басшылық ететін қағидалары бар, олар мемлекетаралық қатынастар саласына ғана емес, сондай-ақ ішкі мемлекеттік құқықтық қатынастарға, адамдардың жеке немесе ұжымдық мінез-құлықтар саласыңа бағытталған. Дүниежүзілік табиғат қорғау хартиясында былай делінген: Хартияда көрсетілген қағидалар әрбір мемлекеттің завдары мен тәжірибесінде, сонымен қатар халықаралық деңгейде қолданылуы керек.

Рио-де-Жанейро декларациясының 8-қағидасында тұрақты дамуға және мемлекеттегі барлық адамның өмір сүру сапасын арттыру үшін өндіріс пен тұтынудың тіршілікке қабілетсіз үлгілерін шектеп, сәйкес демографиялық саясатты марапаттауы тиіс деп көрсетілген.

Қағидалардың үшінші тобы азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттерін сипаттайды. Әр адам Дүниежүзілік табиғат хартиясының ережелеріне сәйкес әрекет етуі тиіс, жеке әрекет ететін әр адам алға қойған мақсаттарына жетуге және осы Хартияның ерекшеліктерін орындауға тырысуы керек (24-тармақ).

Рио-де-Жанейро декларациясьшда осы ережелер келесі түрде тұжырымдалған:

  • «әйелдер қоршаған ортаны тиімді пайдалануда өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан да, олардың жан-жақты қатысуы тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажет»;
  • тұрақты дамуға қол жеткізу және жоғары деңгейдегі болашақты қамтамасыз ету үшін ғаламдық іскерлікті қалыптастыру мақсатында әлем жастарыньщ күш-қуаты мен шығармашылық ауқымды серіктестікті құру мақсатында әлем жастарының ерлігін және идеалдар мен шығармашьшық күштерді жұмылдыру керек;
  • тұрғылықты халық және оның қауымы, сондай-ақ басқа да жергілікті қауымдар қоршаған ортаны тиімді пайдалануда және жақсартуда маңызды рөл атқаруы тиіс. Мемлекет олардың мәдениеті мен мүдделерін танып, қолдауы керек және де олардың тұрақты дамуға қол жеткізуге тиімді қатысуын қамтамасыз етуі тиіс;
  • қанау, үстемшілік және оккупация жағдайларында тұратын халықтардың табиғат ресурстары мен қоршаған ортасы қорғалуы керек.

Төртінші топ қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті көрсетеді. Стокгольм декларациясының 4-қағидасы бірқатар жағымсыз факторларға байланысты қауіп төнген тірі табиғат пен оның ортасын сақтау және саналы түрде басқару үшін адам баласына жауапкершілік жүктеуді насихаттайды. Ол Дүниежүзілік табиғат хартиясында келесідей көрсетіледі: «Жердің генетикалық негізіне қауіп төнбеуі керек; өмірдің әрбір формасындағы жабайы және үй жағдайындағы популяциялар сақталуы қажет (2-қағида); табиғатты сақтау жөніндегі қағидалар жер беті, қүрлық пен теңіздің барлық бөлігінде қолданылуы керек; экожүйенің барлық түрлері мен сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған түрлерді ерекше қорғауға алу керек (3-қағида); адам баласы қолданатын экожүйелер мен ағзалар, сонымен қатар құрлық, теңіз және атмосфера ресурстары экожүйе мен оның бөліктеріне зиян келтірмей, оңтайлы және түрақты өнімділікті қамтамасыз және сақтай отырьш басқарылуы керек (4-қағида).

Бесінші топ табиғат ресурстарын пайдалануда басымдықтарды көрсетеді. Дүниежүзілік табиғат хартиясында табиғат ресурстарын ысырап жасамай, орынды пайдалану қарастырылған (10-қағида):

а) биологиялық ресурстар олардың қалпына келу табиғи қабілеттерінің шегінде қолданылады;

ә) топырақтың өнімділігі оның ұзақ мерзімді құнарлылығын сақтау шаралары, органикалық заттардың шіру үдерісі және эрозияға жол бермеу шаралары арқылы жақсарады;

б) көп рет пайдаланылатын ресурстар, оған су да жатады, олар қайта пайдаланылады немесе қайта реттеледі;

в) бір рет пайдаланылатын қайталанбайтын ресурстар олардың қоры, тұтыну үшін оларды қайта өңдеудің оңтайлы мүмкіндіктері ескеріле отырып пайдаланылады.

Стокгольм декларациясының 3 және 5-қағидалары орны толатын және орны толмайтын ресурстарды қорғауға арналған. Біріншісі олардың ұдай ондірісіне табиғаттың табиғи қабілеттіліктерін қолдау арқылы сақталуы тиіс. Орны толмайтын ресурстар болашақта олардың қоры сақгалатындай жэне халықаралық кеңістікте оларды пайдаланудан бүкіл адамзат пайда табатындай әзірленуі тиіс.

Алтыншы топты қоршаған ортаның ластануына және табиғатқа басқа да зиян келтіретін әрекеттерге жол бермеуге бағытталған қағидалар құрайды (Стокгольм декларациясының 6 және 7-қағидалары). Осы мәселе бойынша Хартияда былай деп жазылған: табиғат жүйелеріне ластаушы заттарды тастаудан бас тарту қажет, ал егер де ол мүмкін болмаса осы ластаушы заттар сол шығарылған жерде қайтадан зарарсыздандырылуы керек, сондай-ақ радиоактивті және улы қалдықтарды тастауға жол бермеу мақсатында ерекше шаралар қабылдануы тиіс (12-қағида).

Табиғатқа зиян келтіретін іс-әрекет бақылауға алынуы тиіс және табиғатқа келтірілетін зиянды салдардың мөлшерін азайтатын технологияны қолдану керек. Атап айтқанда:

а) табиғатқа орны толмас зиян келтіретін іс-әрекеттен бас тарту қажет;

ә) табиғатқа қатты қауіп төндіретін іс-әрекеттен бас тарту қажеттігі. Осы іс-әрекетті жүзеге асыратын тұлғалар одан келетін пайда, табиғатқа келетін зияннан елеулі болатынын дәлелдеулері керек;

б) табиғатқа зиян келтіретін іс-әрекеттің алдында болатын салдарға алдын ала баға берілуі тиіс;

в) ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, орман шаруашьшығы және балық аулау саласындағы іс-әрекет аудандардағы табиғат ресурстарының ерекшеліктері мен қорлары ескеріле отырып жүргізілуі керек;

г) адам әрекетінің нәтижесінде құлдыраған аудандар өзінің табиғи әлеуетіне және осы аудандарда түратын халықгың әл-ауқатының талаптарына сәйкес қалпына келтірілуі тиіс (11-қағида).

Қоршаған ортаны қорғау қағидаларының ішіндегі ең ауқымдысы жетінші топ, онда осы саладағы тығыз және тиімді халықаралық ынтымақтастыққа бірігу ұсынылған. Мемлекеттер Жер экожүйесінің жақсы жағдайы мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында ғаламдық серіктестік бағытында ынтымақтастық жасасады. Ғаламдық қоршаған орта жағдайының нашарлауына қосқан «үлесі» үшін мемлекеттер ортақ, бірақ әр түрлі жауапкершілікті мойнына алады. Дамыған елдер өздері игерген қаржы және технологиялық ресурстар арқылы, ғаламдық қоршаған орта мен қоғамға келтірген «стресті» ескере отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық күштер аясында жауапкершілікті мойындайды.

Рио-Де-Жанейро декларациясының 12-қағидасында былай делінген «Қоршаған орта жағдайьшың нашарлау проблемаларын тиімді шешу үшін мемлекеттер барлық елдердің тұрақты дамуы мен экономикалық өсуіне ықпал ететін қолайлы және ашық халықаралық экономикалық жүйе құруда ынтымақтастық жасасуы керек. Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында қабылданатын сауда саясаты саласындағы шараларда туынды немесе ақталмаған дискриминация қүралдары немесе халықаралық сауданың жасырын шектеулері болмауы керек. Импорттайтын елдің юрисдикциясынан тысқары экологиялық міндетгерді шешу бойынша біржақты әрекеттерден бас тарту қажет. Трансшекаралық немесе ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған қоршаған ортаны қорғау саласындағы шаралар халықаралық консенсусте негізделуі керек. Мемлекетгер экологиялық зиянньщ және басқа да ластану құралдарының құрбандарына өтемақы төлеуге және жауапкершілік алуға қатысты ұлттық заңдарды әзірлеп шығаруы тиіс. Мемлекеттер жедел әрі оңтайлы түрде экологиялық зиянның жағымсыз салдарына өтемақы төлеуге және жауапкершілікті мойнына алуға қатысты халықаралық құқықты әзірлеп, оны одан әрі жетілдіру мақсатында бірігулері керек (13-қағида). Мемлекеттер орасан зор экологиялық зиян келтіретін немесе адамның денсаулығына зиянды деп саналатын заттардың кез келген түрлерінің басқа мемлекеттерге тасымалдануына жол бермеу мақсатында тиімді жұмыс жасауы тиіс (14-қағида). Қоршаған ортаны қорғау мақсатында мемлекеттер өз мүмкіндіктеріне сэйкес сақтану шараларын қабьшдау қағидасын кеңінен қолданады. Толық ғылыми сенімділіктің болмауы, маңызды немесе орны толмайтын зиянның қаупі төнгенде қоршаған орта жағдайының нашарлауын алдын алу жөнінде тиімді экономикалық шараларды қабылдауды кейінге қалдыруға болмайды (15-қағида), Ұлттық өкімет экологиялық шығындарды интернационалдандыруға ықпал етуге және экологиялық құралдарды пайдалануға тырысуы керек. Бұл жағдайда қолданылынатын тәсілге сәйкес халықаралық сауда қоғам мүддесін ескере отырып, ластануға байланысты шығындарды жабуға міндетті (16-қағида).

Ұлттық құрал ретінде экологиялық салдардың бағалануы қоршаған ортаға елеулі жағьщсыз әсер ететін және құзырлы ұлттық органның шешімімен бекітілетін іс-әрекеттердің болжамды түрлеріне қатысты жүзеге асырылады (17-қағида).

Мемлекет басқа мемлекеттерге осы мемлекеттің қоршаған ортасын зиянды салдарға ұшырататын кез келген апаттар мен төтенше жағдайлар туралы мәлімдейді. Халықаралық қауымдастық зардап шеккен мемлекеттерге жәрдем беру үшін барлық мүмкіндікті жасайды (18-қағида).

Мемлекеттер мемлекеттерге айтарлықтай жағымсыз трансшекаралық салдары бар іс-әрекеті туралы тиісті ақпараттар беріп, алдын ала дер кезінде мәлімдеуі тиіс және осы мемлекеттер мен ерте кезеңде ерікті түрде кеңес береді (19-қағида).

Мемлекеттер ғылыми-техникалық білімдермен алмасу және жаңа технологияларды кеңінен әзірлеу, бейімдеу, тарату және беру арқылы ғылыми түсініктерді тереңдетудің арқасында түрақты дамуды қамтамасыз ету үшін үлттық әлеуетті арттыру жөніндегі іс-әрекетті нығайту мақсатында бірлесуі керек (9-қағида).

Дамушы елдердің, ең алдымен, даму деңгейі жоғары емес және экологиялық түрғыдан қолайсыз аймақтарға ерекше назар аударылады. Қоршаған орта және даму саласындағы халықаралық іс-әрекеттер барлық елдердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.

Сегізінші топ ақпарат алу құқығын қамтамасыз ететін қағидаларды сипаттайды. Рио-де Жанейро Декларациясының 10-қағидасына сәйкес, экологиялық мәселелер тиісті деңгейде барлық мүдделі азаматтардың қатысумен нәтижелі түрде шешіледі. Әр адам үлттық деңгейде мемлекеттік органдардың билігіндегі қауіпті материалдар мен іс-әрекеттер туралы ақпаратқа қол жеткізуі және шешім қабылдау үдерісіне қатысуға мүмкіндігі болуы керек. Мемлекеттер ақпаратты кеңінен ұсыну арқылы халықтың кең ақпараттануы мен қызығушылық танытуына қол жеткізе алады. Сот шығындарын өтеуді қосқанда сот және әкімшілік процедураларды пайдаланудың тиімді мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Тоғызыншы топ қарулы жанжалдар жағдайларында қоршаған ортаны қорғау міндеттерінен тұрады. Соғыс тұрақты даму үдерісіне кері әсер етеді. Сондықтан да, мемлекеттер қарулы соғыс кезінде қоршаған ортаны қорғап, халықаралық құқықты құрметтеуі және қажет болған жағдайда бұдан әрі даму ісінде бірігулері қажет. Бейбітшілік, даму және қоршаған ортаны қорғау өзара тәуелді және бір-бірінен ажырамайды. Мемлекеттер өздерінде туындайтын барлық экологиялық дауларын бейбітшілік жолмен және БҰҰ Жарғысына сәйкес тиісті әдістермен шеше алады.

Әрине, қоршаған ортаның қорғалуын реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру үрдісі 90-жылдары жаңа деңгейге шықты. Қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ конференциясының құжаттарында баяндалған ұсыныстар мен қағидалар ескеріле отырьш, әлемнің бірқатар елдерімен тұрақты даму бойынша БҰҰ Комиссияның шешімі, қоршаған орта және даму жөніндегі ұлттық бағдарламалар қабылданды.

БҰҰ конференциясында қабылданған «XXI ғасырдың күн тәртібінде» әлемдік қауымдастық болашақта үйлесімді дамуға қол жеткізу үшін қоршаған ортаны сақтау және әлем халықтары үшін салауатты экономиканы қальштастыру мақсаттары қарастырылған. Бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, биологиялық алуандылықты сақтау, жоғары технологиялар мен химиялық заттарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қолдануды болжайды.

Осы шараларды жүзеге асыру әлеуметтік, экономикалық және экологиялық саланың тұрақты жұмыс жасауын, үйлесімді өзара әрекет етуі мен қозғалысын сипаттайтын өзара байланысты маңызды индикаторлар өзгерісінің оң қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай әдіс жеке қызығушылықтар мен ерекшеліктерді ескере отырып «XXI ғасырдың күн тәртібінде» көрсетілген қағидалар негізінде тұрақты даму моделіне өту қажеттілігін қарастырады.

Тұрақты даму үлгісі кез келген әлеуметтік үлгі секілді бірлескен компоненттер жүйесін, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық даму үдерісінің негізгі мазмұнын көрсететін мәндік қатынастарды және байланыстарды ұсынады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз