Қорқыт ата кітабы — Ашық сабақтар

0

Тақырыбы: «Қорқыт ата кітабының» тарихилығы.
Мақсаты: 
1.  «Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
          2.Әңгімелерін талдау арқылы өзіндік жұмыс істеуге машықтау,  
              шығармашылықпен жұмысқа жетелеу.
3.Елін, жерін сүюге, жамандық пен жақсылық шегін айыра білге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсіл: мәнерлеп оқу,талдау,салыстыру,іздендіру,анализдеу
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аудио диск, Қорқыт ата портреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Кезекшінің мәлімдемесі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 
1.    Күлтегін жырлары туралы әңгімелеу.

ІІІ.Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
Оқушыларға Қорқыт күйін тыңдатамын
Тақтада қобыздың суреті көрсетіледі
Ойларыңа ең бірінші қандай ой келеді?
Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атаның кітабы туралы әңгімелесеміз.
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы.
Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру
   Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар.
Оқушыларға алдын ала тапсырма берілген болатын.Оқушылар екі топқа бөлінген. Зерттеушілер және әдебиетшілер тобы.
Әдебиетшілерімізге сөз берейік
 «Қорқыт ата кітабын» ҮІІІ ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата («Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: 
1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;
2. Қазансалар ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;
3. Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;
4. Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;
5. Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;
6. Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;
7. Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;
8. Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
9. Бегила баласы Әмрен туралы жыр;
10. ‡йсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;
11. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;
12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.

Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған…оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған».
Зерттеушілерге сөз берейік
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі – 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес.

Ал, енді әдеби талдауларға көшейік.        Күй тыңдалады
«Қорқыт пен ажал»
Қорқыт қашып ажалдан,
Аңыратты қобызын.
Қобызында көп арман – 
Тоқсан толғау әдемі үн
Желмаясын желдіртіп,
Ілгері басып келеді.
Күй сарыны – сел тасқын,
Күңірентіп келеді.
Тасы құлап жартастың
Жаңғыртты даланы.
Құйын боп та ұйытқыды,
Ну орманды шулатып,
Дауыл боп та жүйіткиді.
Көл-өзенді тулатып.
Қас қаққанша кенеттен
Баурап бәрін биледі,
Боздағандай беубеулеп, 
Жас төгеді күй легі.

          Сатылай кешенді талдау.Зерттеушілер
«Қорқыт пен ажал» аңызы.
Авторы: халық
Тақырып. Өліммен күресу.
Жанры:
Идеясы: Мәңгілік өмірді іздеп, ажалмен күресу.

1.    Өлең құрылысына талдау.Әдебиетшілер
Шумақ: 1
Тармақ: 19
Бунақ: Бунақ-белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі 2
Буын саны: 7
Ұйқас: қара өлең ұйқасы
Өлең құрылысы дегеніміз не, қане естерімізге түсірейік
Өлең құрылысы – өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі, оның ырғағына, дыбыс ұндестігіне тән ерекшеліктерді бергілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар.
Идеясы қандай және идея деген не?
Идея- шығармада суреттелген қоғамдық жағдай, өмір, тағдыр адам болмысы мәселелеріне жазушының жеке қатынасын, көзқарасын аңғартатын ұғым.

2.    Теориялық талдау.

сөйлем    дауысты    дауыссыз    жуан    жіңішке    ашық    қысаң    еріндік    езулік    ұяң    үнді    қатаң
Ұл ақылды хош көрмес — ата үлгісін көрмесе, 
Қыз жарылқап ас бермес — ана үлгісін көрмесе.    30    40    14    16    19    11    7    23    6    17    17

3.    Синквеин  (5 жолды өлең.)
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзді сөйлем
1 зат есім

 

Қорыту:
Ал енді сабақты қорыту мақсатында тест тапсырмасын орындайық.
Тест
1.    Қорқыт ата кім?
1.    Хан, әмірші
2.    Батыр, қолбасшы
3.    Жырау, күйші
4.    Жазушы, ақылшы
5.    Аудармашы, жүргізуші
6.    Композитор, тарихшы
2.    Аңыз әңгімелердің ертегідер айырмашылығын көрсетіңдер:
1.    Кейіпкерлері тарихта болған адамдар
2.    Қиялдан туған адамдар
3.    Қысқа айтылуы
4.    Көлемінің шағындығы
5.    Ерекше басталуы
6.    Еш айырмашылығы жоқ
3.    Қорқыт өмір сүрген ғасыр
1.    ІХ ғасыр
2.    Х ғасыр
3.    ХІ ғасыр
4.    ҮІ 
5.    ҮІІ
6.    ҮІІІ
4.    Қорқыттың күйі:
1.    «Аққу»
2.    «Адай»
3.    «Ақ жауын»
4.    «Бұлбұл»
5.    «Сарыарқа»
6.    «Желмая»
5.    «Қорқыт ата кітабы» қанша жырдан тұрады?
1.    9;
2.    10;
3.    11;
4.    12;
5.    13;
6.    14;
6.    Қорқыттың қарындасы:
1.    Ақтамақ
2.    Қарашаш
3.    Ақлима
4.    Айсұлу
5.    Айқара
6.    Айшолпан
Индексі: 

3    2    6    6    4    1

Бағалау: тест тапсырмасының нәтижесі бойынша бағалау.
«5» — 5-6
«4» — 4
«3» — 3
«2» — 1-2

Үйге берілетін тапсырма: 
Қорқыт ата туралы аңыздар табу (реферат даярлау)

Қобыз туралы, қобызда тартылатын күйлер туралы қосымша деректер жинау

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!