Қоректік тізбектер слайд,презентация

0

Қоректік тізбектер слайд,презентация

 

Қоректік тізбектер

 

Қоректену тізбегі. Биогеоценозда барлық тіршілік иелері қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа(3-4 буыннан тұрады). Мысалы, ағаш – құрт – құс – жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар- жыртқыш балықтар- адам.
Редуценттерге негізінде өліктер мен экскременттерде мекендеп, оларды біртіндеп ыдырататын микроорганизмдері (бактериялар, ашытқы микроорганизмдері, саңырауқұлақтар – сапрофиттер) жатады. Саңырауқұлақтар негізінде өсімдіктердің клеткаларын, ал бактериялар жануарлар өлекселерін ыдыратуға қатысады. Микроорганизмдер басқа да функцияларды атқарады, олар ингибиторлар (мысалы, антибиотиктер) немесе, керсінше, жылдамдатқыш – заттар (мысалы, кейбір витаминдер) түзеді, олардың экологиялық маңызы өте жоғары, бірақ та осы уақытқа дейін толығымен зерттелмеген.
Қоректік тізбектегі I-IV деңгейлер- жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбекке жатады.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады.
Экожүйенің өнімділігі – трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.
Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:
    I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер немесе өндірушілер. Продуцентерге өздерінің денелерінің бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автотрофтық организмдер жатады. Олар өздерінің тіршілік етуіне қажетті органикалық заттарды күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан, немесе бейорганикалық заттар тотығуынан өздігінен өндіре алатын тірі организмдер. Автотрофты организмдерге фотосинтезге қабілетті жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді.
Келесі трофикалық деңгейлерге (ІІ-ІІІ т.б…трофикалық деңгейлерге) консументтер жатады. Консументтер – бұлар гетертрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық заттарды қорек көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер. Бұларға барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің көбі, паразиттік және жәндік қоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бірінші және екінші реттік болып бөлінеді:
II- трофикалық деңгей — шөпқоректі жануарлар немесе фитофагтар – I-қатардағы консументтер немесе тұтынушылар, бұған өсімдік қоректі жануарлар жатады.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!