қоян туралы сабақ жоспары, сурет салу
Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету. Балалардың үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құра білуге, балалардың тілдік қорын дамытуға, жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қоян — заяц — rabbit
Әрекет түрі Тәрбиешінің іс — әрекеті
Баланың іс — әрекеті
Мотив. қозғаушы күш
Ізденуші – ұйымдастырушы
Рефлекті — қорытынды Шаттық шеңбері:
Сәлем деймін күнге мен
Сәлем деймін мен саған
Сәлем деймін апайға
Қонақтарға достарға
— Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін табасыңдар ма?
Ұзын құлақты, жылдам аяқты
Сәбізді жақсы көретін ол не?
— Қоянның суретін көрсете отырып, балаларға қоянның қайда тіршілік ететінін, құлағы неге ұзын екенін қалай секіретіні жайлы айту.
Видео көрсету
Қоян — жазда аптап ыстықта қоянды қызып кетуден сақтайтын ұзын құлағы ағзадағы ыстықты белсенді түрде шығарады.
Ал жаңбырда су тимес үшін ұзын құлағын бүгіп алады.
Сағатына 50 шақырым жылдамдықпен табандарын серпіте алады, тістері өмір бойы өседі, тері түстерін өзгертіп отырады жазда – сұр, қыста — ақ
Қоянның баласын – көжек дейді.
Тосын сый: «Қоян қонаққа келеді»
— Сәлеметсіз бе, қоян! Сен неге жылап жүрсің?
Сәлеметсіңдер ме балалар мен мына суретті құрай алмай жүрмін артында көп тапсырмалар бар екен орындай алмай жүрмін, көмектесесіңдер ме?
Ойын: Пазл құрастыру
Қоян туралы тақпақ кім біледі?
Қоян туралы кім мақал біледі?
Қоян туралы жұмбақ: Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады
Қорыққанда жол аяқ
Отырғанда томардай – ақ
Қысқа емес — ұзын
Батыр емес — қорқақ
Қорегі оның қияр емес — сәбіз
Ойын: «Қимылды келтір»
Шарты: Аңдардың қимылын музыка әуенімен келтіру.
— Ал балалар қоянға арнап сурет салып береміз бе?
Ақ қағаз бетіне сопақша пішімді пайдаланып қоянның суретін көк түсті сулы бояумен боятып салдырту.
Сергіту сәті: Қояным, қояным
Орныңнан тұршы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Бетіңді жушы
Ортыңда секірші
Секір, секір, секір
Салып болған балалардың суретін көрсетіп, көрме жасау.
Балалар қандай аң?
Ол қайда мекендейді?
Қоян немен қоректенеді?
Балалар сендер бүгін ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңдар, мен сендерге қоянның суреті бар медаль беремін.
Қоштасу
Шаттық шеңберін қимылмен орындайды.
Ия
Қоян
Қоян туралы видеоны қызығушылықпен қарайды.
Ия көмектесеміз
Ажар: Ақ қоян – ау, ақ қоян
Кетпе деймін қасымнан
Барма сірә, мұндай – ақ
Өз — өзінен шошынған
Еркеназ: Мен кішкентай көжекпін
Үркек емес өжетпін
Маған жорға жеткен – ай
Үлкендерден кезектің
Ханшайым: Ақ қоян – ау, ақ қоян
Үркек қоян сақ қоян
Қаша берсең орманға
Қорқағым деп ат қоям
Диас: Мал жуасы — қой
Аң жуасы — қоян
Еркенұр: Асықпаған арбамен қоянға жетеді. Қоян көлеңкесінен қорқады.
Мұстафа: Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді
(қоян)
(қоян)
(қоян)
Аңдардың қимылын келтірді.
Ия салып береміз
Қоянның суретін салады.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Қорқақ, құлағы ұзын
Орманда
Сәбізбен
Күтілетін нәтиже:
БІЛУ КЕРЕК: Аңдар тіршілігі жайындағы түсініктері болу
БОЛУЫ КЕРЕК: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу
ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: Қағаздан көлемді пішінді қоян бейнесін жасай білу
Дереккөз: http://bilimsite.kz/