Қоғамның жіктелуі слайд,презентация

0

Қоғамның жіктелуі слайд,презентация

 

Қоғамның жіктелуі

 

             
            1) Адамзат қоғамының пайда болуы дамуы ұзақ та күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 50-40 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық-туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл – құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын. 

             2) Келе-келе адамдардың шеберліктері артып, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесіндеқоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұның өзі қоғамда бір-біріне қарама-қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамдағы басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

                
        
            3) Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Бұл – негізінен қол еңбегі мен қарапайым техникаға сүйенген мардымсыз ауыл шаруашылығы басым қоғам. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған. Мемлекеттік билік – атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын монархиялық билік түрінде жүзеге асырылып отырды. Дін иелері мен фоедалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды.
 
            Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250 жылдар бұрын қалыптасқан. Батыс елдердегі өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машинаналар келді. Мемлекеттік және халықаралық шеңберде нарық қатынастары қалыптаса бастады. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіб шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкелді. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады. 
       
            4) Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы ХХ ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атаулармен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді атаулар кездеседі.
           Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көнтеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
                Қоғам халқының 60-80%-ын ауқатты, жан-жақты жетілген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл – саяси жүйеде дамыған демократиялық қатынастар, яғни билік органдарын халықтың өзі сайлап, өзі бақылайтын қатынастардың орын алуы, жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына толық кепілдік берілетін қоғам.
             Әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай сатыға қол жеткізуді мақсат етіп, ұмтылыс жасауда.
              Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі ілгерілеп даму, бір күйден екінші бір күйге ауысып отыру тән.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!