Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе, тәрбиелік пікірталас, дебат жоспары
Тақырыбы: «Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?»
Мақсаты:
Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: пікірталас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Пікірталас мазмұнымен таныстырып өтейін:
1. Пікірталасқа 5 оқушы қатысады.
2. Пікірталасқа оқушылары өз ойларын баяндайды.
3. Пікірталасқа қатысып отырған оқушылары бір — бірлеріне сұрақ қояды.
«Қоғамдық ортада өзіңді ұстай білесің бе?» тақырыбы бойынша
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.
Деген мақсатта пікірталас ұйымдастыруға шақырамын
1 — қонағымыз — Жұмабекова Индираның шақырамыз:
Жүргізуші: Тәрбиелі қыздар көпшілік ортада қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
ТӘРБИЕЛІ ҚЫЗДАР Көпшілік ортада:
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бар жатып тайып кеткен кісіне сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды.
Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі.
Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.
Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді.
2 — қонағымыз — Кәдірова Гүлжайнаны ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Кітапханада қалай ұстау керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Кітапханада:
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды.
3 — қонағымыз — Төреахметов Даниярды ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Мұражай мен көрмеде оқушылар өзін қалай ұстау керек?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Мұражай мен көрмеде:
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді.
4 — қонағымыз — Жұмабаева Гүлзатты ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Театрда оқушылар өздерін қалай ұстай керек. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Театрда:
Спектакльдің басталуына 15 — 20 мин. қалғанда келеді. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады.
Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді.
Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді.
Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады.
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді.
5 — қонағымыз — Жанұзақ Үмітті ортаға шақырамыз:
Жүргізуші: Сұрақ: Қоғамдық ортада жастардың мәдениеті қандай?
Өз — өзін ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу жағы?. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
Жанұзақ Үміт:
Қазіргі көпшілік жастар қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстамайды. Оны айтпаса да көрініп тұрған нәрсе. Бірақ бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды. Жастар өзгеріп барады. Мүлдем мәдениетсіздік орын алып барады деген көлденең пікірлерге қарсымын. адам өзін — өзін көпшілік ортада қалай ұстау керек, әсіресе жастар. Менің ойымша жастар көпшілік ортада өзін салмақты, тәртіпті, байсалды, жігерлі ұстауы керек.
Сұрақ — жауап: Келген оқушыларға өз ойларын әрі қарай жалғастыру үшін сұрақтар берілді.
1. Мектепте оқушылар қалай ұстау керек?
2. Көшеде өзін қалай ұстау керек?
3. Қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек?
4. Жақын достарыңның арасында өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
«Домино» ойыны:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек.
«Білген сайын келеді біле бергім.»
Жүргізуші: Сонымен құрметті көрермендер, пікірталастың шешуші сәтіне келіп жеттік. Пікірталасқа қатысып өз ойларыңды ортаға салып, қатысқандарыңызға көп — көп рахмет. Сау болыңыздар!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Мыржақыпова Меруерт