«Қиялыма шабыт берген- шұғылалы Астана» эссе

0


Тақырыбы: «Қиялыма шабыт берген- шұғылалы Астана» эссе

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: Барлық сыныптар

Астана туралы эссе.

Курамысова Жансая АдилгалиевнаМКҚК №17 «Шұғыла» МДҰ қазақ тілі мұғалімі

Қиялыма шабыт берген -шұғылалы Астана

Сөз шебері -Мұхтар Шаханов: «…Ғашық көңіл- мәңгі жасыл айдын көл, Ғашықтықпен өткен күндер ғана –өмір, Ал қалғаны- жай күндер… »деп ғажап айтқан. «Астана» дегенді естісем,санамда мәңгі жасыл бақ орнайды, көңілімдегі әуен бағында бұлбұл құстар ән шырқайды, қиялыма қанат бітеді, шабытыма шабыт қосылады. Себебі, мен ғашықпын. Иә, иә,рас ғашықпын. Өнер- білімнің ордасы –Астанаға. Сұлулығыңа көз тоймас арайлы қалам. Сенің ауаңды жұтып, киелі мәдениет ошақтарына барып, рухани біліміңнен сусындасам шіркін! Астананы аралау, мен үшін- арман! Аяқ баспасам да, қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап тұрған заманында Астананың ішінде жүріп аяқпен киелі жерін басқандай боласың! «Астана- білім мен ғылымның ордасы» деп дұрыс айтылған. Ақтөбе МПИ білім алып жүргенімізде институт ректоры болған керемет,ғажайып жан -Ғ.Нұрышев ағайымыз: «Сарыарқаның сайын дала төрінде көзді ашып – жұмғанша Елбасымыз ғажайып қала орнатты. Сендер бақытты ұрпақсыңдар!» деп жиі айтатын. Расында біз бақыттымыз. Астанадай- елордамыз, Нұрсұлтандай- ел басшымызбен бақыттымыз. Жиырма жылдығыңа жүрек жарды жырымды тарту етемін:Мен ғашықпын, ақындардың ұлағатты сөзіне,Мен ғашықпын, Сарыарқадай сайын дала төріңе,Мен ғашықпын, білім қуған,өнер қуған өңірге,Мен ғашықпын,ғашықпын мен ғажап қала өзіңе!Бәлкім сен- Жерұйық шығарсың?Бабамның іздегені,Жылдар бойы жер таппай көздегені?Бәлкім сен –«ұшатын кілем» шығарсың?Аңыздың өңделгені.Иә,сен- тылсым сырсың,Тарихтың тексергені.Ұқтым,Сен- білім қайнарысыңЖастардың іздегені!Сырласқым келеді,Шер тарқатып жай ғана.Ғашық көңіл ұша алады айға да,«Рухани біліміңнен сусындасам»Деген арман мазалайды бір ғана!Жанымызды жадыратып нұрға бөлеп,Шұғылалы алтын шапақ күндер бөлек,Жиырма жасың Астана құт әкелсін,Көңілді көтеріп бір көкке тербеп!Жиырма жастағы жас өспірім баладайсың,Қиялыма шабыт берген -шұғылалы АстанаЖастардың рухы биік жалынымен,Мәңгілік, ұзақ ғұмыр жасағайсың!!!Көгімде қыран құсым қалықтасын,Ұрпағым еш нәрседен жалықпасын,НұрОтан президентім алға жасап, Қазақстан әрі қарай шарықтасын!

МКҚК №17 «Шұғыла» МДҰ

«Астана – білім мен ғылым ордасы» атты«Өрлеу» біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған эссе байқауы

Тақырыбы: Қиялыма шабыт берген -шұғылалы Астана

Авторы: Курамысова Жансая Адилгалиевна қазақ тілі мұғалімі

Ақтөбе қаласы, 2018


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.