ҚазҰУ –ғылыми зерттеу университеті мəртебесіне ие болу жолында

0

Елбасы əлемдегі үздік университеттер қатарына сұранысқа ие жоғары білімді мамандар дайындайтын еліміздің де білім беру ұйымдарының кірігуін талап етіп қойған болатын. Осы бастаманың алғашқысы болып əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университеті білім сапасын əлемдік университеттермен теңдестіру мақсатында нəтижелі жұмыстар жүргізілуде.

Зерттеу университетінің дəстүрі тұңғыш америкалық академик  Бенджамин Франклиннен бастау алады. Ол «ғылым мен білім үйлескенде ғана қуатты да  əлеуетті күшке айналады» деген. Ғалымның өзі  қолымен қалап, болжап кеткен болашақтың зерттеу университеті кезі келгенде жаңа технологиялық база ретінде ел бюджетіне құятын қаржылық ағынның басты көзіне айналғанды. Міне, қазіргінің зерттеу университетінде ғылыми-зерттеу жəне əзірлемелік өңдеулерді мемлекеттік қолдау күн санап артып келеді. Университеттік зерттеулер өз елінің əлемнің озық технологиясы дамыған елдері қатарына енуіне ықпал ететін əлеуетті күш саналады.

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу шараларын іске асыру мақсатында  ғылыми-зеттеу институттарымен келісімшарттарға қол қойылды. Зерттеу жүргізу бағыттары анықталып, оқытушы-профессорлар құрамын, магистранттар  мен   докторанттарды жұмылдырудың бағдарламалары жасалды. Факультеттер мен кафедралардың жəне əр оқытушының жеке жұмыс жоспары айқындалып, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынды. ҚазҰУ-дың классикалық үлгідегі оқу орнынан ұлттық зерттеу университетіне айналдырудың бағдарламасын өмірге əкелуі мұның барлығы айналып келгенде əлемдік топ — университеттердің орташа тобына енудің алғашқы қадамы. Жаңа үлгідегі  университетке айналудың   бірінші ұстанымы, ол — инновацияға негізделген білім. Сонымен   қатар, мұнда 24 ғылыми-зерттеу институтын  шоғырландырған   ғылыми инфра-құрылым бар. Елімізде барлық жоғары мектепте  жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыс-тарының  тең  жартысы, яғни 50 пайыздан астамы – осы университет еншісінде.

Ғылыми зерттеу универиситеті үшін ең маңызды  саналатын мына  бағыттағы талаптарды атауға болады:

  • басқару жүйесі, білім беру үдерісі жəне заманауи талаптарға сай ғылым жүйесі, ғылыми жəне ғылыми- педагогикалық мектептердің тығыз байланысы əрі  тұрақты  дамуы;
  • аталған мектептердің ұлттық жəне əлемдік деңгейде беделінің артуы;
  • инженерлік,  гуманитарлық, əлеуметтік- экономикалық  жəне  жаратылыстану ғылымдары  желісіндегі басым бағыттар бойынша  зерттеу мамандарын  даярлау;
  • кешенді түрде ғылымаралық, пəнаралық зерттеу жүргізілетін ғылыми-зерттеу бөлімдерінің болуы.

Ғылымның түрлі салаларының басын біріктіретін, ғылымның салалас ортасы тоғысатын бағытта ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарында  зерттеулер жүргізу  – зерттеу университетінің ең басты да басым бағыты.

Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық идеялар мен зерттеулер, жоғары технологиялар мен көп салалы ғылым өнімдері, кадрлардың интеллектуалдық жəне білім потенциалы — ұлтымыздың инновациялық қабілеттілігінің көрсеткіштері ретінде экономиканы тұрақты дамытудың қозғаушы күштері  болып табылады. Көптеген дүниежүзі елдерінің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, білімге негізделген тиімді экономикаға көшуде əрқашанда университеттер жетекші рөл атқарған. Жоғарыда аталған шарттарды шынайы түрде жүзеге асыру үшін университет ұжымы  классикалық  үлгідегі оқу орнынан ұлттық зерттеу  университетіне  айналудың бағдарламасын жасап шығарды.

Университеттің жетістіктері бірі Quasguarellі Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігі — дүниежүзі университеттері дамуының сапалық көрсеткіштерін бағалау саласы бойынша ең беделді ұйым болып табылады. Қазақ ұлттық университеті бір жыл ішінде 200 орынға жоғарылап, 401-450-ші дəрежеге енді. Осылайша ол Орта Азия ЖОО ішінде бірінші болып, орта дəрежелі топ- университеттердің қатарынан көрінді. QS рейтингісі дүниежүзінің 700 үздік университетін құрайды. Алғаш рет біздің университет бұл рейтингке 2009 жылы қатысып, 601-650-ші орында болды. Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тəуелсіз қазақстандық агенттік өткізетін Қазақстандағы ЖОО-ның бас рейтингісінде де ҚазҰУ бірінші орында.

Əлемде зерттеу университеттерінің қалыптасу дəстүрлері əрқалай. Мысалы, америкалық зерттеу университеттері ортағасырлық университеттің демократиялық дəстүрлерімен  қатар, германиялық университеттердің прагматикалық, яғни пайда əкелу тəжірибесіне басымдық берілетін дəстүрін негізге алды. Университеттің меншігінде жер телімдерінің болуы зерттеу ошағының шаруашылық қызметіне таптырмас қор саналады. Əрбір зерттеу университетінің өзіндік басым бағыттары жəне соған сай даярлық қуатты базасы, əлеуетті күші жəне өндірістік алаңы бар. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми əлеуетінің жетімділігімен қатар, эксперименталдық базасы, өндірістік алаңы бар. Дегенмен бұл аталған салаларда ғылыми инфрақұрылымдарды шоғырландыру, ғылымның басым бағыттары бойынша ұлттық зертханалар қатарын көбейту, соған сай эксперименталдық алаңды ұлғайту секілді мəселелер – бүгінгі университет менеджерлерінің аса біліктілікпен, кəсібилікпен жүзеге асыруы тиіс міндеттері. Бұл аталған міндеттерді жүзеге асыратын – ғалымдар, əкімшілік қызметкерлер, ғылым жолындағы білім алушы жастар. Сондықтан да осынау  аса  жауапты  сəтте  адамзаттың  басты құндылықтары мен қағидаларына негізделген қазақстандық тұңғыш зерттеу университетіне үміткер білім, ғылым ордасында ізгілік аясына ұйысатын корпоративті мəдениет, рух, əдепті қалыптастыру, соған бой түзеу де басты міндеттердің біріне жатады.

Таяу арада ғана əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Зерттеу университетін қалыптастыру жəне оның Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына қосатын үлесі» атты халықаралық форум  болып өтті. Форумға Білім жəне ғылым министрлігі, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ІGІP қазақ ұлттық мониторинг комитеті, қазақстандық KazSEE инженерлік білім беру қоғамы, Ұлттық инженерлік академиясы. Бұл форумға əлемнің 30 елінің 100-ден астам ғалымдар қатысты.

Форумда қатысқан қонақтар Қазақ елін Тəуелсіздіктің 20 жылдық мерекесімен құттықтай келе, «зерттеу  университетіне» көшу бастамасы өте үлкен батылдық, бұл жолда зор табыстар тілейтіндіктерін  айтып өтті. Модернизациялық  жаңару  жолында «қазақстандық зерттеу университеті» мəртебесін алуға ұмтылған жоғары оқу орындары үшін бəсекеге қабілетті ортаның қалыптасуы шығармашылық тың ізденістерге əкелетінен сенеміз.

Автордың аты-жөні, тегі: М.Д. Шағырбаева