Қазіргі таңдағы айтыс өнерінің ерекшелігі.
Қазіргі таңдағы айтыс өнерінің
ерекшелігі.
Жоба зерттеушісі: Алпатова Анель8«Б » сынып оқушысыЖетекші: Марат Толқын Маратқызы
Жұмыстың мақсаты:
Айтыстың ешқашанда ұлт тарихынан өшпейтін өміршең өнер екендігін таныту.
Жұмыстың өзектілігі:
Айтыс өнерінің қазіргі кезде әдебиеттегі орны.Сөйлеу үлгілерінің құндылығы,тілдік ерекшеліктері.
Ғылыми болжамы, нәтижелігі.
Айтыс өнерінің ерекшелігін зерттеу,қазіргі айтыскер ақындардың сөйлеу мәдениетінің ұстануы.Айтыс өнерінің қолдану аясы кеңейіп,жастарды айтыс өнеріне баулу.
Айтыс – қазақтың төл сөзі,айтысу,жарысу,сынасу ұғымында қолданылады, қазақтың халықауыз әдебиетіндегі әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті жанры. Айтыс өнері бірден қалыптаса қоймаған.Ұзақ даму жолынан өткен.Көшпелі өмір салты да айтыстың дамуына әсер етеді. «Өнер алды — қызыл тіл» деп бағалаған халық айтыс өнеріне ерекше мән берген. Талантты ақындардың айшықты айтыстарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Айтыста ел өміріндегі ең маңызды мәселелер көтеріледі.Жиналған халық айтысты тамашалап,рухани ләззат алады. Ол- қолма-қол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұнымен дараланады.
. Айтыс – азаматтыққа тәрбиелеудің,тіл үйренудің, имандылыққа баулудың салт-сананы,тарихты білудің мінбесі десек,ақындарымыз сол биіктен көрінуі тиіс.Халықтың көкейіндегі сөзді айта білген озық ақындардың жақсы дәстүрін жалғастырып жүрген қазіргі заманның жас ақындары да салиқалы сөз айтып,халық ілтипатына ие болып жүр.Қазіргі айтыс ақындарының ішінен Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Мэлс Қосымбаев, Қуаныш Мақсүтов, Мұхамеджан Тазабеков, Оразәлі Досбосынов, Бекарыс Шойбеков, Ақмарал Леубаева, Айнұр Тұрсымбаева, Кәрима Оралова, Балғынбек Имашев, Дәулеткерей Кәпұлы, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы,Айтбай Жұмағұлов және т.б. айтуға болады.
Айтбай Жұмағұлов
2005 жылдан бері Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы орталығында «Арқа» айтыс ақындар мектебінің жетекшісі Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын оқудан, орындаудан және жыраулар үлгісіндегі поэзиядан дәстүрлі облыстық «Бұқарекең жырлайды» атты жыршы-ақындар сайысын ұйымдастырушы 2011 жылдан бастап Қарағанды эканомикалық университетінде «Руханият» жастар ұйымының жетекшісі
Ақынның айтыстағы үзінділері
Мың шүкір жаман емес жағдай кіл,Халқымның ауызында сары май тұр.Абылай жатқан жерге келіп тұрып,Қайтпаспын жігерімді жанымай құр.Үш жүздің басын қоқан Ордабасы,Тарихтан көрсетіп тұр бәрін айқын.Тәуелсіздік алғалы жиырма бір жыл,Төбемнен сәуле шашып жарық ай тұр.- деп мақтанса,
Жағымпаз, мақтаншақтың заманындаЖасалған істерінде бар рия көп.Елбасына өтірік есеп беріп,Жалған ісі жатады жария боп.Бұқардай ханға шындық айтатұғынҚалың елдің қамын жер қария жоқ.Біз бүгін бермейікші мақтанға бой,Бұқарлар көп нәрседен сақтанған ғой.Қалмақ пен орыс, қытай қысқан кезде,Бұқарлар елді жаудан ап қалған ғой. – деп ащы шындықты жырға қосты.
Бесікте аяулы анам есітті өлең.Бесіктің жырын тыңдап рухты болып,Ұлтын сүйіп қаншама өсіпті өрен.Ал мешіт Аллаһтың жердегі үйі,Жұмаққа апаратын есік дер едім.Қашаннан құтты бесік, рухты мешіт,Қазаққа құдай берген несіп дер едім.Ұрпақты тәрбиелесек бесікпенен,Халықты тәрбиелейміз мешітпенен. – деп имандылыққа шақырады.
Айтыс — қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Осы киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға қазіргі таңдағы айтыскер ақындарымыз ықпал етуде .Қазіргі таңдағы айтыс өнері деңгейі өз дәрежесінде,оған дәлел «Арқа» айтыс ақындар мектебі, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы және Республикалық айтыстар.
Назарларыңызға рахмет!