Қазақтың дәстүрлі әндері — Ашық сабақтар — Bilim

0

Білу, түсіну


Оқылым. Мәтінді оқып, талқылаңдар.


Критерий: Мәтіннің жанрын анықтап, ойларын ортаға салады.


Дескрипторлар: 1. Мәтінді тыңдайды


2. Мәтіннің жанрын анықтайды


3. Мәтіннің тақырыбын анықтайды


4. Мәтінге өз көзқарасын білдіреді.         


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІ


Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ- иірімдерімен ерекшеленеді.


       Арқа өңірінде 19 ғасырдың екінші жартысында қазақтың халықтық кәсіби әншілерінің мектебі қалыптасты. Оның негізін қалаушы әнші – Біржан сал Қожағұлұлы (1831-1894). Арқа ән дәстүрінде салған әні сахараға жайылған сондай әншілер Ыбырай Сандыбаев пен Әміре Қашаубаев. Бұл мектептің әндеріне «Ләйлім Шырақ», «Сұрша қыз», «Ғалия», «Балқадиша» және т.б. жатқызамыз.


       Батыс аймағының ауызша кәсіби әншілік мектебін. Мұхит Мералыұлы (1841-1918) қалады. Оның халық арасына кең тараған «Айнамкөз», «Үлкен Айдай» , «Кіші Айдай» , «Зәуреш», «Паңкөйлек», «Дүние», «Ақ иіс» әндері қазақ музыка мәдениетінің алтын қорындағы арналы үлгілер.


      Жетісу әншілік музыка мектебінің бастауы Дәурен сал Құдабайұлы шығармашылығынан бастау алады. Ол дәстүрді жалғастырушы әнші-композиторлар — Бейсебай Қаратаев, Иса Тергеусізұлы, Қаражанова, Омарқұл Итаяқов.  «Ғайша», «Дүние шіркін», «Ай-хой» және т.б. осы мектептің даңқын шығарған.


      Қорытындылай келе, Александр Затаевичтің сөздерін атап өткен жөн: «Қазақтар қуатты, алысқа жететін, кеңістікті кернейтін дауыстарды аса жоғары бағалайды, шырқаған дауысы қас қарайғанда 7-8 шақырымға жететін әншіге жететін адам жоқ».


     Қолдану, талдау.


«3W». Қазақтың дәстүрлі әндерін талдаңдар.


Критерий: Қазақтың дәстүрлі әндерін талдайды


Дескрипторлар:


1. Не? деген бөліміне өздерінің дәстүрлі ән мектебінің түрін жазады


2. Дәстүрлі ән мектебінің өкілдері мен орындайтын әндерін көрсетеді.


3. Дәстүрлі әннің қандай екенін талдайды.


4. Мәтіннен фактілерді анықтайды


5. Кестеден жинақы мәтін құрастырады


 


«3W» кестесі




Не?

Кім?

Қандай?

1-топ. Арқа мектебі


2-топ. Жетісу мектебі


3-топ. Батыс Қазақстан мектебі

 

 

«ҚБ». «+/-/қызықты». Топтар бір-бірінің еңбегін бағалағанда, тапсырманың орындалуының тиімді тұсын, қызықты жағын, жетілдіретін жағын атап өтеді.


«Интерпретациялау».


Критерий: Мәтінді тыңдап, мұқият оқып, интерпретациялайды


Дескрипторлар: 1. Мәтіннен фактілерді анықтайды


2. Мәтінге байланысты бірнеше проблемалық сұрақ ойластырады


3. Мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіреді


4. Өз ойын білдіру барысында орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтайды


1-топ: «Интервью». Сұхбат беруші, сұхбат алушы.


2-топ. «Постер».     


3-топ.  «Жарнама».


«ҚБ». «+/-/қызықты». Топтар бір-бірінің еңбегін бағалағанда, тапсырманың орындалуының тиімді тұсын, қызықты жағын, жетілдіретін жағын атап өтеді.


Сергіту сәті. Ән тыңдау.


Жазылым. Кітаптың 73 бетіндегі 3-тапсырманы орындаңдар. Жұпта сөйлем құрастырыңдар.


Критерий: Кестедегі мәліметтерден сөйлем құрастырыңдар.


Дескрипторлар: 1. Мәліметпен танысады


2. Екі сөйлем құрастырады


3. Орфографиялық норманы сақтайды


4. Құрастырған сөйлемді бағалайды


Мысалы: Қазақтың романс тектес әндері мыналар: «Ақбақай», «Жиырма бес», «Япурай», «Ғайни» және т.б.


1-топ жұптары: Сатиралық-юморлық әндер, Қара өлеңге құралған әндер.


2-топ жұптары: Қыз-келіншек әндері, Желдірме әндер


3-топ жұптары: Эпостық мазмұндағы әндер, Авторлық арнау әндер


Жинақтау, бағалау


 «МАҚАЛА». Сіздің француз досыңыз қазақтың дәстүрлі әндеріне қызығушылық білдіріп жүр. Сізден қазақтың дәстүрлі әндері туралы әңгіме не мақала құрастыруыңызды өтінді. Басты талабы мақала не әңгімеде қазақтың дәстүрлі әндерін қайта жаңғыртудың бір-екі жолы ұсынылуы тиіс.


Критерий: Қазақтың дәстүрлі әндері туралы мақала не шағын әңгіме құрастырады. Әрбір оқушы жеке.


Дескриптор: 1. Қазақ дәстүрлі әндеріне сипаттама береді;


2. Оның түрлері мен өкілдеріне  тоқталады;


3. Қазіргі белгілі орындаушылар мен әндерді атап өтеді;


4. Өзіндік көзқарасын білдіреді;


5. Қайта жаңғыртудың жолын ұсынады;


6.  Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтайды;


1,3-топтар: мақала, 2-топ:әңгіме


ҚБ. «+/-/қызықты». Топтап үздігін таңдайды. Өзін-өзі бағалау. Тиімді тұсын атап өтеді. Жетілдіретін тұсын айтады.


Дереккөз: Bilim All