Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы | Скачать Курстық жұмыс
Жоспар:
Кіріспе
1 Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 — 1775 жж.)
2 Көтерілістің алғы шарттары және оның кіші жүзде 1773 жылы дамуы
3 Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы. Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде даму
4 Қазақ жүздеріндегі қозғалыстың 1775 жылғы жаңа кезеңі және қазақтардың Е.И.Пугачев көтеріліске қатысу себептері:
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
6
10
19
24
27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. 18 ғасырдың 1-жартысында Ресей империясының Қазақстанда, әсіресе, Кіші жүзде отарлық саясаты үдей түсті.
Осы тұста Орал мен Сібірбекіністерін салу, көшіп-қонудың дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық пен Еділаралығында, Ертістің арғы бетінде көшіп-қонуға тыйым салуы қазақ шаруашылығына кері әсер етті.
Оған қоса Батыс Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі — Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 — 75 жылы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мәлімдеп, әрі Пугачевке қарсы әскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мән бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру «қағаздарын» алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімш-нің мәлімдеуі бойынша тама,табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады.
Курстық жұмыстың мақсаты — E. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне толық сипаттама беру. Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
oo Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуын зерттеу;
oo Көтерілістің алғы шарттары және оның кіші жүзде 1773 жылы дамуын қарастыру;
oo Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы. Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу;
oo Қазақ жүздеріндегі қозғалыстың 1775 жылғы жаңа кезеңіне тоқталу.
Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 — 1775 жж.)
1773 жылы 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп зиян шектірген. Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған.
1774 жылы қаңтарда А.Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырауқаласы) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей әкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды.
Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына және Елек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүзқазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жәрдем көрсетті. 1774 жылы 10 сәуірде Сакмара ауданындағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңтүстік Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңтүстік Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібірқорғандарына шабуылы жиілей түсті.
Пугачев Орта жүз қазақтарын өз жағына тартып, әскер әрі ат алу ниетімен оларға үндеу жазып, өкілдерін жіберді. 1774 жылы маусымның басындаСарыторғай маңында Орта жүз старшындары бас қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға келді. Сол жылы Кіші жүз қазақтары Жайық бекінісіне жиі-жиі шабуыл жасады. Жекелеген жасақтар Жаңаөзен уезі мен Еділ жағалауына дейін барды. Қазақтар Пугачев армиясының әскери қимылдарымен ұйымдасқан түрде байланыста болмағанымен, олардың шабуылы Ресей үкіметі әскерінің күшіне қарсы тұра білді. Бұл соғыс қазақ халқының өміріне айтарлықтай әсер етіп, Ресей үкіметінің болашақтағы отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады. [1]
2 Көтерілістің алғы шарттары және оның кіші жүзде 1773 жылы дамуы
ХҮІІІ ғасырдың ортасында саяси дағдарыс салдарынан Кіші жүз аумағы екі хандыққа бөлінді. Нұралы ханның иелігіне кірген қазақ рулары Арал өңірі мен Сырдария бойындағындағы батыр хандығына кірген қысқы жайлымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылды.Бұл рулардың қазақтары батысқа қарай Каспий ойпатында орналасқан» қоныстарға ығысы баруға мәжбүр болды. Алайда Жайық бекініс шептері олардың Жайықтың оң жағындағы қолайлы қыстауларға баратын жолына кедергі жасайды.
Жайықтың Едід арасында жатқан жайылымдардың едэуір бөлігіне 1771 жылға дейін қалмақтар орналасып алды. Қысқы жайылымдар үшін даулар негізінде бұл ауданда қазақтар мен қалмақтар арасында екінің бірінде қақтығыстар Жайықтан өткен қазақтадың 40 мыңдай халқын айдап ‘ алып кетті.1771 жылғы Нарынқұмы ауданында көшіп жүрген даласы арқылы Шығысқа бет алды. Олардың кетуіне байланысты Жайық пен Еділ арасындағы аумақтың бір бөлігі босап қалды. Қазақ ақсақалдары патша өкіметіне қазақтардың «Ішкі жаққа» өтуіне тиым салынған 1756 жылғы жарлықтың күшін жойып, бұл жерлерді қысқы жайылым үшін пайдалануға рүқсат етуге өтіні жасады. Алайда сыртқы істер алқасы 1771 жылы бұл тиым салуды қайтадан мақұлдады.
Е.И.Пугашев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылдардағы жарлықтармен санаспай Еділ мен Жайық арасындағы жайлымдарды іс жүзінде пайдаланады. Шаруалар соғысы басып жаншылғаннан кейін және жағалаудың күшейтілуінен бұлай істеу мейлінше қиындап кетті.
1775 жылы патша өкіметі жергілікті басқару ісіне қайта ұйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігі Симбирск және Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Орынбордың обер -комендантына кіші жүзде патшалық
өкімет орындарының іс шараларын тікелей жүргізу тапсырылды, бүл үшін шекаралық істер комиссиясы құрылды, Жайы бойындағы шекаралық ше қалпына келтіріліп, нығайып, бекінгіс горнизондары күшейтіледі.
Патшалық өкімет орындары қазақ сүлтандарының өзінің сенімді тірегіне айналдырып, соладың көмегімен қазақтардың толқуларын болғызбауға ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сүлтандар патша өкіметіне адалдығын дэлелдеуге бар күшін салып тырысты. Патшалық кімет салықтьар үлестіру, айлық тағайындай, шек беру жолымен, дала аристократиясымен одақты нығайтуға ұмтылды.
1782 жылғы Жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтанөтуіне хан шекаралық өкімет орындарынан рүқсат алғаннан кейін ғанажол берілді. Нұралы мен оның ең жақын туыстары қоныстарға билік ету құқығын пайдаланып қиянат жасады. Олар қазақ әскерінің старшиналарымен сөз байласты. Әскери старшиналар өзеннен өткен үшін ақы төлемеген ауылдарды тонады, ал қазақтарды түтқынға алып, айдап әкетті. Сол кезде хан мен оның жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп мүндай әдіс үстем таптың тұрақты табыс көзіне айналды.
Саяси қатынастардың дағдарысты жағдайға дейін жетіп шиеленісуі осындай саясаттың нэтижесі болатын. Е.И.Пугачевтың көтерілісі қазақ қоғамының барлық таптарына өте елеулі ықпал етті, ал «көзге көрінбейтін адам» Көктемір қозғалысы және қазақтардың Е. Пугачев көтерілісіне қатысуы империяның отаршылдық езгісіне қарсы күреске түрткі болды. 1775-1776 жылдары жалпы саны он мың адам болатын қазақ жасақтары үлкен қобданың жоғарғы ағысына, Гурьев және Кулагин бекінісінің арасына және шыңғырлау өзенінің бойына шоғырланды. Олар Красногор бекінісін алуға тырысты, сөйтіп олар Орынборға, Чернореченск және Елек қорғанысы бекіністеріне кетті. Қазақ жасақтары Верхнеуральск, Қызыл, Таналыцк, Орск, Ильинцк бекіністеріне шабуыл жасады. Е. Пугачевтың көтерілісі басып жаншылғанна кейін қазақ жастары таратылып жіберілді. Қазақ халқының бұл күресіне Сырым Датұлы белсене ат салысты. Ол үлкен жасақты басқарды және қазақ жасақтарының басшысының бірі болған. Онымен ХҮІІІ ғасырдың 80-жылдардың басына қарай кіші жүздегі жағдай оңай болмады. Ресей өкімет орындары тарапынан отаршылдық режим күшейтілді. Олар Жайық қазақтарының ішкі аумақтарды басып алуына итермелеп, бұған түрақты әскерлер де көмек көрсетті, ал қазақтар ретінде тақ қызметінде жүрген қалмақтардың, башқұрттардың, татар-мещеряктардың қолымен үлтаралық араздық саясаты жүзеге асырылды. Кіші жүз ішінде Нұралы мен оған бағынышты билеушілер ішкі саяси жағдайды дербес бақылай алмады. Үзаққа созылған саяси алауыздықтардың нэтижесінде дәстүрлі қазақ менталитетін ұстаған қол басшылар тобы, негізінен билер мен батырлар арасынан бөлініп шығады. Осы қасиетердің барлығы Сырым Датұлына тэн болды. Ол бүкіл кіші жүздегі дерлік саяси жағдайды іс жүзінде бақылап қана қоймай сонымен қатар өз бойында бидің, батырдың және басшының қабілеті мен қасиеттерін ойдағыдай үштастырды. Сырымның нақ жеке қасиеттері мен беделі оның үлт-азаттық қозғалысының басында тұруына мүмкіндік берді. Ол Кіші жүздің байүлы бірлестігіне кірген байбақты руынан шыққан еді.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде Сырым атақты би және шешен ретінде белгілі. Ол ішкі өмірдің көптеген маңызды мәселелерін шешкен, ол оның шешендік өнері, ол қайтыс болғаннан кейінгі жолдарда да үлгілі болып қала берді. Жеке басының ер жүректілігі, ерлігі, табандылығы және сирек кездесетін қайрат-күші оған батыр даңқын экелді. Сөйтіп Сырым Датұлы өзі басшы болған қозғалыста өзінің жақсы қасиеттерінің бэрін танытты.
Саяси шектеулер мен көпе-көрнеу тонау жөнінде жүргізіліп отырылған саясатпен қатар, Ресейдің өкімет орындары көшпелілердің дәстүрлі шаруашлық құрылысын жоюға барынша күш салды. Бұл Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа көшпелілердің өтуіне тиым салынып, көші-қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді. Оның үстіне хан билігіне енді патша өкіметінің іс-шараларына қарсы әрекет ете алмады, сондықтан қатардағы көшпелілер есебінен байып алуға тырысты. Мысалы, хан кез келген мал айдау кезінде малшылардың эрқайсысынан бір жылқы мен бір қой жинап алған. Осы талаптар орындалмаған жағдайда хан көшпелілердің бетімен кеткендігі туралы Ресей әкімшілігіне жеткізіп отырған. Оның балалары да шетінен нақ сол үрдісте әрекет еткен. Көтерілісті сипаттайтын құжаттарда халықтың көпшілігі ханның өзімеен оынң жақындары үнатпағаны өте жиі көрсетіледі. Отарлық қанау мен экономикалық езгіге салу негізіндегі саяси алауыздықтар осылайша кеңейе берді.
Малшыларды ашықтан-ашық тонау, тарихи қалыптасқан көшіп-қону маршруттарының бүзылуы қазақ еңбекшілері шаруашылығының құлдырауына экеп соқты. Малшылар «Ішкі жақта» мал жайғаны үшін салық төлеуден бас тартты. Мүны «шөп пен су құдайдың бергені» деп оларды өздерінің пайдалануға құқығы бар екендігімен дэлелдеді. Жаппай халықтың бой көрсетуі үшін алғы шарттар пісіп жетілді. ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы кіші жүз қазақтарының еңбекшілері көтерілісінің негізгі себептері жер мәселесінің шиеленісуі, патша өкіметінің «ішкі жаққа» Жайыцқтың арғы бетіне тыйым салынуы ру ақсақалдарының құқықтарына қысым жасау, хан, сүлтандар, Жайық қазақ әскерімен патша әкімшілігі тарапынан ашықтан-ашық талап тонау мен халыққа зорлық-зомбылық жасалуы болды.
3 Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы. Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде даму
Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын жермен қамтамасыз етуге уәде берген еді.
Кіші жүздің ірі ақсүйектері — Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады, тіпті 1773 жылы 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін сұрайды. Нұралы, бір жағынан, Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай отырып, екінші жағынан, Орынборға көтеріліс қимылдары туралы хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық бойымен жоғары жылжиды. Форпост, қамалдар, соның ішінде Илецк қалашығы Пугачевқа ұрыссыз беріледі. Көтеріліс Қазақстанның солтүстік-батысын қамтып, өлкенің негізгі әкімшілік және әскери орталығы — Орынборды қоршауға тырысты. 1773 жылы 5 қазанда 2500 адам, 20 зеңбірекпен қамалды алуға ұмтылды. Оған башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде тама, табын, жағалбайлы руларынан шыққан қазақ қолдары Пугачев жасағына белсенді қолдау көрсетіп, орыс бекінісіне шабуыл жасайды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерді шабуылдауға қатысқан. Орта жүз руларынан келген топтар Орынборды қоршауға, Илецкіні алуға қатысты. 1774 жылы Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан езінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете бастады. Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады. Тек 1774 жылы жазда осындай 240 шабуыл жасалынды. 1775 жылы қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ жайылымдарына жазалау жасағын жіберуін сұрап өтініш білдірді. 1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады.
ХҮІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның барлығы Қазақстанның әр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Өзін «ІІІ Петрмін» деп жариялап лақап ат жамылған Е. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласында болып жатқан мәселелерден біршама хабардар еді және олар қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын. Сондықтан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға «қамқор» болатынын білдіріп манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді сұрайды. Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты.
Осыдан кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нұралы хан 1000-ға жуық қазақ жасағымен Жайық қалашығының жанына келеді, бірақ, Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп ұзамай кері қайтып кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап тағы да манифест жазады. Одан соң, Пугачев Жайық қалашығына шабуыл жасап оны ала алмайды да, онда аз ғана отрядын қалдырып негізгі күшін алып Орынборға қарай кетеді. Жол бойында Чернореченск, Татищев бекіністерін басып алады.
Қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная, Кожехаров, Красногор дистанциялық бекіністеріне шабуылдар жасайды. 1773 жылдың 5 қазанында Пугачевтың көтерілісшілері Орынборды қоршауға алған тұста Досалы сұлтан бастаған қазақ жасақтары Пугачевтың өтініші бойынша Орынборды қоршауға алуға қатысады. Досалы сұлтанның үш баласы Пугачевты қолдап көтеріліске қатысқан болатын. Орынборды қоршау 5 айға созылып, оның барысында 2000-дай қазақ жасағы қолдау көрсетті.
1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сұлтан бастаған 50 қазақ жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары батыр бастаған қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар Алғабай, Итек және Дәуітбай тархан қатысты.
Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуға патша әкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы әскерді көп жіберді. Жазалаушы әскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бұған шыдамаған қазақтар далаға ішкерілей көшіп кетіп, бас сауғалайды.
Ал, 1775 жылдың жазына қарай Кіші жүз өңірінде «Көрінбейтін адам» немесе Көктемір туралы аңыз тарайды. Бұл аңыздың таралуы барысында күйеуі Сейдалы сұлтанның қолдауына сүйенген Сапура Мәтенқызы «Көрінбейтін адам» атынан үндеу таратып, жанына жасақ жинап күзге қарай көтеріліске шықты. 1776 жылдың көктемінде Сейдалы сұлтан бастаған көтерілісшілер отряды жазалаушы әскердің құрамында болған башқұрттарға шабуыл жасады. Сапура Мәтенқызы бастаған көтерілістің өрістеуі барысында оған қатысушылардың саны 10 мыңға дейін жеткен болатын. Көтерілісшілер Гурьев пен Кулагин бекінісінің аралығындағы жерлерге топтасып Ресейге қарсы күресуді ойластырады. Жоғарғы Орал, Ор, Елек, Орынбор бекіністеріне шабуылдар жасайды. Бірақ, уақыт өте келе көтерілісшілер арасында өзара келіспеушіліктер туындап, Досалы сұлтан Ресейді қолдап кетеді. 1776 жылдың жазында жазалаушы әскердің күшімен көтеріліс аяусыз басып тасталды. Сапура Мәтенқызы бір топ жақтастарымен далаға ішкерілей ене отырып, жасырынуға мәжбүр болады.
Бұл көтерілістерден кейін, патша өкіметі 1775 жылы жергілікті басқару ісіне қайта ұйымдастыру жүргізді. Орынбор губерниясы таратылды. Кіші жүз және Орта жүз аумағының бір бөлігін Симбирск және Уфа генерал-губернаторлықтарының құрамына берді. Орынбордың обер-комендантына Кіші жүздегі патша әкімшілігінің жергілікті мекемелерінің іс-шараларын тікелей жүргізу тапсырылып, ол үшін Шекара істері комиссиясы құрылды. Патшалық үкімет орындары қазақ сұлтандарын өзінің сенімді тірегіне айналдырып, олардың көмегімен қазақтардың толқуларын болғызбауға ұмтылды. Өз тарапынан Нұралы хан мен сұлтандар патша үкіметіне адалдығын дәлелдеуге бар күшін салды. Патшалық үкімет орындары сыйлықтар үлестіру, айлық тағайындау, шен беру жолымен дала аристократиясымен одақты нығайтуға ұмтылды.
Кіші жүз жерлеріне салынған бекіністердегі казак-орыс әскерлеріне жергілікті халық есебінен жер бөлініп беріле бастады. Бұл жағдай жайылымдық жерлердің тарылып, мал шаруашылығының күйзеліске ұшырауына алып келді. Сонымен қатар, бекіністерге орналасқан казак-орыстар қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, малдарын айдап, адамдарын байлап әкетіп отыратын болды. Орынбордың әскери губернаторы Н.Вахметьев патшаға жазған мәлімдемесінде: «Шеп бойындағы барлық бастықтардың қолдауымен рұқсат етілген жазалау шаралары қазақтарды аздырып-тоздырып, талан-таражға ұшыратуы сондай, барымта деп алынған малдың мыңынан жүзі иесінің қолына қайтып тимейді. «Шекараға жете алмай өлді» деген сылтаумен мал барымта басшысының т.б. қолында қалып отырды. Сөйтіп осы жаман әдет арқылы дүние-мүлік жинап, байып алғандар көп, — деп көрсетеді. «Шекара барымтасы» деген шабуылдар бүкіл бекініс линияларының бойында қолданылып тұрған. Мұндай шабуылдар кейде тіпті ойдан шығарылған сылтаулар арқылы да жасалған, оның ұйымдастырушылары Жайықтағы казак-орыс әскерінің атамандары. Бұл шабуылдардың көп болатын себебі, шабуылға қатысқандар олжа түсіріп, ауқаттанып отырғандығын Орынбор әкімшілігінің өзі де мойындайды.
Бұл келеңсіз құбылыстарға қоса хан мен патша үкіметінің салған түрлі салықтары, көрсеткен зорлық-зомбылықтары халықты әбден титықтатқан еді. Патшалық Ресейдің жергілікті әкімшілік орындарына арқа сүйеген Нұралы хан мен оның туысқан сұлтандары 70-жылдардың екінші жартысында халықты қанауды күшейтті. Нұралы хан Кердері руынан бір жылда — 100 жылқы, Тама руынан — 60 жылқы, Табын руынан — 50 жылқы тартып алған.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақ ауылдарының Жайықтан өтуіне хан шекаралық үкімет органдарынан рұқсат алғаннан кейін ғана жол берілді. Нұралы мен оның ең жақын туыстары қоныстарға билік ету құқығын пайдаланып, қиянат жасады, Орал казак әскерлерінің старшиналарымен сөз байласты. Әскери старшиналар өзеннен өткені үшін ақы төлемеген ауылдарды тонады, ал қазақтарды тұтқынға алып, айдап әкетті. Сол кезде хан мен оның жақындастары тұтқындарды сатып алу үшін халықтан қаражат жинады. Бұл қаражат Орал әскерінің старшиналарымен бөлісілді. Сөйтіп, «тұтқын іздеу» қаржысы ханның, шекаралық әкімшілік пен казактардың үстем топтарының тұрақты табыс көзіне айналды.
Осындай әлеуметтік-саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.
1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шығып, … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz