Қазақстанның табиғат зоналары слайд, презентация — География
Қазақстанның табиғат зоналары слайд, презентация
Мақсаты:
Білімділік:Oқушылардың Қазақстанның табиғат зоналары туралы білімдерін тереңдету, табиғат кешенінің барлық компоненттерінің бір- бірімен тығыз байланысты екендігі туралы көзқарастарын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, картамен , интерактивтік тақтамен, оқулықпен жұмыс жасай білу,білім- білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту;жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге , жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу ;
Сабақ әдісі: сұрақ — жауап , СТО стратегиялары
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивтік тақта, жануарлар мен өсімдіктер суреттері.
Жедел жауап аялдамасы.
1. Қазақстанның табиғат зоналар саны
2 .Ең солтүстіктегі табиғат зонасы.
3.Орманды дала зонасының топырағы.
4. Қазақстан жерінің 27% алып жатқан табиғат зонасы
5. Дала зонасындағы жауын- шашын мөлшері
6. Дала зонасындағы салмағы 16 кг жететін құс.
7. Жайық өзенінен Алтай тауларына дейін 2900 км созылып жатқан табиғат зонасы.
8. Шөлейт зонасының өзендері.
9 .Дәрілік мүйізі үшін қырылу шегінде тұрған сүтқоректі жануар.
10. Республика аумағының 44% алып жатқан зона.
11. Шөл зонасында кездесетін , сантонин дәрі алынатын Қызыл кітабына енген өсімдік.
12.Дала зонасының дәрілік өсімдіктері
13. Дала зонасының жануарлары.
14. Каспий теңізінен Тарбағатай тауына дейінгі зона.