Қазақстанның экономикалық өркендеу заңдылықтары | туралы қазақша
Экономикалық өркендеудің классикалық теориясында бастапқы қағидат ретінде үлкен экономикалық кезеңнің себебін К.Маркс капиталдық өндірістің кезеңі деп, ал орташа кезеңнің себебін Н.Кондратьев конъюнктуралық деп айқындаған экономика көрінісінің кезеңдік сипатын есептеу қажет. Оның үстіне, экономиканың дамуы екі: эволюциялық және революциялық пошымда, яғни оларға дамудың екі кезеңі сәйкес келетін жағдайда жүреді. Эволюциялық кезеңде экономиканың құрылымы мен жұмыс істеуі өзгеріссіз қалады деуге болады, яғни құрамдас бөлшектер мен олардың арасындағы байланыстардың өзгерістері, жалпы алғанда, экономика үшін аса маңызды емес. Революциялық кезең (бифуркация нүктесі) эволюциялық кезеңге қарағанда айтарлықтай аз уақыт алады, бірақ нақ сол экономиканың дамудың жаңа деңгейіне өтуін, оның ары қарай даму жолын таңдауын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде экономика құрылымының және оның жұмыс істеу механизмдерінің күрт өзгерісі іске асады. Өмір сүріп келген құрылымды бұзу және экономикалық субъектілердің әдеттегі іс-әрекеттерін өзгерту экономиканы бейберекет күйге келтіреді, ал ондай жағдай экономиканы дамудың жаңа айналымына шығаруға себеп болады. Осы қысқа уақыттық кезеңде экономика дамудың жаңа жолына өтеді, ал оған бейімделу дамудың эволюциялық үзіндісін құрайды.
Келтірілген теориялық мысалдар Қазақстан экономикасының өзгеруінде қалай және қандай дәрежеде көрініс тапты?. Республикада экономиканың нарықтық тәртіпке ауыстырылуы бастапқы кезеңде меншік пен басқару механизмдерінің аралас пошымының болуымен сипатталды және бейімдеу, сәйкестендіру, ықпалдастыру деп белгіленді. Бифуркация нүктесі деп 1991-1993 жылдарды алып қарасақ, онда ол экономикадағы аса қиын: өндірістің күрт құлдырауы, кредит тапшылығы, ентелеген инфляция мен капиталдың жетіспеушілігі, табыстың төмен деңгейі және асқындап бара жатқан жұмыссыздық секілді мәселелер жиынтығымен сипатталады. Нәтижесінде, ЖІӨ деңгейі 1990 жылдың көрсеткішінен 70% төмендеді.
Теорияға сәйкес, ұлттық экономика дамуының бифуркация нүктесінде таңдалатын қарқындары, бағыты және тұрпаты оның өткеніне, соның ішінде, құрылымы мен жұмыс істеу механизмдеріне, дамудың жеткен деңгейіне, экономиканың ортасы мен әлеуетінің сипатына тәуелді. Оған қоса, өткен шақ оның дамудың жаңа жолын таңдауында белгілі бір «шектеуші» қызметін атқарады — дамудың шексіз дерлік көп жолдарының ішінен ол оның табиғатына, бұрын жеткен даму жетістіктеріне сэйкес келетіндерін ғана таңдай алады.
Қазақстан экономикасының айқындаушы өзгешелігі, біріншіден, оның Кеңес Одағының жоспарлы, орталықтандырылған әдіс бойынша басқарылған біртұтас шаруашылық жүйесінің бір тармағы болғандығында. Екіншіден, өндірістік күштерді бөлу мен технологиялық қайта бөлістерде республикаға шикізат, энергия ресурстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру міндеті жүктелген-ді.
1990 жылға қарай Қазақстан елдің барша халқының санында 6,6% иелене отырып, КСРО экономикасын: фосфор және хроммен — 95%, уранмен — 85%о, ауыр түсті металмен — 50%, энергия ресурстарымен — 19%, бүкіл өндірілетін астықтың 16%-імен қамтамасыз етіп отырды. Өндірілетін мұнайдың 70%-і, негізгі химия өнімдерінің 54%-і, барлық өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің 70%-іне дейін сыртқа әкетілді. Ол кезде ұлттық табыс деңгейі бойынша, адам басына шаққанда, Қазақстан ТМД елдерінің арасында тек 13-орынды иеленген-ді. Елді орталықтан басқару республика аумағында аса жоғары деңгейдегі технологиясы бар өңдеуші кәсіпорындарды және өнеркәсіптің басқа да салаларын дамытуға мүдделілік танытпаған.
Индустрияның осындай құрылымы мен дамуы деңгейі тәуелсіз Қазақстан құрмақ болған келешектегі ашық нарықтық экономиканың стратегиясын алдын ала айқындап берді. Сөйтіп, экономиканың дамуы: суреттің өзгеруі ырықты емес, ал әрбір келесі сәт алдыңғы ахуалмен келісілген, яғни даму жолын таңдау ортаның «тарихына» және онымен өзара байланыстарының сипатына сай жүргізіледі дейтін «Визердің үздіксіздігі ұстанымына» сәйкес жүреді.
Қалыптасқан қатаң тәртіптерге сүйене отырып, КСРО тараған тұста Қазақстан үшін дамудың жаңа жолын таңдау барысында индустрияның шикізат құрылымын және төмен технологиялық ахуалын, халық саны мен республиқа аумағы көлемінің арасалмағын, сонымен қатар геосаяси факторларды есепке алу маңызды болды. Бұл жерде шешуші факторлардың бірі болып экономиканың табиғи ортасы саналады. Ал Жапония, табиғи және энергетика ресурстары тапшы болғанына қарамастан, бірақ теңіз жағалауларының жақын жатқаны себепті, кезінде өзі үшін қайта бөлісудің жоғары деңгейіндегі инновациялық тұрпатты таңдап алды. Бұл тұрғыда Қазақстанның бірегей өзгешелігі болып оның аумағы және бай жер қойнауы саналады. Көмірсутегі мен металлургиялық ресурстардың табылған орасан үлкен қорлары өндіріс пен экспорт құрылымын айқындап берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша — 19-шы, газ өндіруден — 13-ші, уран өндіруден — 3-ші, көмір өндіруден 10-орынды иеленіп отыр. Екінші жағынан, инфрақұрылымы нашар дамыған, әлемдік мұхитқа шықпайтын орасан үлкен аумақ тауардың көлік тасымалын құрайтын бағасы есебінен Қазақстанды сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіз етеді. Мысалы, Қазақстанның бір тонна астығының орташа бағасы 68,3 доллар болса, көлік шығындары 25,6 доллар немесе жалпы құнының 30%-ке жуығын құрайды, бұл астықтың сыртқы нарықтағы пайдалылығын (рентабельдігін) төмендетеді. Оның үстіне, көршілес Қытаймен, Ресеймен және басқа азиялық елдермен салыстырғанда, Қазақстанның ішкі тауар нарығы сөз етуге тұрғысыз кішкентай, ал ауылдық жерлерде өмір сүріп жатқан жұртшылықтың шамамен жартысына жуығының төлем қабілеттілігі және кәсіби біліктілігі төмен, сол себепті ондай аймақтарда әртүрлі өңдеу жобаларын іске асыру экономикалық жағынан тиімсіз.
Қазақстанда өндірілетін тауардың өзіндік құнында климаттың суықтығына қарай жылыту жүйелері қымбат тұратын және инженерлік желілері тереңде жатқан ірі өндірістік құрылыстар салуға байланысты қымбатшылық та көрініс табады. Нәтижесінде, егер ЖІӨ-нің бір долларын өндіруге 2,5 киловатт-сағат энергия ресурсы шығындалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония секілді елдерде бұл көрсеткіш — 0,22-0,30; АҚШ-та, Францияда, Түркияда, Кореяда -0,4-0,6; Канада мен Қытайда 0,8-1,2 киловатт-сағатты құрайды.
Бұл шешуші факторлар ұлттық экономиканы ұтыссыз жолды таңдауға итермелейтін дамуды шектегіш пен тежегіш ретінде де, экономикалық дамудың ұтысы бар жолын таңдауға және ұлттық экономиканың өркендеуі қарқындарын арттыруға септігін тигізетін серпін ретінде де қызмет атқара алады.
Ұлттық экономиканың ішкі ауытқушылықтарына: табыстардың, сұраныстардың, ұсыныстардың, бағалардың, процент мөлшерлемесінің, ауылшаруашылық дақылдары өнімділігінің, инвестициялардың, пайданың нормасы мен жиынының, инновациялардың, кредит беру шарттарының ауытқушылығын, жаңа тұрпатты тауарлардың жаппай шығарылуын, акциялар бағамдарының өзгерістерін, ірі фирмалардың пайда болуын немесе банкроттығын, ірі жобалардың жүзеге асырылу-ын, бәсекелестіктің өршуін немесе бәсеңсуін жатқызуға болады.
Өркендеу жолын таңдауға ұлттық экономиканың жинақталған әлеуеті де ықпал етеді: ондай әлеуетке, табиғи ресурстарды қоспаған-да, адам ресурстары, техника мен технология деңгейі, өндірісті ұйымдастыру және барлық деңгейлерде басқару жатқызылады. Адам капиталының дамудың келесі жоғары кезеңін қалыптастырудың шешуші факторы ретінде, яғни инновациялық экономика мен білімдер экономикасын экономикалық еркіндіктің жоғарғы индексі бар адам дамуына тән капитал ретінде маңызьт бар. Жиынтығында, бұл факторлардың барша жиыны Қазақстанды өзі үшін ең қиын және бол-жау мүмкін емес кезеңнен өтуге мэжбүр етті. Транзиттік экономиканың ерекшелігі ары қарай орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін, капитал-дар мен ресурстар жинақтау қажет кезде, институттар қалыптастыру стратегиясын және ашық нарықтық жүйенің жүмьтс істеуі шарттарын бір мезгілде жүзеге асыруда жатты. Өндірістік қатынастар тұрғысынан алғанда, бұл кезеңде экономикалық меншікті мемлекеттік иеліктен жеке меншік иелікке өткізудің түбегейлі мәселесі шешілген-ді.
Жаңа экономикалық шындықтардың болуы себепті, ТМД-ның басқа елдері секілді, Қазақстан да басымдықтардың өз жүйесін құруды бастады, ал оның экономикалық саясаты қайтадан сыртқы байланыс-тарды, негізінен, алыс шетелдердегі дамыған елдермен байланыстар-ды дамытуға бағдарланды, оны сыртқы тауар айналымының өсуі және шетел инвестицияларының тартылуы дәлелдейді. Ары қарай қаржы-кредит жүйесінің және оның институттарының қалыптаспағандығы елде шетел капиталының жаппай экспансиясы (өктемдік жүргізуі) үшін өзгеше қолайлы жағдайлар туғызды. Алайда ақшалай және инвестициялық ресурстар тапшылығының өзіндік қыспағына іліккен элеуметтік, аграрлық және өнеркэсіптік салаларда шеші лмеген сұрақтар қалып отырды. Қазақстан Республикасы Президентінің республика парламентіне жолдаған 1994 жылғы маусымның 9-ындағы жолдауында алғаш рет бюджет саласында да, банктер мен кәсіпорындар саласьщ-да да экономиканы қаржы жағынан сауықтыру және қаржы мәселесін нығайту міндеті қойылды. Әйтпесе экономиканың орнықтылығына қол жеткізу, инфляцияның өсуін тоқтату, инвестициялар мен кредит ресурстарын тарту мүмкін болмас еді. 1995-1998 жж. басты мақсаты макроэкономикалық тұрақтылықты және институттық өзгерістерді қамтамасыз ету болған үкіметтің орнықтырушылық шараларының бағдарламасы қабылданды.
Экономиканың секірмелі дамуы, негізінен, төмендегідей себептерге байланысты. Біріншіден, ұлттық экономиканың серпіні капиталдың жинақталуына тәуелді, ал ол секірмелі сипатқа ие: жинақталатын амортизациялық аударымдар ұзақ уақыт пайдаланылмауы немесе олардың мүлдем аз бөлігі ғана пайдаланылуы мүмкін, ал бұл қаражаттардың үлкен бөлігінің капиталдануы бір сәтте болады және тұтас жүйеде көрінетін ауытқушылық (флуктуация) болып шығады. Капиталдың жинақталуы кредит, лизинг пен рентингті жеделдетеді жэне жеңілдетеді, олар, өз кезегінде, қосымша ауытқытқыш күш ретінде әрекет етеді. Реформалардың аталған кезеңінде республикада негізгі капиталдың жинақталуы өне бойы азайып кетіп отырды да, негізгі капиталды тұрақты кеңейтілген ұдайы өндіріске толыққанды жаңартуды қамтамасыз ету мүмкін болмайтын ең аз шамаға жетті. Бұл, әлбетте, өндірістік қорлардың тозуы көлемінің артуына келтірді. Нәтижесінде, негізгі қорлардың жұмыс істеп тұрған бөлігінің, әсіресе коммуникация жүйелерінің, су құбырларының, теміржол жолдарының, жылу-электр орталықтары мен қазандықтардың, көп жылдар бойы ағымдық және күрделі жөндеу жүргізілмеген автомобиль жолдарының жаппай істен шығуы басталып, аса ауыр деңгейге жетті. Амортизациялық қор сияқты өндірістегі инвестициялардың орнықты көзінің жойылғаны кәсіпорындардың меншікті қаражаттары есебінен капитал салымының қысқаруына келтірді. Екіншіден, ұлттық қаржылық-өнеркәсіптік капитал әлі толық қалыптасып үлгірмеді, әрі соның салдарынан мемлекет капитал салымдарының жалпы көлемін арттыру үшін қалдырған шептерге жете алмады.
1999 жылдан кейін мемлекеттік орталықтандырылған капитал салымдарының төмендеуіне тікелей байланысты мәселелерді айқын түсіну басталды. Кейіннен, 2001-2002 жылдары, мемлекеттік сатып алуларды бұрын-соңды болмаған үлкен ауқымдарда қаржыландыру жалғасты. Егер 1998 ж. олардың көлемі 61,3 млрд. теңге болса, 2002 ж. орасан үлкен сома — 273 млрд. теңгеге жетті. Бұл кезеңде капиталдың елден жылыстауын азайту, сондай-ақ жұртшылықтың жинақ ақшасын пайдалану есебінен экономиканың нақты секторына инвестициялар қалыптастырудың әлеуетті көздерін барынша мол тарту міндеті шешіліп жатты.
Жалпы алғанда, экономиканың түрлендірілуінің көрсетілген кезеңі нарықтық дамудың бүкіл тарихы бойынша аса серпінді және тиімді кезең ретінде сипатталады. Оған ЖІӨ-нің орташа есеппен 9,5%, негізгі капиталға салынған инвестициялардың 20% артуы көрсеткіштері дәлел бола алады. 2006 жылға қарай, негізінен, реформалар және Қазақстан экономикасы дамуының ауытқымалы өту кезеңі аяқталды.
Ұлттық экономиканың дамудың жаңа жолына өтуі үшін, бифурка-ция нүктесінде шешілетін жаңа талаптардың келесі аса маңызды фак-торы болып инновациялар мен технологиялар саналады. Й.Шумпетер атап көрсеткендей, жаңа техника мен технологияларды енгізу де бірқа-лыпты емес және өзгеше секірмелі түрде іске асады. Оның теориясы-на сәйкес, кезеңдік ауытқулардың басты себептерінің бірі ғылыми-техникалық өрлеудің нэтижелерін енгізу үдерісінің бірқалыпты еместігінде жатыр. Олардың (ғылыми-техникалық жетістіктердің) артуы салыстырмалы түрде бірқалыпты орын алғанмен, енгізу мен игеру секірмелі түрде іске асырылады. Ол кезде инновациялық қайта қарулануға салынатын инвестициялар толқыны және оны іс жүзіне асыру жылдамдығы бэсекелестердің сатып алушылардың ақшасы үшін бақталастығымен түсіндіріледі.
Экономикалық өсу мазмұнын өте кең тараған түсіндірмесі ЖІӨ-нің дара және жан басына шаққандағы өсуі болып саналады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді арттырудың мерзімдері мен фак-торларын талқылау барысында қиындықтар туады. Ол кезде қарқынды тұрпатқа бейілділік танытылып, әлеуетті өнім шығаруды ұлғайту үшін, назар да өндіріс факторларын жақсартуға көбірек аударылады. Өсудің уақытша шекаралары жайындағы ресми сүрақтың экономикалық саясатта шешімдерді таңдауға тікелей ықпалы бар. Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезеңдерді межелеудің белгілері қандай? Аса көп тараған тұрпат болып өнім шығаруды арттырудың тренд желісін ұзақ мерзімдік кезең деп көрсету саналады: оның айналасында қысқа мерзімдік кезеңге жатқызылатын кезеңдік ауытқулар орын алады. Кезеңдерді байланыстыратын тренд желісі кезеңдік ауытқулардың нәтижелі қорытындысы — экономиканың өсуі екенін көрсетеді. Бірақ ол қандай кезеңді немесе кезеңдердің қандай санын қамтуға тиіс? Төменгі шек ретінде онжылдық кезең көрсетіледі, ал жоғарғы шек, эдетте, көрсетілмейді. Бірақ ғылыми көзқарас түрғысынан алғанда, экономикалық дамудың мазмұнды бағалау белгілері туралы (оларды қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезеңдермен ұштастыра отырып) сұрақ қою әлдеқайда маңыздырақ.
Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.
#Қазақстанның #экономикалық #өркендеу #заңдылықтары
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз