Қазақстанның «ашық» экономикаға өту стратегиясы туралы қазақша

0

Қазақстан сонымен қатар «ашық» экономиканы енгізу үдерістеріне белсенді түрде қосылуға ынталы. Қазақстан экономикасындағы қазіргі өсу, негізінен, сапаға залал келтіре отырып, санға бағдарланған. Атап айтқанда, өнеркэсіп айналымдарын арттыру себебі бойынша елдің экологиялық жүйесі қарқынды түрде құлдырап бара жатыр. Бүгінгі күні біз шамамен су тапшылығының 20%-іне иеміз. Жақында бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер деңгейіне дейін жетуі мүмкін.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Қоршаған ортаны қорғау министрлігі елдің «ашық» экономикаға өтуінің ұлттық стратегиясын әзірлеу үстінде. Стратегияға бірқатар мәселелер: көлік, инфрақұрылым, қалалық жоспарлау мәселелері жэне басқалары кіреді. «Жаңа» экономикаға өтуді 2030 жылға қарай толығымен аяқтау жоспарлануда.

«Жаңа өсу» тұжырымдамасының негізгі қағидалары

Қазақстандағы соңғы уақытқа дейін байқалған экономикалық дүрбелең электр және жылу қуаттарын түтынудың қарқынды өсуімен қатар жүрді. Жеделдетілген даму бағдарламасы бойынша келесі 5 жылда 320-дан астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр, оны да қажетті энергоресурстармен қамтамасыз ету қажет. 2020 жылға қарай электр түтыну 116 млрд кВт/сағ, 40% өсіммен өседі. Электр қуатының жартысынан көбі және жылу энергетикасының барлық көлемі көмірді жағу есебінен құралатын болғандықтан, оның өндірісін де сондай қарқынмен ұлғайту қажет. Көмір өндірісінің көлемдерін 2010 жылғы 99,00 млн тоннадан 2020 жылы 144,0 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр. Оның үстіне, өндірісті дамытуға қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 4140,81 млн долл құрамақ.

Қазақстанда энергияның бастапқы көздерінің негізгі тұтынушылары — атмосфераны ластайтын шығындылардың басты көзі болып табылатын жылу энергетикалық сала (тұтынылатын отынның жалпы көлемінің 50 проценті). Нәтижесінде, С02-нің 180-200 тоннасына парапар шығындылардың жылдық көлемдерін іске асыра отырып, Қазақстан Орта Азиядағы антропогендік булы газдың ең ірі өндірушісі жэне ТМД бойынша үшінші болып табылады. Булы газдардың артық шығарылымдары климаттың өзгеруіне алып келеді, ол шөлге айналу және жер жағдайының нашарлауы үдеріетерін күшейте алады, ауылшаруашылық өндірімділігің төмендетеді және су рееурстарының тапшылығын ұлғайтады. Шығындылар мөлшерін түрақтандыруға энергетикадағы таза және энергетикалық тиімді технологияларды енгізу, қатты отыннан экологиялық тиімдірек газ тәрізді отынға өту, энергияның балама көздерін (жел, Күн, гидроэнергия мен термалды сулар энергиясы) пайдалану және мұнай (жолай) газы мен шахталы метанды пайдалану жолымен қол жеткізуге болады. Сондықтан өнеркәсіптік дамудың, қала құрылысының кез келген салалық бағдарламасын және басқа да ірі ауқымды бағдарламаларды дамыту қоршаған ортаға болуы мүмкін әсердің бағалануын қамтуға тиіс.

Елдің энергиялық теңгеріміне жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) тарту бойынша міндет күрт өзекті мәселеге айналады. Қазақстан жағдайында жел қуатын, Күн қуатын, геотермалды қуатты, кіші өзендер қуатын (кіші ГЭС) пайдалануДың нақты мүмкіндігі бар. Алайда Қазақстан энергияның жаңғыртылатын көздерін белсенді пайдалану жолының ең басында тұр: егер Батыс Еуропа жаңғыртылатын көздер есебінен 2020 жылға қарай электр қуатының 20%-ін өндіруді жоспарлап отырса, ал Қазақстан 2014 жылға тек 1% қана. Энергия үнемдеу саласында 2020 жылға 25%-тен кем емес жалпы ішкі өнімнің энергия қажетсінуін төмендету бойынша мақсат қойылған. Мұнай бағасы өте жоғары деңгейде тұрақтанған қазіргі кезде синтетикалық сұйық отынды (ССО) өндіру мәселесі талқылаудан ірі жобаларды іске асыру кезеңіне өтті. Қазақстан үшін ССО технологияларын игеру жаңа бәсекелес мүмкіндіктерді ашады: біріншіден, бұрын экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып есептелген бұл технологиялар ірі газ қорларының капитализациясына мүмкіндік береді; екіншіден, ССО технологиялары қатаң экологиялық стандарттарға жауап беретін мотор отынын алуға мүмкіндік туғызады, себебі олардың құрамында күкірт жоқ. Қазақстанда биоэтанол өндірісі бойынша алғашқы зауыттың пайда болуы бізде бұл технологияның болуын көрсетеді, енді оны мақсатты түрде дамыту маңызды. Гидроэнергетиканы энергия теңгеріміне тарту бойынша жобаларды іске асырудың маңызы зор. Арнайы мемлекеттік бағдарламада 2030 жылға дейін жаңа 564 ГЭС құру және белгіленген 5700 МВт қуаттылығы бар 14 ГЭС-ті қалпына келтіру мүмкіндіктері қарастырылған.

Энергия үнемдеу саласындағы саясат тұтынылатын энергия ресурстарының ауқымын қысқартуды көздемейді, бірақ энергия ресурстарының барынша тиімді пайдаланылуына кепілдік береді. Сөйтіп, бұл саясаттың басты мақсаты өнімнің, жұмыс пен қызметтердің бір бірлігіне энергия көздерінің барлық түрлерінің үлестік тұтынылуын (оларды пайдалану тиімділігін сақтай отырып) төмендету болып табылады. Осылайша, экономикалық тиімділіктер мен экологиялық пайдаға қол жететін болады, энергия үнемдеудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі, ал ол, жалпы алғанда, экономиканың тұрақты дамуы үшін маңызды.

Қазақстанның өнеркәсібінде қолданылатын ескірген, үнемді емес технологиялар мен құралдар, нәтижесінде, дамыған елдердің ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда, ЖІӨ-нің жоғары энергия ауқымдылығын береді. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстан 2009 жылы әлемнің энергоауқымды экономикаларының арасында 10-орын алған (0,9 долл/кг н.э.).

Энергия үнемдеу әлеуетін бағалау осы әлеует шамасының кемуі бойынша экономика секторын саралауға мүмкіндік береді, ол энергиялық тиімді саясатты іске асырудағы салалардың басымдығына сәйкес келеді. Басымдық келесі түрде бөлінеді: а) электр энергетикасы; б) түсті металлургия; в) қара металлургия; г) көмір өнеркәсібі; д) машина жасау және металл өңдеу; е) мұнай-газ бен мұнайды қайта өңдеуші өнеркәсіп; ж) көлік пен ауыл шаруашылығы.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен құрылыс саласы жаппай тұтынудың энерготиімділігіне әсер ете алатын негізгі салалар болып табылады. Мысалы, қүрылыста, қатты тозған тұрғын үй қорының энерготиімділігін арттыру мақсатымен кең ауқымда және қысқа уақыт аралығында экономикалық мақсатты жаңғыртуды жүргізуге болады. Бұл сала тек жаңарту мен жылу оқшауламасын пайдалануға және басқа да заманауи технологияларға байланысты емес, сонымен қатар энергия шығындарын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретін қолайлы икемді жобалауға байланысты. Францияда қоғамдық ғимараттардың энергия тұтынуын 40% төмендету және олардың булы газдар шығаруын 50% төмендету үшін, пайдаланылып жүрген қоғамдық ғимараттарды жаңарту бойынша бағдарламаны іске асыру басталған. Үкімет пен банк және құрылыс салалары арасында өз ғимараттарының энергия тиімділігін арттырғысы келетін иеленушілерге нөл пайыз мөлшерлемесімен несиелер беруге қатысты келісімдер жасалған. Бұдан басқа, бұл бағыттағы құрылыстың жандануы қосымша «жаңа» жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелерінің ауқымды жаңартылуын жүргізу қажет, сонымен қатар тұрғын үй қатынастарының қолайлы үлгісін құруды қамтамасыз ету қажет. Қазіргі кезде коммуникациялардың 72%-і жөндеу жұмыстарын және алмастыруды қажет етеді, қалаларда су құбырлары жүйелерінің тозуы 60% құрайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру жылына 10 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қазақстанда соңғы кезеңдердегі айтарлықтай алға басуларға қарамастан, адамның таза суды, сумен қамтамасыз ету нарығын, санитария мен су ресурстарын тиімді пайдалану қажеттіліктерінің мәселелерін жүйелі түрде шешу қажет. Әлі де ауылдық елді мекендердің 59%-і және қала тұрғындарының 30%-і орталықтандырылған сумен жабдықтауга қолы жетпейді. Қалаларда сумен жабдықтау жүйелерінің тозуы 60% құрайды. Ауызсу бағдарламаларына қомақты мемлекеттік инвестициялардың бөлінуін мәселелерді шешуге деген бетбұрыс деп атап өткен жөн.

Егер экологиялық инфрақұрылым ретінде ұлттық ауқымда да маңызды экономикалық қызметтер көрсететін су жинайтын бассейндер, өзен жүйелері, орман және топырақ ресурстары сияқты дені салауатты экожүйелерді қарастыратын болсақ, онда олар реттеуші қызметтерді де атқарады, атап айтқанда: суды тазарту, топырақтардың эрозиясымен күрес, дауылдардан қорғаныс — топырақтың құнарлылығына және көміртектің байланысуына жауап береді. Қала құрылысы мен экологиялық құрылым бір-бірімен бейбіт қатар әрекеттесе алатынын атап өткен жөн. Оған: жабайы табиғаттың қорықтары, жаңбыр суларын бұрып жіберудің табиғи жүйелері, қалада орман ағаштарын отырғызу, ағынды суларды тазарту үшін жасанды сулы-батпақты жерлер мен басқалары мысал бола алады, ол инфрақұрылымның «қалалық» коммуңалдық құрылымдардың өзіндік жиынтығы ретінде жоғары бағалануына септігін тигізеді. Қазіргі кезеңде табиғи инфрақұрылым бойынша бағдарламалар қол еңбегін тарту арқылы іске асырылатыны маңыздырақ болып табылады. Қол еңбегін қолдану әртүрлі оң себеп-салдарларға ие: халық және оның табыстарын арттыру үшін жұмыс орындарының көптеген санын құру, жергілікті экономиканы қуаттайды, жергілікті өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және қоршаған ортаны қалпына келтіреді. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бағалауы бойынша, қол еңбегін тарту арқылы дамушы елдердегі сумен жабдықтау мен көлік инфрақұрылымына жылдық инвеетициялардан 192 млрд АҚШ доллары сомасында 20%-тік салымдар, төмен табысты елдердегі механикаландырылған жұмыстарды қолданғанға қарағанда, жыл сайын 110 миллионға көбірек жұмыс орнын құратын болады. Сондықтан Қазақстандағы жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы мемлекет тарапынан басымдық және ауқымды инвестициялау алды. Тек Жол картасы бағдарламасы аясында 392 мың жұмыс орны құрылып, 342,7 млрд теңге игерілген. Жұмыспен қамту мәселелерін шешумен қатар, Жол картасының іс-шаралары 8880-нен астам әлеуметтік нысандардың, ТКШ нысандарды мен жергілікті маңызы бар нысандардың жөндеу жұмыстары мен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік туғызды.

Қалаларда, әсіресе Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Қарағанды сияқты ірі қалаларда өсіп келе жатқан экологиялық жүктемені ескере отырып, «жаңа» инфрақұрылымдық бағдарламаларды енгізген маңызды. Құрамында көміртегі аз отын түріне көшу және көліктің кең ауқымда электрлендірілуін іске асыру қажет.

Аралас автокөлік паркін және оның ақылға қонымды өсуін қарастыратын конструкторлық зерттемелерге сәйкес, қалалық және қала маңы орталықтарын жоспарлау түрақты көлік үшін болашақты қамтамасыз ету бойынша күш-жігердің құрамдас бөлігі болуы қажет. Мұндай қағида бойынша қалалық даму жеке меншіктегі автокөлікке деген тәуелділікті төмендетуге және үнемі қалаға қала маңынан қатынап жұмыс істеу үшін және қысқа қашықтықтарға жол жүру үшін моторсыз және қоғамдық көліктер жүйесін кең түрде пайдалануды қамтамасыз етуге көмектеседі. Қазіргі кезде теміржол көлігіне көліктер тұтынатын энергияның жалпы мөлшерінің және булы газдар шығындыларынан 3%-і ғана келеді; теміржол көлігінің нарықтық үлесін ұлғайту көлік ресурсын және әсіресе дамушы елдер мен жүк көлігі үшін энергияны пайдалану тиімділігін айтарлықтай жақсартады.

Энергетикалық пайда электр энергиясын өндіру үшін қажетті жүк автопойыздары мен отын мөлшерінің дизельді және электрлік тарту күшінің өзара мөлшерлес қатынасына тәуелді. Халықаралық көлік форумының ақпаратына сәйкес, автокөлік тасымалдарына қарағанда, теміржол жұмысы жеткілікті түрде тиімді болуы шартымен, теміржол жүктерді С02 төмен шығындыларымен үлкен арақашықтықтарға тасымалдай алады.

БҰҰ қолдауымен Қазақстанда «Жаңа өсу» тұжырымдамасы енгізілуде, ол тұрақты дамуға өтудің бірінші кезеңі ретінде әрекет етеді. Бұл тұжырымдама төрт қағиданы пайдалануға негізделеді:

— экотиімділік қағидасы, өнімнің барша өміршеңдігі кезеңінде қоршаған ортаға әсер етуін біржолғы мейлінше азайту барысында тауарлар мен қызметтердің пайдалы қасиеттерін барынша арттыруды қажет етеді;

— ресурс үнемдеу қағидасы шешімдерді табиғи ресурстарды үнемдеу қажеттілігін ескере отырып қабылдауды талап етеді;

— бірлік қағидасы ұлттық экономиканың даму үдерісіне қатысатын барлық субъектілер іс-әрекеттерінің келісілуін қажет етеді;

— салааралық қағида шешімдерді қабылдау үдерісіне қоғамның әртүрлі салалары өкілдерінің тартылатынын білдіреді.

#Қазақстанның #ашық #экономикаға #өту #стратегиясы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз