Қазақстандықтар жаңа жылда төрт күн демалады

0
255

Қазақстандықтар жаңа жылда төрт күн демалады казакша Қазақстандықтар жаңа жылда төрт күн демалады на казахском языке

Қазақстандықтар жаңа жылды 31 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында атап өтеді.

Жаңа жыл мемлекеттік мереке болып табылады, ресми түрде 1 және 2 қаңтар атап өтіледі. Алайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мерекелік күндер сәйкес келгенде демалыс күні мерекелік күннен кейінгі жұмыс күні болып табылады.

1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс мерекеден кейінгі жұмыс күні сейсенбіге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 31 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында демалады. Келесі демалыс 7 қаңтарда болады. Православиелік Рождество сенбіге түседі, жұмыс режімінен және ауысымдық кестесінен тыс демалыс күні болып табылады. Демалыс бір күн болады.