Қазақстандық танымал заңгер Михаил Кленчин өз-өзіне қол салды
Алматы ІІД берген ақпаратқа сай, танымал заңгер Михаил Кленчин атылып өлген. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
“Алматы полициясы 1980 жылы туған азамат Кленчин М.А.-ның денесінің табылуына орай тергеу амалдарын бастады. Қайғылы оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері «Сайга» қаруын тапты. Қару азамат Кленчина М.-ның атына тіркелген. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу болған оқиғаның жай-жапсарын анықтауда. Қазіргі таңда оқиға өз-өзіне қол салу болып есептелінеді”, – делінген Алматы ІІД-сі таратқан ақпаратта.
Елімізге әлеуметтік желілер мен БАҚ-та түрлі кеңестер берумен белгілі болған заңгердің қайтыс болуы туралы ақпарат бүгін тарай бастаған.