Қазақстандық студенттер ЖОО-да сырттай оқи алмайтын болды

0

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ЖОО-да сырттай оқу алынып тасталады. Министрліктегілер оқудың мұндай түрі ендігі тиімсіз деп санайды.

Оқудың сырттай түрін шектеу туралы 8 жыл бұрын айтыла бастаған еді. Ендігі ЖОО-да немесе колледжде күндізгі оқу бөлімінде білім алғандар ғана сырттай оқи алады.

Білім және ғылым министрлігіндегілер түсіндіргендей, қазіргі ережеге сәйкес, сырттай білім алатын студенттер (ред. күндізгі бөлімде оқитын студенттермен салыстырғанда) бағдарламаның 65 пайызын ғана қамтиды екен. Алайда олардың екеуі де ЖОО-ны тәмамдағаннан кейін бірдей диплом алады.

Сарапшылардың мәліметінше, ЖОО-лардағы студенттер саны шамамен жарты миллионға жетеді. Олардың 29 пайызы тегін білім алса, басым бөлігінің жоғары білім үшін төлейтін ақшасы аз емес.

Бұған дейін сырттай оқу бөліміне түскен студенттер оқуын аятай алады, деп уәде етеді министрліктегілер. Ал диплом алғысы келгенімен, күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін қашықтықтан білім беру формасын қолдану арқылы жаңа жүйе ойластырылатын болады.

Әзірге жаңа жүйенің қандай болатыны белгісіз. Алайда жаңа жылдан бастап қашықтықтан білім беру жүйесі пайда болады. Өз кезегінде ол сырттай оқу түрін алмастырады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!