Қазақстандағы уран өндірісінің дамуы және тарихы

0
72

Өткен ғасырдың 40-жылдары Кеңес Одағында елдің атом саласын құру мен дамьпу бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады.

Сөйтіп, кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасты. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30%-дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.

Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясының (қазіргі «Волковгеология») еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны »1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында «Волковгелогия», «Красно-холмгеология», «Степгеология», «Кольцовгеология» өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералдық-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде «Целинный» (кейінірек — «ЦГХК»), «Прикаспийск» («Каскор») және «Қара-Балта» («КГРК») қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Уран өндіру. 1960 жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды.

1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшықызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды.

1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 млн фунт 11308 жетті. 90-жылдардың басында ондірістің кәдімгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70%-ын құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан тыс қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты шаймалау технологиясының қажеттігін көрсетті.

Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға қүлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды.

80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, «Целинный» мен «Прикаспийск» өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды.

Дағдылы әдіспен өнім өндіру. «Целинный» тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ.) 1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен озінің «Грачев» жэне «Шығыс» кеніштерінде руда өндіруді аяқтады.

Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бүрынғы «Прикаспийск» тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да («КАСКОР» АҚ) дайындалатын. Номиналды қуаты жылына 5,2 млн фунт Ш08 болған бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды.

Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру. Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кітабына (1999 ж.) сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған 433,940 МТ U (1,1 млрд фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-санатқа жатқызылған және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35%-ын құрайды. Бұл ресурстардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде шоғырланған.

Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990 жылы 4,9 млн фунтқа U308 жеткенімен, 1997 жылы 2,5 млн фунтқа дейін төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3,6 млн фунтқа U308 өсті.

Кен басқармалары бойынша бұл көрсеткіш мынадай көрініс табады:

«Степное». Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы «Степноедағы» өнім мөлшері 2,4 млн фунтты U308 құрады, бұл номиналды жылдық өндірістік куаттың (2,6 млн U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1,0 млн фунтқа U308 жетті.

«Центральное». Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 млн фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номиналды өндірістік қуаты жылына 2,6 млн фунт U308.90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуетті деңгейдің 50%-ында болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 млн фунтқа U308 азайды.

№6 кен басқармасы. Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 млн фунт U308 орташа құрамы 0,08 % U308) кен орнында басталды. Номиналды өндірістік қуаты жылына 1,6 млн фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0,5 млн фунтқа U308 түсіп кетті.

Уранды қайта өңдеу. Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған «Целинный» тау-кен-химия комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған «Прикаспийск» тау-кен металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар қатарына қосқан-ды.

Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген. Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті, сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі — атом станцияларьша арналған (КСРО-дағы сұраныстың 85%-ы) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған.

Географиялық орналасуына орай «Степное» және «Центральное» кеніштерінен алынған «сары кек»-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына теміржол арқылы жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 кен басқармасынан шыққан «сары кек» «ШығысСирекМеталл» (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы «Чкалов» гидрометаллургия зауытына да жіберілген.

Тәжірибелік реакторлар. Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды. Келесі бір зерттеу реакторы Алатау кентінде (Алматыдан 20 шақырым) қоныс тепкен Қазақ Ғылым Академиясының Ядролық физика институты жанынан құрылды. Тағы үш зерттеу реакторы Семей ядролық полигоны аумағындағы «Луч» ғылыми-өндірістік бірлестігінде орналасқан.

Тәуелсіздік және жаңғыру жолымен. 1992 жылдан бастап Ресей қазақ табиғи уранынан бас тартып, нәтижесінде саланың тау-кен өндіруші және өндеуші кәсіпорындары үшін қиын кезең туындады. Соған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі атом энергетикасы мен өнеркәсібі жүйесіне жататын барлық кәсіпорындарды Қазақ мемлекеттік атом энергетикасы мен өнеркәсібі кәсіпорындарының корпорациясына («КАТЭП») біріктіруге .ұйғарды. Жаңа ұйымның алдына нақты міндеттер қойылды: бұрынғы орта машина жасау кәсіпорындарын біріктіру; саланы сақтап қалу және одан әрі жаңғырту стратегиясын жасап шығу; әлемдік уран рыногында егеменді елдің және оның кэсіпорындарының мүддесін қорғау; өндірістік және кадрлық әлеуетін ескере отырып кәсіпорындарды конверсиялау мен диверсификациялау жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан уранын әлемдік рынокқа алып шығу және бұрынғы одақтас республикалардың барлығының басына түскен тығырықтан жол табу оңай соққан жоқ.

90-жылдардың басында Кеңес Одағы жаппай қаруланудың тоқтатылуына байланысты «Конкорд-Нуэкско» америкалық сауда фирмасының делдалдығымен АҚШ-қа табиғи уранды экспорттай бастады. Бұл уран бағасының бір фунты 8 долларға дейін төмендеп кетуіне және КСРО-ға бағытталған демпингке қарсы істің қозғалуына әкеп соқтырды. Аталмыш іс 1991 жылғы 29 қарашада басталып, 1992 жылғы 25 наурызда АҚШ-тың Сауда департаменті тергеу амалдарын ТМД-ның басқа да елдеріне қатысты жалғастыру керек деп шешті. Сол тұста шешуші қадамдар жасау қажет болды. Республика Премьер-министрінің өкіміне сәйкес «КАТЭП» мамандарынан жұмыс тобы жасақталды. Корпорация «Шерман және Стерлинг» заң фирмасын жалға алды, сондай-ақ «Меркейтор» фирмасының мамандары жұмысқа тартылып, АҚШ рыногындағы Қазақстан мүддесін қорғау тұжырымдамасы дайындалды.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: Алматы, -2011. -172 бет.