Қазақстандағы ұлттық мәдениетіміздің даму көрсеткіштері слайд,презентация

0

Қазақстандағы ұлттық мәдениетіміздің даму көрсеткіштері слайд,презентация

 

ұлттық мәдениет

 

Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мәдениетімізді дамытуда мемлекет тарапынан қаншама маңызды қадамдар жасалуда. Кез келген ұлт, ұлттық мәдениетінің арқасында ғана ұлт болып қала алатындығы тарихтан белгілі. 
 Халқымыздың рухани тыныс-тіршілігіне тың серпін әкелген игілікті іс ретінде зор бағаға ие болып отырған, 2003 жылғы Президент Жолдауы негізінде қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы.
Тарихи мұраларды түгелдеп мемлекет тұтастығының символына айналдыру бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналды. Жаһандану үдерісінде ұлттық құндылықтарға ерекше мән беруге міндеттіміз. Ата-бабаларымыздың тарихқа қалдырған мәдени мұраларының тамырына үңілу, танылған дүниелерімізді толықтыру, көмілген қазыналарды ашып алу міндетіміз.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу  жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды
Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары 
Жүсіп ата кесенесі 
Бауыржан Момышұлының ескерткіші 
Жамбыл Жабаев ескерткіші 
Бабаджа-Хатун кесенесі 
Арыстанбаб кесенесі XII ғасыр
Бекет- ата ескерткіші 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!