Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер — Тарих — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.
Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес. Алтын Орданың этникалық негізін құрайтын орта ғасырдағы қыпшақтар, бұрынғы Киевтік Русьтың феодалды-шашыраған аумағындағы салықпен қамтылған халқының санын есепке алуды жүргізген.1456-1465 жылдарда Керей , Жәнібек сұлтандарымен Қазақ хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына жиналған халық саны 200 мың адамға жетті. Замандастар анықтамасы бойынша қуатты қазақ хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы халық саны миллион адамға жеткен.
Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында біршама жүйелі түрде және орталықтандырылған статистикалық қызметтің туындауы қоғамдық құбылыстардың сандық жағын есепке алу әрекеттері, сонымен қатар халықты мерзімді есепке алу, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне тиесілі.
Ресейде І Петрдің 1718 жылғы жарлығымен әр бір адамды санаққа алуға бастама қойылды. Соған байланысты ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында халық туралы мәліметтер ревизия өткізу кезінде жиналған, яғни үкіметтің тағайындауы елдің халық санына кіретін шаруаларды, қолөнерлерді , саудагерлерді, мезгіл-мезгіл есепке алуды жүргізу кезінде жиналды. Мұндай ревизиялар Ресей тарихында 10 рет 1719, 1744-45, 1763, 1782, 1795, 1811, 1815, 1833, 1850 және 1857 жылдары өткізілді. Сонымен қатар әрбір ревизия бір-екі жылға созылды, ауыл көсемдерімен «ревизиялық ертегі» (Ресей империясы тұрғындарының атаулық тізімдері) помещиктермен немесе мемлекет шаруаларын басқарушылармен толтырылған, ал қалаларда – қалалық басқарма өкілдері толтырған. Әрине, мұндай жанбасылық санақ, әсіресе өткен кезеңдердегі, Қазақстанның белгілі бір аумағындағы халықтың кейбір бөлігін қамтыған. ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап, яғни басыбайлық құқықтың жойылуы кезеңінен бастап, мұндай есепке алулар тоқтатылды; оның орнына ірі, кей жерде шағын қалаларда, жергілікті халық санағы өткізіле бастады. Мұндай қалалық халық санағы 1873 жылы Астрахань губерниясында, ал 1877 жылы қазақтардың айтарлықтай бөлігі тұратын Ақмола облысында өткізілді.
Кейбір халық туралы статистикалық мәліметтер және мал саны аймақ бойынша қайта-қайта есепке алу жолымен жиналған. Мұны негізінен Ресейдің саяхатшы шенеуніктері жүргізген. Бірақ бұндай жолмен есептеу кезінде бірыңғай әдіснама ескерілмей, жалпы бағдарлама және оның өткізілу уақыты сақталған жоқ. Халық көбіне өздерін, туылған ер балаларының және нақты мал санын жасыруға тырысқан. Оның себебі халық патшалық үкіметтің бұл мәліметтерді халықтан қалайда болса көбірек салық жинау үшін қолданатындығын түсінген.
Соған қарамастан, Ресей империясының бірыңғай мемлекеттік статистикасының принциптері Қазақстан аумақтарына да ене бастады, алдағы уақытта олар ХІХ ғасырдың 60 жылдары соңындағы Патшалық Ресей тарапынан Қазақстанды басқарудағы әкімшілік реформаларын жүргізгіліп, аумақта арнайы статистикалық органдар және жергілікті қызмет көрсету органдары құрылғаннан соң түпкілікті бекітілді.
ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдің ғалым статистиктері қазіргі Қазақстан аймақтары және онымен шектесіп жатқан кейбір аудандарда басым бөлігі қазақтардан тұратын територриялардағы қазақ халқының санына келесі бағалау (есебін) берді.
1830 -1870 жылдары Қазақстан халқының динамикасы (млн. адам)
Жылдар Барлық халық саны Қазақтардың саны
1830 1,5 1,3
1850 1,7 1,5
1870 3,6 2,4
Ресей империясында алғашқы және бірегей жалпы халық санағы 1897 жылдың ақпан айында (28 ақпан айының жаңа үлгісімен) жүргізілген. Оның негізіне сол кездегі ғылыми негіздері алынған, ал бағдарлама ұйымдастырушылық негізіне атақты ғалым әрі саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары алынған. Санақ бүкіл ел бойынша арнайы дайындалған бір бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілген, және де жеке, тұрақты және заңды (тіркелген) жұртшылықты сол бір мерзімде (1897жыл 9 ақпан) есепке алған. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты (күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі, физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар.
Санақ бір күндік санақ принципі бойынша жүргізілген. Санақ парақтары ауылдық жерлерде санаққа дейін 20-30 күнде таратылып толтырылған, қалалық жерлерде жалпы санаққа қойылған мерзімге дейін 5-10 күн қалғанда толтырылған. Санақ парақтары жалпы санақтың басталуына дейін ауылдық жерлерде 20 күн, қалалық жерлерде 10 күнде толтырылған. Содан соң 9-10 ақпанда қалалық жерлерде, 9-12 ақпанда ауылдық жерлерде тіркеушілер санақ парақтарын жинап оларға түзетулер енгізген. Санақ мәліметтері, жалпы айтқанда жақсы жасалып 100 том болып шыққан. Томдардың біраз бөлігі Қазақстан халқына арналған.
Бұл санақ жұртшылықтың барын, тұрақты және заңды бөлігін қамтыған. Кейінірақ санақ парақтары тексеруден өткізіліп, түзетулер енгізілген. Н.В. Алексеенко, Г.К. Кронград және Ф.Н. Базановыйдың деректері бойынша, Ресей империясының 1897 жылғы жалпы халық санағының негіздерінен құралған, Қазақстан территориясында ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар жұртшылықтың 74-78%, орыстар — 10-13% және украйндар 1-2% құраған (үлес салмақ көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орыстар мен қазақтардың Қазақстан бойынша бірдей әкімшілік бірліктерімен қамтылмағандығымен түсіндіріледі).
Қазақстан халқына 1897 жылдың 9 ақпанына
Ұлты Қазақтар Орыстар Өзге де ұлттар Барлығы:
Халық,
мың. адам 3392,8 454,4 300,6 4147,8
%-бен барлығына 81,8 11,0 7,2 100
1897 жылдың бірінші жалпылама санақ мәліметтері мен жұмыс жасаудың қиындығы мынада болды; Ақмола облысының құрамынан Омбы уезі мен Омбы қаласын алу керек, Орал облысына Букеев ордасы кірді, Семей облысының құрамына Павлодар уезі, Сырдария облысынан Бішпек және Пржевальский уездін алу керек, Маңғышлақ уезіне Закаспийский облысы қосылған, Торғай облысы Қостанай және Ақтөбе уездерімен бірге алынуы керек еді. 1897 жылғы санақ этникалық, лингивистикалық жұртшылық санағы, бұл дегеніміз санақ негізіне тіл индентификациясы енгізілген. Украйндар, белорустар, еврейлер, мордвалардың бөлігі ана тілін орыс тілі деп (санақ мәліметтерінде «великорусский»), қырғыздар, татарлар, өзбектердің бөлігі ана тілін қазақ тілі деп (санақ мәліметтерінде «киргизский» немесе «киргиз-кайсацкий») көрсеткен.
1897 жылғы Ресей империясында жүргізілген санақ мәліметтері бойынша қазақ халқының саны 3745 мың. адам, ал Қазақстан шекарасында 1927 жылға 3392 мың. адам болды. Демогорф М.Б. Тәтімовтың ойынша 1897 жылғы санақ кезіндегі қазақ халқының саны 10%-ға, ал 1926 жылы 6%-ға аз көрсетілген.
1911 жылы қазақ халқының үлес салмағы 60%-ға дейін төмендеген, орыстар жалпы халық санының 19,6%-ын құраған. 1914 жылы қазақ халқының үлес салмағы 58,5%, ал орыстар 29,6% құраған.
1917 жылы Қазақстан бойынша қазақ халқы 4 млн. 980 мың. адамға жеткен (Семиреченск облысы бойынша 750 мың., Самарқанд облысы – 120 мың., Амудария және Сырдария облыстарында 1 млн.150 мың.). ССРО көлемінде 5 млн. 480 мың. қазақтар тұрған. М. Тынышпаевтың есебі бойынша, қазақтардың жалпы саныны 6 млн. адам болған.
Бірінші жалпы кеңес жұртшылығының санағы 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілді. Бұл санақ әскери коммунизм мен большевиктер террорының кезінде жүргізілген. Азамат соғысы аяқталмағандықтан, Қазақстанның барлық аймағы санаққа кірмеген. Жалпы халық санағымен бірге ауылшаруашылық санағы да жүргізілді.
1923 жылдың 15 наурызында бірінші қалалық халық санағы жүргізілген. Санаққа сонымен бірге өндірістік және сауда мекемелері алынуы тиіс болатын. Халық жыныс, жас және шұғылданатын ісі бойынша бөлінген. Жаңа экономикалық саясаттың басталуымен ірі және кіші мекемелердің, яғни мемлекеттік немесе жеке коммерциялық мекемелердің жалпы тіркелуін жаңарту қажетті екендігі түсінікті-ақ болатын. Аталғандар салық төлеу мен мемлекеттік бюджетті толтыруға аса құштарлық білдірмеген. Бұл санақ кеңес үкіметтің билігінің нығаюы кезінде жүргізілген және ССРО территориясының, сонымен бірге Қазақстанның толық географиялық көлемін қамтыған. Санақтың мәліметтерін өңдеуде ССРО ОСБ (Центральное Статистическое Управление) демография бөлімінің меңгерушісі Б. Михайловский басты рөл атқарған.
Ең толық халық санағы бұл 1926 жылы өткізілген Бүкілодақтық халық санағы болды. Қазақстан толығымен 1914 жылғы дәрежеге жеткен. 1925 жылдан бастап (санаққа дейігі 2 жыл ішінде) халық санағын жүргізуге дайындық пен санақты жүргізуіне байланысты мәселелер қызу талқылана бастады. 1920 жылдың орта шенінен бастап Қазақстанның губстатбюросы КазЦСУ дың басқаруымен құрылған.
ССРО ОСБ, РСФСР ОСБ, Қаз АССР ОСБ және жергілікті статистика мекемелерінің жұмысты орталықтандыру қызметтері жақсаруда. 1925 жылы Каз СРО ОСБ түбегейлі қайта құрыла бастады, бұл 1926 жылғы халық санағының басталуына дейін аяқталған болатын. Халық санағы статистика мекемелерінің қайта құрылған жүйесінің негізінде жүргізілген. Санақтарды жүргізумен негізінен Қаз ОСБ демография бөлімі айналысқан. Кадрлар негізінен бұрынғы статистика бөлімдерінің, қоныс аударған, уездік және губерниялық статистикалық бюроларының қызметкерлерінен құралған. 1927 жылғы екінші Қазақстандық статистикалық конференцияда Қаз ОСБ санақ бөлім меңгерушісі Н. Крутилинның баяндамасы бойынша резолюциясында, халықты санақпен қамту толық болғандығы айтылған.1926 жылдың 17 желтоқсанындағы халық санағы бүкіл халықтық іс болды. Партияның орталық комитеті, жергілікті партия органдары статистиканың талаптарын бірінші кезекте орындады. Осы маңызды іс-шараға бүкіл халықты жұмылдырды.
1926 жылғы халық санағына дайындық кезеңіндегі басты жұмысы бұл санақ сызбалары мен қолданыс құралдарының дайындығы. Ең бірінші тапсырмалардың бірі бұл географиялық, схемалық, өзге де карталарды құрастыру және оларға елді-мекендерді енгізу болды. Ауылдардың әкімшілік шекараларын анықтау қиындық туғызды. Бұл мәселені шешу үшін Ленинград қаласындағы ірі мұрағаттың мәліметтері, жоғарғы геодезия басқармасының әскери-топографиялық бөлімінің және де Мәскеу қаласындағы хабарласу жолдары комиссариятының мұрағатының мәліметтері қолданылған. Картографиялау 1926 жылдың жазында ауылшаруашылық санағы кезінде және халық санағының жүргізілуі кезінде жүзеге асырылды. Қазақстанмен Бүкілодақтық халық санағының дайындық және оны жүргізу жоспары жалпы түрде 1925 жылдың қаңтар айында дайын болған. Ю.М. Иванованың «1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағынына дайындық жұмыстарын жүргізу туралы» баяндамасында жұмыстың 2 кезеңі жайында айтылған: 1) техникалық жұмыстардың атқарылуы, — оларды санақ комиссиясының тек қана штабтық статистикалық жұмысшылары атқарады; 2) бағдарламаны ойластыру, дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оларды орындау. Санақ 1926-1927 ж.ж. қатаң қыстың жағдайында жүргізілді. Жұмысқа статистиктер, мектеп және интернат мұғалімдері, халықтық жер комитетінің жұмысшылары, халықтық қаржы комитеті, халықтық ішкі істер комитетінің және жергілікті атқарушы комитеттерінің қызметкерлері тартылды. Қолдағы бар ауылдар мен қыстаулардың тізімі бойынша, кестелер, елді мекендердің схемалық карталары бойынша халық санағы басталған. «…орыс және өзге қазақ емес шаруашылықтарда халықтың бір жерге жиналуын болдырмау, ауыл-қыстауларды аралауды міндетті түрде жүргізу – қазақ халқына арналған». Халық санағын қалаларда және қалалық үлгідегі елді мекендерде 1926 жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған, ауылдық жерлерде орыс және өзге тұрақты халықты – 1927 жылдың 3 ақпанына, көшпелі қазақтар үшін – 1927 жылдың 18 ақпанына, тіркелген жерлердегі қазақ халқын қоспағанда, ол жерлерде халық санағы 1927 жылдың 15 қаңтарында аяқталуы керек болған. Жалпы санақ қойылған мерзімде аяқталған. Қоғамдық санақ бағдарламаларының қоры қазақ шаруашылықтары жайындағы арнайы шығарылған жинақпен толықтырылды. Бұл қосымша жинақ бақылау парақшасы ретінде қолданылды және қазақ жұртшылығының толық есепке алынуына мүмкіншілік берді. 1926 жылғы халық санағы кеңейтілген бағдарлама бойынша жүргізілген. Жеке парақша, жанұя картасы және т.б. сұрақтар енген, қосымша жинақ қазақ шаруашылықтарына арналған көп түрлі сұрақтар бағдарламасынан құрылған, мұнда этнографиялық, әлеуметтік–экономикалық аспектілерді қамтыған. Санақ бағдарламасын құруда белгілі демогрофтар, экономистер, этногрофтар, статистиктер жұмыс жасаған.
1897-1926 ж.ж. Қазақстан халқы
Ұлты Жылдар Абсолюттік
өсімі Үлес салмақтағы өзгерулер
1897 1926 бөлімдерде % бен
Қазақтар 3392,8 3627,6 234,8 107
% бен 81,8 58,5 — 23,3
Орыстар 454,4 1275,1 820,7 281
% бен 11,0 20,6 + 9,6
Басқа да ұлттар 300,6 1293,7 903,1 430
% бен 7,2 20,9 + 13,7
Барлығы: 4147,8 6196,4 2048,6 49
% бен 100 100
Келесі санақ 1937 жылдың қаңтар айында өткізілген. Бұл «атыс санағы» болған. Үлкен шығындар жасалып, маңызды ұйымдастырушылық жұмыстардың жүргендігіне қарамастан, санақ қорытындылары нәтижесіз болды, өйткені санақты ұйымдастырушылардың көп бөлігі ату жазасына ұшыраған. Бұл санақ, яғни оның бағдарламасы ал ең бастысы санақтың көңіл толтырмайтын қорытындылары Сталин мен оның қарамағындағыларды қанағаттандырмаған. Бұл санақтың мәліметтері өңделмеген және басылым беттеріне де шықпай мұрағаттарда қалған. Сондықтан тоталитарлы – репрессиялық өкіметтің қысымы жоғарылағандықтан жаңа санақты жүргізуге дайындықтар басталған, санақ алдыңғы екі бес жылдықтың табысты өткендігін дәлелдеуі керек еді, большевиктердің қуатты қаруы ретінде қызмет көрсетуі керек болған.
1937 жылы Бүкілодақтық бір күндік халық санағы өтті. Ол санақ 6 қаңтарда түнгі сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ болды. Бұл санақты 1932 жылы өткізу жоспарланған, одан кейін 1935 жылы өткізуге қалдырылған, нақты 1937 жылы өткізілген. 1932 жылы сынақ халық санағы Тула қаласында және бірқатар ауылдық аудандарда өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың. сұхбатшы жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай санақты өткізуге бес жыл бойы дайындықтар жүргізілген. О.А. Квиткина, Л.С. Брандгендлер, М.В. Курман, И.А. Кровальдердің сіңірген еңбектерін атап өткен дұрыс. Санақ бюросын О.А. Квиткин басқарған, ол 1926 жылы табысты өткен санақтың ұйымдастырушылардың бірі, математик және медик (Сорбонн (Париж) университетін және МГУ медициналық факультетін аяқтаған). Болған санақты өткізу бойынша сұрақтарды Берлин қаласында зерттеген, неміс, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 1936 жылдың сәуір айынан бастап халық санағына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. ОК БКП (б) және ССРО ХКК халқына арналған арнайы үндеу таратылған, үндеуде санақтың халықшаруашылық мағынасы жайында айтылған және санаққа қатысу — әрбір адамның міндеті екендігі айтылған. Сонымен қатар, елде тотаритарлық құрылымның билігі байқалған. Идеологиялық тұжырымдамалар елеулі зиян тигізген: соцализм кезінде халық санының күрт өсуі байқалған, әлеуметтік қажеттіліктер жайындағы сұрақтарды қосу, дін, отбасылық жағдайы сұрақтар ашық сұрау түрінде жасалған. Мұндай сұрақтарға нақты жауап алу мүмкін емес болатын. Сұрақтардың сәтсіз қойылымы халықтың наразылығы мен қорқынышын тудырған. 1937 жылдың 2 қаңтарында И.А. Кроваль И.В. Сталин мен Молотовқа халық санағының ең алғашқы қорытындыларын хабарлаған (НКВД –нің арнай контингенті және әскер қатарындағылар бөлек тіркелген). Халықтың санақпен қамтылуы қанағаттанарлықтай еді. Халық санағының ұйымдастырушылық жоспары бойынша қайталап бақылау жұмыстары аяқталғаннан соң, бөлек шаруашылық кеңестеріндегі жұртшылықтың санақтан тыс қалмағандығын тағы да тексеру жүргізу үшін шаруашылық кеңестерінде санақ парақтарына жазылғандарды жеке-жеке аты-жөнімен салыстырған. Санақпен қамтылмаған халықтың саны 1 пайыздың бөлігін ғана құраған. Санақ ағымдағы тіркеудің халықтың санын асырып көрсететіндігін анықтаған, АХАЖ тіркеу жүйесі, туу мен өлімді тіркеу жүйесінде кемшіліктер барын көрсетті. Мәліметтердің толық болуын қамтамасыз ету үшін бұл санақ тұрақты және нақты халықты есепке алудың дұрыстығын көрсетті. Тұрғылықты жерлерінен 1-2 күнге жолға шығып кеткендер ғана санаққа алынбай қалған. Нұсқаулық нақты болмаған, анық нұсқауларсыз, сөздіктерді құру кезінде де біраз кемшіліктер болған. Бұл санаққа деген соңгы талаптар халықтың 1,3%-ның тіркелмегендігіне қатысты болған.
1937 жылғы халық санағының қорытынды мәліметтері өңделіп қатаң түрде құпияландырылған. Өңдеушілер жоғалтылған мәліметтер үшін сотқа берілген болатын.
1937 жылғы халық санағы халықтың ұлттық құрамы бойынша мардымсыз мәліметтер берген болатын.
1937 ж халық санағының Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамы бойынша саны
Ұлты Халық саны % бен
Барлық халық 5 126 676 100
қазақтар 2 181 520 42,6
орыстар 1 917 673 37,4
украиндар 549 859 10,7
өзбектер 109 978 2,2
татарлар 92 096 1,8
немістер 80 568 1,6
ұйғырлар 32 982 0,7
мордвалар 21 511 0,4
дүнгендер 7 007 0,1
қырғыздар 5 024 0,1
өзге де 128 458 2,5
ССРО аумағындағы қазақ халқының саны 1937 жылға, мынадай 2 862 458, оның ішінде РСФСР – 292 099, ҚазССР – 2 181 520, УзССР – 287 214, Түркімен ССР – 60 035, Тәжік ССР – 12 396, Қырғыз ССР – 25 541.
ҚазХШЕБ (халықшаруашылығы есебі басқармасы) тығырыққа тірелді. Себебі Қазақстанның 20-шы жылдардың аяғындағы жалпы халық санының күрт азаюының себебін ашаршылықты атамай көрсетуі қажет еді. Ағымдағы тіркеу бұл жылдары өте нашар жүргізілген еді, соған қарамастан ҚазХШЕБ орталыққа келесі халық санының өсу динамикасын көрсеткен.
Қазақстан халқының динамикасы(1930-1936ж.ж.)
мың. адам
жылдар 1930 1931 1932 1933 1934 1935 1936
абсолюттік саны 5873,0 5114,0 3227,0 2493,5 2681,8 2926,0 3287,9
жыл бойына абсолюттік өсімі -759 -1887 -734 +188,3 +244,2 +361,9
Халық санының азаюы ҚазХШЕБ ССРО көшіп кеткен халықтың үлкен санымен түсіндірген (қайтып келгендерді есептен шығарылуымен және шығарылмауымен қоса). Сонда, қайтқандардың есептен шығарылуымен халықтың азаюы 1,3 млн. адам, ал қайтып оралғандырды есепке алғандағы сальдо шамамен 2 млн. адам санына жеткен.
1939 жылдың 17 қаңтарында ССРО да тағы бір халық санағы өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті қорытындыларды берген жоқ, оның қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», сонымен қатар тұрғындардың санын ұлғайтқан.
1939 жылғы санақтың мақсаты партия және үкіметтің бұйрығымен берілгенді есептеу болған. Статистика осы қойылған шартпен орындап шығатындығына ешкімде күмән болған жоқ. Қала жұртшылығының күрт өсуіне дәлелдеу үшін бірқатар елді мекендердің мәртебесі өзгертілген: жүздеген поселкілер қала атағын алған. Қорытындыда керекті цифрларды алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп бұл кездегі тұрғындардың саны 1926 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейгендігін көрсетті.
Қамаудағы адамдарды санаққа алу бөлек мәселе болатын. Халықтың тығыздығының бір шаршы метрге бір адамнан келетін облыстардың, бір сәтте халқы тығыз қоныстанған облыстар болып шығуына жол берілмеуі керек болған. Сондықтан қамауда отырған адамдарға арналған санақ парақтары (1939 жылы шамамен 3 млн. дана болған) бүкіл елдің территориясы бойынша азғана мөлшерлермен біркелкі таратылған .
Дегенмен, талпыныстарға қарамастан 1939 жылғы халық санағының қорытындылары 1937 жылда алынған қорытындыларды жоққа шығарған жоқ. Санақты ұйымдастырушылар өздеріне дейіңгілердің қайғылы тағдырын кешетіндіктерін сезгеннен соң, шұғыл түрде санаққа алынбаған азаматтарды іздей бастады. Үй жайы жоқ адамдарды ұстап, санаққа алған және де қатынауға қиын жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған.
Үкіметке санақтан алынған қорытындылар аса көңіл қонарлықтай болған жоқ, соған қарамастан тағы да бір халық санағын ақаулы санақ деуге де болмады. Соңында ұйымдастырушыларды арнайы марапаттаған, ал мәліметтерді өте қысқа түрде басылымдарға шығарған. Санақтың басты мәліметтерін онымен қоса басылымға дайындалған жеті томдық басылымды қауіптік мақсатта құпияландырған, себебі аймақтық мәліметтерді қосқанда жалған қорытындыларының анықталуы мүмкін еді.
Санақты саясаттандырыу мен идеологияландырудың арқасында методологиялық және методикалық деңгейі күрт төмендеді. Статистикалық мекемелер 1926 және 1939 жылдардағы санақ мәліметтерінің қайталап есептеуін Қазақстанның әкімшілік-территориялық облыстары жүргізген бойынша.
1926 және 1939 ж.ж. Қазақстандағы халық санағы бойынша халықтың этникалық құрамы
1926 жыл Абсол.
% бен 1939 жыл Абсол.
% бен
Барлық халық 6 198 467 100 6 093 507 100
Қазақтар 3 627 612 58,5 2 313 674 38,0
Орыстар 1 275 055 20,6 2 449 128 40,2
Украиндер 860 201 13,9 656 676 10,8
Немістер 51 094 0,8 92 379 1,5
Татарлар 79 758 1,3 106 943 1,8
Өзбектер 129 399 2,1 103 240 1,7
Белорустер 25 584 0,4 31 309 0,5
Ұйғұрлар 63 432 1,0 35 354 0,6
Корейлер 42 0,0 95 903 1,6
Басқа да ұлттар 86 290 1,4 208 902 3,3
Бірақ, бұл мәліметтер ұзақ уақыт бойы ССРО мұрағаттарының қорларында сақталған. Олардың жаңадан өңделуі 1959 жылы басталған. Дегенмен, этностар жайлы мәліметтер мардымсыз түрде болған. 1937-1939 жылдары репрессияға ұшыраған кәсіби мамандардың жоқтығы білініп тұрды. 1959 жылдың қаңтарында соғыстан кейінгі бірінші халық санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтерінде сталинизмдік идеология көрінісін тапты. Сонымен қатар 1939-1959 жылғы қайталап есепке алудың мәліметтері басылым беттеріне шығарылып, зерттеушілердің қолдануына ыңғайлы болды. Осы кезеңде ғылым әлеміне жаңа демографтар буыны енді. Демография 20-жылдардан кейін алғаш рет қайтадан қоғамдық ғылымдардың құрамына енгізілді.
1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда тағы бір кезекті халық санағы жүргізілді. Санақ есепке алу кезіндегі (1959 жылдың 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні) сол ғимараттағы адамдар, сол ғимаратта тұрақты немесе тұрақсыз түрде тұратындықтарына қарамастан, басқа қалаларға, ауылдар мен елді мекендерге, санаққа алынбауы мүмкін болатын жерлерге кеткен адамдар санаққа алынған. Бұл санақтың мәліметтері 1960 жылдың 1 қаңтарындағы әкімшілік-территориялық шекаралар бойынша қайталап есептелінген. Талдықорған облысы Алматы облысына қосылған, Павлодар облысының Бесқарағай ауданы Семей облысына берілген; Алматы қаласының қоныстарының құрамы өзгертілді, Жамбыл (Тараз), Өскемен, Көкшетау, Теміртау жаңа қалалық қоныстар: Талғар, Сырдария және т.б. құрылған.
Қазақстандағы 1959 жылғы халық санағының ұлттық құрамы.
Ұлты Ұлттың саны %-бен
Барлық халық 9309847 100
Қазақтар 2794966 30
Орыстар 3974229 42,7
Украиндар 762131 8,2
Немістер 659751 7,1
Татарлар 191925 2,1
Өзбектер 136570 1,5
Корейлықтар 74019 0,8
Ұйғырлар 59840 0,6
өзгеде ұлттар 656416 7
1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық халық санағы жүргізілді, бұл санақтың ұйымдастырушылық-методологиялық және баспа жұмыстары бойынша да алдыңғы жүргізілген санақтардан басым болды және оның қорытындылары 1926 жылғы халық санағының деңгейне жетті. 1970 жылғы халық санағының мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат жүргізу нәтижесінде алынған, бұл мәліметтер сол уақытта жоғары салыстырмалыққа ие болды.
1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар аралығында 8 күн бойы жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Бүкілодақтық халық санағы 1939 және 1959 жылдардағы халық санақтары сияқты қаңтар айының орта шенінде жүргізілді. Халық тұратын жерінде, ең болмағанда уақытша тұрғын жерлерінде санаққа алынды, бірақ бұрынғыдай жұмыс немесе қызмет атқару орындарында есепке алынған жоқ. Санақ парақтарын арнайы іріктеліп дайындалған сұхбатшылар халық тұратындай немесе тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді аралап бақылау тәртібі бойынша толтырды. Санақ парақтарына әр бір ғимараттағы нақты халық 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні сағат 12-00 ден бастап есепке алынған. Тұрақты тұратын халықтың санына уақытша кеткендер де есепке алынған болатын. 1970 жылғы халық санағы бағдарламасы барлық халыққа арналған 11 сұрақтан және халықтың 25%-ы сұхбатталған тағы 7 сұрақтан тұратын. Санақ парақтары сұхбатшылардың халықпен сұхбат жүргізу арқылы толтырылған. Халық санағы аяқталғаннан кейін 1970 жылдың 24 мен 29 қаңтар аралығында 6 күн бойы санақтың дұрыстығын тексеру мақсатында іріктеп бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды нұсқаушы-бақылаушылар сұхбатшылармен біріге отырып жүргізді. Қайталап бақылау мен қалалық жерлердегі әрбір есептік учаскедегі тұрғын ғимараттарының 50%-ы қамтылды, ал ауылдық жерде есепші учаскелердің 50%-ы қамтылған. Қайталап бақылау нәтижесінде халақтың 0,2%-ы сұхбатшылармен есепке алынбағандығы анықталды, ал бүкіл халықты тексеру кезіндегі көрсеткіш 0,25%-ды құраған. Халық санағының қорытындысын өңдеу мен дайындау кезінде әкімшілік – территориялық қайта жаңартулар да ескерілген, мысалы, Торғай облысындағы да, Қазақ пен Өзбек ССР араларындағы шекараларының ішінара жаңартулары да ескерілген.
1970 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының
этникалық құрамы
Ұлты Ұлттың саны %-бен
Барлық халық 13 008 726 100
Қазақтар 4 234 166 32,6
Орыстар 5 521 917 42,4
Украиндар 933 461 7,2
Немістер 858 077 6,6
Татарлар 287 712 2,2
Өзбектер 216 340 1,7
Белорусьтер 198 275 1,5
Ұйғырлар 120 881 1,0
Корейлер 81 598 0,6
Әзірбайжандар 57 699 0,4
өзге де ұлттар 498 600 3,8
ССРО аумағында 5 298 818 қазақ халқы, соның ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек ССР – 476 310, Қазақ ССР – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік ССР – 8 306, Түркімен ССР-да – 65191 халық тұрақтаған. 1970 жылдың халық санағының бағдарламасындағы адамдардың ұлты мен ана тілі бойынша сұрақтары былай тұжырымдалған: «Ұлты. Шетелдіктер қосымша азаматтылығын көрсетіуі керек» және «Ана тілі. Сонымен қоса ССРО елдерінің қайсысының тілдерін еркін меңгерген». Халық санағының нұсқаулықтарының талаптары бойынша ұлты жайындағы сұрақтарға сұхбатшылар «сұраққа алынушының атаған ұлтын » және ана тілі жайындағы сұраққа «сұраққа алынушының өзі ана тілім деп есептейтін тілді ғана» жазулары керек. Және де ана тілімен қатар ССРО елдерінің ішіндегі тілдер де жазылған (еркін меңгеріп, сол тілде сөйлей алған жағдайда).
Балаларының ұлтын анықтау қиындық тудыратын отбасыларда анасының ұлты жазылатын болған, бұл тәсіл 1939,1959 және 1970 жылғы санақтарда да қолданылған.
1979 жылы 17 қаңтарда кезекті Бүкілодақтық халық санағы жүргізілді. Халық 17-24 қаңтар аралығында 8 күн бойы жұмыс немесе қызмет атқару орындары бойынша емес, тұрғылықты тұратын жерлері бойынша санаққа алынған. Сұхбатшылар сұхбат жүргізуді 16-нан 17-ші қаңтарға қараған түнінің сағ 12-00-ден бастаған. Тұрақты тұрғындар санына уақытша болмаған адамдар да есепке алынған.
Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа жауапты тұрақты халықтың — 25% нан алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ кезінде және одан кейін де деректердің дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген: қайталап бақылау бланкілері құрылған, санаққа алынғаны жөнінде анықтамалар беру және қайталап бақылаулар жүргізілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы жасы мен туған жылы және толған жасы жайындағы сұрақтардың құрылымы анықталған. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі. Іріктелген санаққа қосымша жұмысы мен шұғылданатын ісі бойынша сұрақтар енгізілген.