Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы слайд,презентация — Тарих

0

Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы слайд,презентация

 

 

    XVII ғасырда Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайының ауыр болуына байланысты ішкі бытыраңқылық шамадан тыс күшейді.
     XVII ғасырда Қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ. 
Дәл осы кезде Қазақ хандығында жүздердің арасындағы ынтымақ, ауызбірлік бұзылып, экономикалық-шаруашылық байланыс, алып-беріс тоқтады.
 Сөйте келе, әр жүздің бай-шонжарлары өздерінің талап-тілегін қанағаттандыратын хандарын сайлап алды.
 Бұл кезекті Жоңғар шапқыншылығының басталуын тездетіп жіберді. 
Қазақтың хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Халық оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады.
 Жәңгір хан Жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара хандығымен, Жаркент хандығымен, қырғыздар одақтастығымен қарым-қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады.
 Басты мақсат олардың көмегіне сүйене отырып, Жоңғар шабуылынан қорғану еді. 
Жоңғарлар өздеріне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинады. 1652 жылы Қазақ хандығының жеріне баса-көктеп кірді.
     1665 жылы Жоңғар басшылары Шығыс Түркістанға аттанып, Шалыш, Ақсу, Қашқарды басып алды
     1670жылы Жаркентті өзіне қаратып, Шағатай әулетінен шыққан Жолбарыс, Ысмайыл деген қуыршақ хандарға билетеді.
 Түркістан Жоңғар хандығы құрамына кіргеннен кейін оның экономикалық қуатын арттырып жіберді.Қашқардағы кен орындарынан мылтық оқ-дәрісі өндірілді.  
       1681 – 1685 жылдары Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса-көктеп кірді:
Бірнеше қазақ ұлыстарын талқандап, тоғыз қаланы басып алды;
Олар: Сайрам, Манкент, Шымкент, Қараспан, Ташкент т.б. қалалар еді.
Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, феодалдар тобының басым көпшілігін билерге арқа сүйеуге, сонымен қатар сұлтандардың билігін шектеуге тырысты.
 Феодал шонжарлардың өкілдері мен билерден құралған “хандық кеңестің”    және “билік кеңестің” рөлін арттырды.
 Тәукенің орнатқан тәртібі бойынша , хан мен ру басы билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды. 
Ханның қасындағы кеңесте билер негізгі рөл атқара бастады.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!