Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті

0


Кіріспе

Жергілікті жер туралы ақпарат республика экономикасының, қорғаныстың көптеген саласының маңызды құрамы болып табылады, осыған байланысты геодезиялық және картографиялық өнімнің сапалы қызметіне сұраныс өсіп келеді, және көп жағдайда осы өнімдер заңды құжат болып табылады. БҰҰ деректері бойынша басқарушы шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесіндегі кеңістіктік ақпараттың еншісіне осы жүйедегі ақпараттың жалпы көлемінің 80co-ға дейін құрайды.
Бюджеттік қаражаттың ұлғаюына байланысты республиканың жалпы көлемінен 10 co аэротүсірілім жүргізілді; мемлекеттік геодезиялық желілері нүктелерінің нүктелерінің жалпы санына 0,9co көлемі зерттелді, жалпы нивелирлік желі ұзындығынан 3 co нивелирленді, барлық масштабтық реттегі мемлекеттік топографиялық карталар парағы санынан 7 co жаңартылды.
Тұтастай алғанда геодезия және картография саласында жағымды алғы шарттар туындады, сонымен қатар басты шешілмеген мәселелерге келесілерді жатқызуға болады:
1. Картография негізі болып табылатын мемлекеттік геодезиялық желі жартылай жойылған және көп жағдайда қйтадан қалпына келтірілмейды, соның нәтижесінде оған қойылатын талаптар толығымен жауап бере алммайды.
2. Жер серіктік технологиялардың дамуына және топографиялық геодезиялық өндірістің жер серіктік координаталық анықтаудың жеке әдісіне көшуіне байланысты республиканың жаңа координаталық негізін құру және дамыту мәселесі тұр.
3. Қазақстан республикасы аумағының топографиялық және картографиялық қамтамасыз етілу жағдайы ерекше алаңдатушылық тудырады, карталардың уақытқа сай келу 10-20 жылды құрайды.
4. Сейсмобелсенді аумақпен Қазақстанның Каспий маңы аумағының жоғары нақты геодезиялық өлшемлермен толық қамтылмауы.
5. Агенттікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы.
6. Жеткілікті дәрежеде жас мамандардың жоқ болуы және мамандарды дайындау, қайта дайындау сапасы қазіргі уақыттағы техника және технология талаптарына сәйкес келмейді.
7. Нарықты нақты емес геодезиялық және картографиялық өнімдерден қорғау, олардың пайдаланылуы мемлекетке және тұтынушыларға залал келтіруі мүмкін.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысына байланысты Қазақстанның жағдайымен байланысты басқа да мәселелер бар. Қазіргі кезде Жаһандану республикада болып жатқан барлық дерлік процестерге ақырындап әсерін тигізуде. Қазақстанның ақпараттың кеңістігі бірегей ақпараттық кеңістікке ене түсуде.
Қазіргі жағдайдың сараптамасын ескере отырып және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі және тұрақтандыру бойынша қойған тапсырманы ескере отырып, жер ресурстарын басқару, геодезия және картография салаларының стратегиялық бағыттары анықталды, бұл өз кезегінде жер ресурстары туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның Институцияналды даму көрсеткіштері бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіндегі рейтингін көтеруге, елдің қорғаныс мүмкіншілігін нығайтуға, ұлттық қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.

1 Геодезияның жалпы даму тарихы

Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Онда Ніл өзені алқабындағы егін шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең дамыған еді. Астық өнімінің мол болуы құнарлы тұнбалардың шөгуімен байланысты болатын. Ол кезде әр жыл сайын Ніл өзенінің су тасқыны жер танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бүл жерлерді қайта-қайта қалпына келтіріп отыруға тура келді. Әрине, бұл жағдай жер танаптарын межелеп бөлу, жерге өлшеулер жургізу кезінде тәжірибе жинақтауға алып келеді, сөйтіп жерді өлшеу (геометрия) және жерді бөлу (геодезия) саласындағы теориялық білімнің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі 12-14 ғасырларда Қытайда бүкіл жерді зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерінің болғандығын көрсетті.
Геодезия антикалық замандағы Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның Диоптрия туралы және Ауданды өлшеу атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д. 274-194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.
Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы I Петрдың дәуірінде жүзеге асырылды. Осы кезеңде өнеркәсіптің, теңізде жүзудің,әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер мен карта жасауға жаңа талаптар қойды. Осы мақматпен мемлекеттің аз зерттелген аудандарында түсіру жұмыстарын жасау үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Осының арқасында Донда, Ертісте, Камчаткада және Куриль аралдарында алғашқы топографиялық түсірулер жасалынды.
19 ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың ғылыми жағынан жоғары қойылуына көп еңбек сіңірген атақты орыс астрономы және геодезисті Пулков астрономиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші директоры В.Я.Струве болды.
Геодезиялық қызмет Кеңес өкіметі жылдарында қарқындап дами бастады. Осы кезеңде негізгі геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірулер жүргізу үшін орталық және жергілікті геодезиялық ұжымдар құрылды. Сол уақыттан бастап геодезияның негізгі міндетті одақтың өндіргіш күштерін зерттеу мен дамытуға жәрдемдесу болды.
Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халық шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын қанағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды, ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жұмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін) бұрынғы ТМД территориясының 1: 1 000 000 масштабты топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі геодезиялық қызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1: 100 000 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезең 1: 25 000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен сипатталады.
Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картография өндірістің мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікетелей байланысты болып отыр.
Келешекте халық шаруашылығының шұғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде-ақ жасалған ғарышты борттық аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан қабылданған бейне-ақпараты өзіне қойылған міндетті шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталары тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады.
1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құралдар жасалды.
Бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын талдап жасау және оны практикаға ендіру саласында Ресей ғылым акедемиясының корреспондент мүшелері Н. Г. Келль және Ф. Н. Красовский зор жұмыстар істеді. Геодезия және картография саласындағы аса көрнекті зерттеулер осы ғалымдардың және профессорлар А. А. Михайлов, А. А. Изотов, А. С. Чеботарев, М. С. Молоденский, Н. А. Урмаев, В. В. Данилов, В. В. Попов және т.б. еншісіне тиеді.

2 Қазақстан Республикасындағы геодезиялық қызмет туралы жалпы мәлімет

2.1 Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті

Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Комитеті басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдайлар жасалды. Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда ұйымдастырылатын геодезиялық отрядтардың, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әскери күштерін геодезиялық ақпараттармен қамтамасыз ететін Оңтүстікгеодезия, Астанатопография, Алматыгеокарт, Солтүстікгеодезия сияқты орталықтарды ашылуы, сондай-ақ Қазақстанда геодезия мамандарын дайындайтын Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттің, Қ. И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің, Гумилев атындағы ЕВразиялық ұлттық университеттің еңбектері дәлел.
Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекеттік кеңес 1992 жылы құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдіктері кіреді.
Жоғарыда айтылған мекемелердің мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар:
1. Республикамыздың кең-байтақ территориясында геодезиялық тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулержүргізуде жоғары дәлдіктегі жұыстарды ұйымдастыру.
2. Әртүрлі мақсаттағы қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.
3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлық мәліметтерді бір жүйеге келтіру.
Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топографиялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 жылға дейін Қазақстан аумағының тек 13,5 пайызына 1: 126 000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 жылы ол 86,6 пайызға жеткізілді және масштабы 1: 100 000, 1: 200 000 топографиялық карталар жасалды. 1920-1945 жылдары 22 800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 жылы масштабы 1: 25 000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2-, және 3-класты мемлекеттік триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1: 100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтының Қазақстан филиалы Геодезия және картография Бас басқармасының картографиялық материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және ауыл шаруашылығының картасын жасады (1960ж). Геодезиялық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.
Қазақстан Республикасында Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша 10-шы жұлдызында 1992 жылы Министрлер кабинетінің жанында Геодезия және картография бас басқармасы (ГКББ) құрылды. Осы Қазақстан Республикасың ГКББ-ында орталық картография қоры бар. Онда картография-геодезиялық жұмыстардың мәліметтері сақталады. Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы (МГҚБ) топография-геодезиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалуына сапасын бақылап отырады, алғашқы мәліметтерге жататын материалдарды бір жүйеге әкеледі (мемлекеттік геодезиялық пункттердің координаталарының каталогтары).
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму миниистрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті ТМД қатысушы мемлекеттердің геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондылау жөніндегі мемлкекетаралық кеңеске қатысты.
2013 жылы 20-24 тамыз аралығында Беларусь Республикасының Беловежская пуща Ұлттық паркінде Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 35 сессиясы өтті.
Аталған сессияда қазақстандық делегацияның басшысы — Жер ресурстарын басқару комитетінің Төрағасы Бауыржан Әміржанұлы Смағұлов өткен сессия шешімдерін орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қазақстан Республикасында геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етуді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары жөнінде айтты, сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) базасында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау саласында мемлекетаралық ынтымақтастық бағыттарын кеңейту мәселісіне тоқталды.
Қазақстандық делегация бастамасымен 1942 жылғы координаттар жүйесінде жасалған кейбір картографиялық-геодезиялық материалдар мен деректердің режимдік шектеулерін алып тастау және Картографиялық-геодезиялық қорлардың материалдарын аналогты түрден цифрлы түрге ауыстыру туралы ереже әзірлеу мәселедері қарастырылады.
Іс-шара шеңберінде Мемлекетаралық кеңес мүшелері ТМД қатысушы мемлекеттердің Кеңестік деректер инфрақұрылымы пилоттық жобасын жүзеге асыруды, Достастық мемлекеттерінің бірыңғай геонавигаиялық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар дайындауды талқылады.
Сонымен қатар сессия барысында Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) жанындағы ТМД қатысушы мемлекеттерді өндірістік ұйымдарының инженерлік-техникалық мамандары және жоғары, арнайы орта білім беретін оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ғылыми-білім беру орталығы қазметін қаржыландыру моделі, сондай-ақ ТМД қатысушы мемлекеттердің Географиялық атаулар өзерістерінің электрондық бюллетенін модернизациялау жөніндегі жұмыстар барысы қарастырылды.
Мемлекетаралық кеңестің кезекті 36 сессиясы 2014 жылы Қазақстан Республикасында өтті.

2.2 Геодезиялық қызметі ұйымдастыру формалары

Геодезиялық жұмыстар далалық және ғылыми өңдеу жұмыстары болып бөлінеді.
Далалық жұмыстардың ең басты мазмұны өлшеу процесі болып табылады, ал ғылыми өңдеу жұмыстары есептеу және графикалық процестерден тұрады.
Өлшеу процесіне пландар мен карталар жасау үшін немесе арнайы мақсаттар, мысалы, трассалар жүргізу, барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу үшін жүргізілетін жер бетіндегі өлшеулер жатады.
Топографиялықгеодезиялық өлшеулер мынадай элементтерді қамтиды: горизонталь және вертикаль бұрыштар, еңкіш, горизонталь және вертикаль қашықтықтар. Осыларды өлшеу үшін әр түрлі геодезиялық аспаптар қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) қашықтықтарды өлшеуге арналған аспаптар — өлшеуіш ленталар, сым, рулеткалар, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық қашықтық өлшеуіштері және т.б.;
ә) бұрыш өлшеуіш аспаптары: теодолиттер, буссольдар, гониометрлер, т.б.
б) вертикаль биіктіктерді өлшейтін аспаптар: нивелирлер, рейкалар және т.б.
Геодезиялық өлшеулер нәтижелері тиісті журналдарға енгізіледі және дала жағдайында түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалады, ол абрис деп аталады.
Есептеу процесі өлшеулердің сандық нәтижелерін жүйеге келтіру мен өңдеуден тұрады. Есептеуді жеңілдету, керекті нәтижелерді тез табу, есептеу жұмыстарының дұрыстығын дер кезінде тексеріп отыру үшін барлық есептеулер белгілі бір схемалар бойынша жүргізіледі.
Графикалық процесс өлшеу және есептеу нәтижелерін белгіленген шартты белгілерді сақтай отырып, мәліметтерді сызба түріне келтіруден тұрады.

… жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!