Қазақстан жануарлары балабақшадағы ашық сабақтар
Күні: Пәні:Мүсіндеу
Тақырыбы:Қазақстан жануарлары
Мақсаты: 1. Қазақстан жануарлары мүсіндей білуге үйрету.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Жұмбақ: Ауылдан рте тұрып,кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа.
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.
(Жайылған қой,қозы)
-Балалар бүгін жануарлар туралы әңгіме айтып,оларды мүсіндеуді үйренеміз.
V Жаңа сабақ
Қой мен қозының суретін немесе ойыншықтарын көрсетіп әңгімелесемін.Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін түсіндіру.Бірнеше бөліктерден тұратынын:денесі,мойын,басы,аяқтары және құйрығы.Дәптердегі үлгі-суретке қарай отырып,мүсіндеу жолдары түсіріледі.
Сергіту сәті: Ақ қояным тұршы
Беті-қолды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Ақ көйлегіңді киші
Сабаққа қарай баршы
Орныңа отыршы
Сабағыңды оқышы
VI Пысықтау
Шығармашылық жұмыс: Балалар қой мен қозының мүсінін жасайды.
VII Бекіту
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Қойдың пайдасы қандай?
-Қойдың төлін қалай атайды?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!