Қазақстан және Ресей слайд,презентация — Тарих

0

Қазақстан және Ресей слайд,презентация

 

 

 

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдыменРесей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде
Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтті.
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік егемендігін таныды.
1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.
1992 жылы – Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.
Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды

2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков.
2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников.Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады.Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 10 пайыздан астамын құрайды.
2010 жылы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы ҰҚШҰ және ТМД саммиті барысында екі елдің мемлекет басшыларымен қол қойылған Қазақстан Республикасы Президенті және Ресей Федерациясы Президенті Бірлескен мәлімдемесімен 2011-2012 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!