Қазақстан және АҚШ: қарым-қатынас кезеңдері және болашағы туралы қазақша реферат

0

 Жоспар

   Кіріспе бөлім ….3-4 

  Негізгі бөлім: .. 4-18
І. Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары;
Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты.
Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар. 

2 Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы
Қарым – қатынастың жаңа үрдiсi
Тартылған инвестиция мен сауда саттықтың экономикалық қатынасы 

   Қорытынды.. …19-20 

   Пайдаланылған әдебиеттер. .21 

Кіріспе

  Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

  Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

  1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

  АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

  Бұндай қатынастар біздің ел үшін маңызды болып саналады.

  Себебі АҚШ…
Қазіргі АҚШ Еуразияның жаңа ұлы державасы атануға ашық түрде талас жүргізіп отыр. АҚШ-тың жетекші саясаттанушыларының бірі, стратегиялық және халықаралық мәселелерді зерттеу орталығының кеңесшісі З. Бжензинскийдің пікірінше, «Американың әлемдік деңгейде жалғыз ұлы державалық рөлі Еуразияға қатысты толыққанды және ашық стратегия жасаудың қажеттілігін нық бекітіп отыр. Бжезинский алдымен АҚШ-тың Еуразияда саяси плюрализмді бекіту қажеттігін айтады. Ол үшін басымдық АҚШ-қа қарсы коалиция құрылудың мүмкіндігін жоққа шығаратын саяси әдістер мен дипломатиялық басқаруға берілуі тиіс. Еуразияны америкаландырудың екінші кезеңінде америкалық басқарумен трансеуразиялық қауіпсіздік жүйесін құруы мүмкін стратегиялық әріптестер пайда болуы керек. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша, мұның бәрі ғаламдық деңгейдегі ұзақ саяси жауапкершілік жүйесінің негізі болуы мүмкін.
Қазіргі саяси үдерістер зерттеушілерге әлемнің дамуын анықтайтын болашақтың түрлі жолын болжауға итермелейді. Алғашқысы ХХІ ғасырдың басында басталып, бірнеше онжылдықтарға созылатын АҚШ-тың күштілігімен сипатталады. Екінші сценарий АҚШ-тың ғаламдық деңгейдегі маңызды геосаяси бәсекелестерінің көшін бастаған Қытайдың немесе Еуро Одақтың әлемдік аренеаға шығуымен анықталады, бұл ретте әлем 
 биполярлық-екі полярлық әлемге айналады. Үшінші болжам ретінде көп полярлық жүйе алынады, Қытай, Германия, Ресей, Үндістан тәрізді елдер өзіндік аймақтарда әсер ете алатындай жол. Осы болжамдардың мемлекеттердің геосаяси мүдделерін жүзеге асыруда өзіндік тетіктерін ұсынады.

  АҚШ Қытаймен геосаяси тұрғыда тіл табысу үшін көптеген жолдарды қарастыруда. Олардың бірі ретінде Қытаймен шектесетін Қазақстан мен Моңғолия елдеріне ерекше назар аударуын атап өтуге болады. Қытаймен шекараласа Қазақстанға назарын аударуы түсінікті: шекаралас аймақта этникалық, мәдени-тарихи, діни сабақтасқан байланыс бар. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районында этникалық қазақтар көп шоғырланған.
АҚШ-ты Қазақстанның көршісі деп атау қиын. Алайда, Орта Азиялық аймақтың геосаясаты туралы айтқанда, АҚШ-тың көреген «көзі» мен «ұзын қолын» ескермеу тағы да қиын.
АҚШ соңғы екі-үш жыл көлемінде ғана өзінің аймақтық геосаяси көзқарастарын қайта қарастырып, Қазақстанға айрықша назар аудара бастады. Осыған дейін, Құрама Штаттардың геосаяси бағыты барлық Орталық Азия республикаларымен, Ауғанстанмен шектесетін Өзбекстанға бұрылып келген. Алайда, 2005 жылы Әндіжанда болған қанды қырғын Ташкент пен Вашингтонның қарым-қатынасын суытып, американдықтардың Астанаға қарай белсенді қадамдар жасауына мәжбүр етті. Бұған қатысты дәйектер де табыла кетті. Қазақстанға аймақтағы ең ірі американдық инвестиция құйылған, Қытаймен ұзақ шекарасы бар, мұнайдан басталатын мол табиғи қоры «Үлкен Орталық Азияны» құру жоспарын жеңілдетеді.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста Қазақстанның негізгі мақсаты – супердержаваны өзінің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін ең алдымен эконмикалық және диломатиялық әдіспен дәлелдеу, осы арқылы мәртебелі бонустар иелену.

  Менің бұл тақырыпты алғандағы мақсатым Ақш пен Қазақстан арасындағы қарым қатынасы туралы ой қозғау.

  Бұл мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым: Қазақстан мен Ақш арасындағы жанжақты байланыстардың мақсатын, алғашқы қадамдарын, экономикалық саясаттарын, тартылған инвестициялар мен сауда саттықтың экономикалық қатынастары туралы білу. 

***

   Қазақстан өзінің әлеуетін жүзеге асыру және әлемдік экономикаға кірігу үшін АҚШ мемлекетімен саяси, әлеуметтікэкономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларында тең серіктестік қатынастарды белсенді дамытуға ұмтылды.

  Қазақстан –Американ қатынастары 1991 жылы 25 желтоқсанда АҚШтың Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде ресми тануымен басталды. АҚШ Қазақстанмен қатынастарды дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынастар орнатты. Алғаш күннен бастап ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастар үлкен қарқын алып, жоғары деңгейде сақталынып келеді.

  АҚШтың Қазақстанға үлкен назар аударуының бастысы қазақстан аумағында 1040 ядролық оқтұмсығы бар стационарлық тіректегі СС-18 атты 104 ракеталардың болуымен айқындалады. Олармен қоса ҚР аумағында 240  қанатты ядролық ТУ-95 атты 40 стратегиялық бомбылаушы орналасқанды.

  Қазақстан президенті Н.А.Назарбаевтың АҚШ мемлекетіне алғашқы ресми сапары 1992 ж. Мамырында болып өтті. Бұл сапар барысында кең көлемді екі жақты ынтымақтастықты дамытуға негіз қаланды.

  Қазақстан 1992 ж. 22 мамырында Стратегиялық шабуыл қаруларыжарақтары туралы келісімнің (СШҚ1) тең құқылы жақтарының бірі ретінде Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарусыз мемлекет болуға өзіне міндеттеме алды. Сонымен бірге, Қазақстан басшылығы ядролық қаруды бөлшектеу және пайдаға асыру барысында АҚШ мемлекетімен ынтымақтастық жасаудың маңызын түсініп, екі жақты қатынастардың «ядролық құрайтынын» өтпелі деп бағалап, ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа негіз жасау жөнінде жүйелі қадамдар жасауға кірісті.

  Қазақстан-Американ қатынастарының дамуында маңызды кезең 1992 ж. Алматыға АҚШ Вице-президенті А. Гордың ресми сапары болды. Өткен келіссөздер барысында Континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық-жүргізу қондырғыларын бөлшектеу туралы келісімге және оны жүзеге асыру бойынша бес келісімге қол қойылды. Континетаралық баллистикалық ракеталардың шахталық-жүргізу қондырғыларын бөлшектеу туралы келісімге сәйкес Қазақстан аумағында жалпы сомасы 84,5 млн. доллар көлеміндегі СШҚ бөлшектеуде Қазақстанға көмектесу белгіленді. 

 Қазақстанның ЯҚТК-не қосылуы МАГАТЭ тарапынан ядролық қауіпсіздікті бақылау процедураларының орындалуын, сондай-ақ екі жақты мақсаттағы ядролық материалдар үстінен экспорттық бақылау жүйесін орнатылуын көздейді.

АҚШ әкімшілігінің сыртқы саясатының басым міндеті жарылғыш материалдарын заңсыз сату оқиғаларын болдырмау болып табылады. Осы тұрғыда жағымды қадам ретінде Қазақстан басшылығы АҚШ-қа 600 кг жуық жоғары сапалы уранды сату бойынша «Сапфир» операциясын қарастырды. Материалдарды тасымалдауға дайындау үшін Үлбі зауыты аумағында шағын лаборатория салынды. 30 жуық американдық мамандар бір ай ішінде байытылған уранды 7000 контейнерден тот баспайтын құрыштан жасалған 1400 канистрге тиелді. Үш С-5 самолеті бұл шикізатты Өскеменнен шығарып, Довереге (Делавэр штаты) АҚШ ӘӘК базасына жеткізді. Одан күшейтілген күзетпен уранды Теннеси штатындағы «Оук-Ридж» зауытына тасымалдады.

«Сапфир» операциясы Қазақстанның ЯҚТК-не қосылуы үшін жүргізілді, республикаға оны қорғау бойынша шығын тартудың пайдасы болмады. Оның үстіне ол Қазақстан және бүкіл әлем үшін қауіпті бола бастады, соған сәйкес бұл уранды сату туралы шешім қабылданды. Уран сенімді қолда болып, әскери мақсатта қолданбайтындығына ҚР-н сендірген АҚШ-пен келіссөздер басталды.

Сөйтіп, 1995 ж. 26 мамырда Қазақстан аумағындағы ядролық қару мәселесіне нүкте қойылды.

1994 ж. 14—16 ақпанда Президент Н.Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен болып, оның барысында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында серіктестік қатынастарды дамыту және терендету үшін негіз жасайтын негізгі құжат — «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қойылды.

Осы негіз жасаушы кұжат 17 баптан тұрады әрі саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау мәселелері мен өзге салаларда екі мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін нақты баяндайды.

Хартияда екі мемлекеттің қырғиқабақ соғысының аяқталуымен, ҚР өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізуімен берілген тарихи мүмкіндікті, ұзақ мерзімді қатынастардың дамуы, достастық, өзара сенім мен құрмет үшін берік негіз жасауға ықылас білдіруші елдер арасында мүлдем жаңа әрі тиімді қатынастарды құру мүмкіндіктерін пайдалануға ниет танытандығы туралы айтылады. Сонымен бірге, құжатта Қазақстан Республикасының қарқынды және өзара пайдалы байланыстарды дамыту үшін екі жақтың әлуетін толық пайдалануға қол жеткізе отырып, демократия, жеке меншік, еркін нарық, заңның үстемдігі және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеу принциптерін ұстанатындығы атап өтілді.

Екі елдің көптеген мәселелер жиынтығы бойынша одан тығыз  байланыстарды дамытуға ұмтылатындығы атап өтілді. Осы мақсатпен олар саясатта, экономикада, мәдениетте, білім беруде, экологияда, ғылым мен технологияда және өзге салалардағы байланыстарды күшейтуде.

  АҚШ-ты демократияны дамытуға үлес қосу, инвестицияны қорғауды қамтамасыз ету, терроризм мен есірткі тасымалымен күреспен қатар, Қазақстанның Ауғанстанды қайта қалпына келтіру үшін экспорттық ағынға бейімделуіне қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, Пентагонның әскери операцияларына жергілікті елдердің саяси қолдауы да маңызды.
Бүгінде қазақтың мұнайлы «астанасы» Атырауда АҚШ қаржыландыратын әскери базаның ашылуынан кейін, АҚШ пен НАТО Астанамен Каспий теңізінде бірлескен мүдделерді қорғау мақсатында Қазақстанның әскери-теңіз флотилиясын құру жайлы келіссөздер жүргізуде.

АҚШ-тың Орталық Азия аймағына назар салуы Каспий арқылы Иранға қысым жасаудың жаңаша тетігі ғана емес, геосаясаткер Вадим Цымбурскийдің айтуынша Қазақстанды уысында ұстау – АҚШ-тың ғаламдық гегемондық стратегиясының маңызды бөлігі. Ресейлік ғалымдардың айтуынша, ТМД мен Балтық маңы елдерін Финляндиядан Қытайға дейін созылып жатқан және Еуразияның ірі өркениетті орталықтарын бөліп жатқан алып тұтас Ұлы Лимитроф белдеуінің бөлігі ретінде қарастырған жөн, Бұл белдеуге Шығыс Еуропа, Қап тауы мен Орталық Азия да енеді. АҚШ болса, осы белдеудегі маңызды орталықтарды басқарғысы келеді.
Көмірсутек шикізатына бай Қазақстан үшін өз байлығын өзгеге жеткізетін құбырлардың маңызы зор. Мұнай-газды тасымалдауда Қазақстан үшін маңызды бірнеше бағыттар бар. Алғашқысы КТК – Солтүстік Каспий мұнай құбыры, оның ең жоғарғы өткізу мүмкіндігі жылына 67 тоннаны құрайды. Алайда, барланған мұнай-газ қорының молдығын ескерсек, Қазақстан үшін 2007-2008 жылдары келесі құбыр мәселесіне де маңыз беру керек: ол – «Баку-Жейһан» жобасы немесе Самара – Балтық елдері тармағы немесе Парсы шығанағына Иран арқылы шығатын жол болатыны әлі нақтыланбаған.
Қазір Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы жаңа бір «көзі» – ол әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризммен күреске қосылуда. Ал АҚШ осы үшін өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетуде.
2006 жылы мамыр айында АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейнидің Қазақстанға сапары кезінде, Қазақстанның жетістіктеріне өз ризашылығын білдірген. «Қозғалыстың бағыты анық: демократиялық және экономикалық реформаларды жалғастыру, заң билігін күшейту, жемқорлықпен күресті кеңейту, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және қауіпсіздіктің сенімді саясаты»,- деді Чейни. – «Дамудың кілті осында».
Қазақстанға тартылған шет елдік 45 миллиард доллар инвестицияның үштен  бірі – американдық инвестиция. Энергетика саласында 300-ден аса американдық компаниялар жұмыс жасауда. 

 АҚШ қазір Иранға қарсы әскери әрекет жасауға дайын екендігін танытып жатыр. АҚШ вице-президенті Дик Чейни Аустралияға сапары кезінде, Уашингтонның Иранның ядролық державаға айналуымен еш келіспейтіндігін атап өткен болатын. Ал Тегеран иран билігінің өз ядролық бағдарламасын жалғастыратындығын, үзбей мәлімдеп келеді. Ресей ресми түрде америкалық саясаттың Иранға қатысты қарсылығына өз келіспеушілігін білдірген. Ал бұл ретте Астана алыптар қақтығысынан тыс қала алмайды. Өйткені, Орталық Азия, оның ішінде, бірінші кезекте, Қазақстан ең басты ұрыс алаңына айналуда. Бір нәрсе анық: ешбір аймаққа, ешбір елге осы АҚШ-Иран қақтығысынан тыс қалуға мүмкіндік жоқ. Мемлекеттерге таңдау жасауға тура келеді. Бұл ең қиыны, өйткені Ресей мен Қазақстан арасындағы мәңгі достық туралы келісім мен тығыз саяси мемлекетаралық құрылымдар арасындағы екіжақты, көпжақты жалпы интеграциялану үрдісі қалыптасқан. Сонымен қатар, Ресей мен Қазақстанды әлемдегі ең ұзақ мемлекетаралық шекара жалғастырып жатыр. Ресей сарапшылары Қазақстан мен Ресей қатынасы Канада мен АҚШ қатынасы тәрізді деп баға береді, алайда, канадалықтарда «американдықтар немесе басқа біреулер» деген таңдау жоқ болса, Қазақстанда ондай мүмкіндік бар.
Ресей Қазақстан үшін мәңгі дос және көрші болғанымен, Қазақстанға құйылған инвестицияның басым бөлігін АҚШ салып отыр. Экономикалық мағынада АҚШ Қазақстан мен Канада үшін бірдей жағдайда: себебі көршілес Канада үшін де, алыстағы Қазақстан үшін де АҚШ алып инвестор. Осыдан АҚШ-тың Канада үшін ғана емес, Қазақстан үшін де «бірінші дос» болғысы келетіндігін көруге болады. Ал АҚШ-пен достық көп міндет жүктейді, бұл ретте Ресеймен де дәл осындай жағдай туындайды.
Қазақстанның экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан Америка компаниялары әскери база ашуды ұсынуы әбден мүмкін. Бұл мәселе, әсіресе, Өзбекстандағы Карши-Ханабад нысанының жабылуынан кейін өзектілігін артырды. Басқа жағынан алғанда, Америка үшін Қазақстан Өзбекстаннан да маңызды. Себебі, Қазақстанның Каспий маңы мемлекеті болуының өзі атап өтерлік.
Қазақстан – АҚШ арасындағы екіжақты тауар айналымы жыл сайын 2 миллиардтан артып отыр. Каспий аймағындағы мұнай мен газдың барланған қорының 75 пайызының Қазақстанда болуы мен Америкадан Қазақстанға құйылатын болжамды инвестицияның көлемі алдағы онжылдықта 100 миллиард доллардан артуы екі ел арасындағы әріптестіктің нығаю мүмкіндіктерін көрсетеді.
Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары қазіргі заманғы халықаралық жағдайдың мазмұнына үндес келіп, көп салалы ықпалдастықты дамытуға бағытталған кең ауқымды қамтиды. Жоғары деңгейде тұрақты өткізіліп келе жатқан дәстүрлі кездесулердің нәтижесінде қол қойылған маңызды 
 құжаттар – Демократиялық әріптестік туралы хартия, Экономикалық серіктестік жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасы, «Қазақстан – АҚШ жаңа қатынастары туралы» президенттердің Бірлескен мәлімдемесі және Энергетикалық серіктестік туралы декларация және басқалары екі жақты ынтымақтастықтың берік шарт-құқықтық базасын құрайды.

Құрама Штаттардың біздің елімізбен көп қырлы қатынастарын арттыра беруге құлшыныс танытып отырғаны аңғарылады. Мұның бір себебі, бүгінде әлемдік саясаттың белсенді орталығына айналып отырған Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттің туын ұстап, аймақтағы лайықты әріптес екенін таныта білген Қазақстанмен байланыстарын бекемдей түсуге Американың алысты көздеген стратегиялық мүддесі жатқаны анық.
АҚШ-пен энергетикалық саладағы ынтымақтастық ел экономикасының ілгерілеуіне игі ықпалын тигізуде. Каспий бассейніндегі қорлардың басым бөлігіне иелік ететін Қазақстанның энергетикалық жобаларына әлемнің бірқатар елдерінен ең ірі компаниялардың, соның ішінде америкалықтардың белсенді қатысатыны белгілі. Қазіргі замандағы мұнай мен саясаттың жымдасып кетуі америкалық сыртқы саясатта мұнай мәселесінің, соның ішінде Қазақстанмен қатынастардың басымдылығын белгілейді. Парсы шығанағындағы ірі мұнай қорларына иелік етуші мемлекеттер Ирактағы тұрақсыздық пен Иран төңірегіндегі күрделі жайттардың бұған қатысы жоқ деп айту, әрине, қиын.
Энергетикалық саладағы ынтымақтастықтың бір бағыты мұнай-газ өндірісіндегі қызмет көрсету секторын дамытуды көздейді. Бірлескен іс-қимыл шеңберінде мұнай-газ жабдықтарын өндіруге, газды пайдалануға, мұнай-химия, көлік, телекоммуникация, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындар салу жобалары бар. Жаңа технологияларды енгізуге баса назар аударылған. Бұл қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды, өйткені шикі мұнайды экспорттау тәуелділігінен босап, мұнай-газ саласын әр алуан өндіріс көзіне айналдыруға қолайлы мүмкіндік туады.
Мемлекет басшыларының екі елдегі жеке секторды жақындастыру, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Хьюстон бастамасы айтарлықтай мәнге ие, оған сәйкес экономикадағы басым секторларға Америка инвестицияларының молырақ келуіне жол ашылуы тиіс. Өз кезегінде бұл кіші және орта бизнестің сандық және сапалық өсуін ынталандырып, орнықты дамуға ықпалын тигізбек. Қазіргі уақытта біздің елімізде 400-ге жуық бірлескен кәсіпорын, 100-ден астам америкалық компаниялардың өкілдіктері тіркелген.
Біздің еліміздің АҚШ-пен қарым-қатынастарының алғашқы кезеңінде ең алдыңғы қатарға шыққан ядролық қаруға байланысты түйін екі тарап үшін де оңтайлы шешімін тапқан болатын.
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы дүние дидарын елеулі өзгерістерге ұшыратып, халықаралық қоғамдастық алдына жаңа міндеттер жүктегені мәлім. Бұл жағдайлар Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастарына да тың мазмұн қосты. Қарусыздану мен таратпау ісіне елеулі үлес қосқан Қазақстан 
 халықаралық терроризмге қарсы күреске бағытталған іс-қимылдарға батыл және сенімді түрде араласты. Жаһандық қауіп-қатердің терроризм, экстремизм, сондай-ақ сепаратизм және есірткі тасымалы тәрізді жағымсыз құбылыстарына қарсы күреске Қазақстанның белсенді нысанда қатысуы, жалпы, әлемдік қауымдастық тарапынан әділ бағаланады. Қазақ елі Орталық Азия мемлекеттерінде нарықтық және демократиялық өзгерістердің кепілі, бүкіл өңірді саяси тұрақтылық, экономикалық даму мен гүлденуге бастайтын күш ретінде қарастырылып отырғаны шындықтан алшақ емес.

  12-қыркүйекте Ақ үй ресми хабар таратып, АҚШ президенті Джордж Буш 2006-жылдың 29-қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдайды», деп жария етті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі хабарлады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Тони Сноудың баспасөз мәслихатында мәлімдегеніндей, «Қазақстан — Орталық Азиядағы маңызды стартегиялық әріптес болып табылады. АҚШ президенті мен президент Назарбаев демократияны ілгерілету, лаңкестікпен күрес, энергетиканы диверсификациялау, гүлденуді жаппай тарату, екі елдің де еркіндік пен қауіпсіздікті қолдайтынына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды».

Осыған байланысты АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаев : «президент Н.Назарбаевтың сапары қарсаңында өзара стратегиялық әріптестігімізді одан әрі нығайта түсуге пейіл екенімізді мәлімдейміз»,- деп атап көрсетті. «Кейінгі жылдары АҚШ-та Қазақстан сенімді дос әрі әріптес деген пікір орнықты. АҚШ бұл елмен бірлесіп лаңкестікке қарсы соғыста, халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қару-жарақтың таралуына жол бермеу, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еркіндік пен демократия орнату ісінде көп іс тындырды»,- деді ол. «Біздің елдеріміздің бейбіт әрі гүлденген болашақ орнату үшін бірлесіп көп нәрсе тындыра алатындығы жайлы мәселе президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Джордж Буштың алдағы келіссөздеріне арқау болмақ. Біз алдағы кездесу екі халық арасындағы достықты тіптен нығайта түседі және Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік үшін жаңаша көкжиектерді ашады дегенге сенеміз»,- деді АҚШ-тағы Қазақстан елшісі.

АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған және онымен 1991-жылы дипломатиялық байланыс орнатқан елдердің бірі. 2001-жылы Қазақстан мен АҚШ президенттері екі ел арасындағы қарым-қатынасқа «ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік» деген сипаттама берді. Қауіпсіздік пен қару таратпау; энергетикалық әріптестік пен демократия саласындағы диалог оның шешуші құрамдас бөліктерінің бірі.  

  1991-жылдан бастап Қауіп-қатерді бірлесіп азайту жөнідегі Нанн-Лугар бағдарламасының аясында АҚШ Қазақстанға бұрынғы Кеңестер Одағынан мұраға қалған, көлеміне қарай әлемдегі төртінші орындағы ядролық қару қорынан құтылуға, халықты жаппай қырып жоятын қару-жарақты өндіру мен сынау инфрақұрылымын жоюға қолдау көрсетті. Бүгінде бұл саладағы ынтымақтастық уранды қару-жарақтан басқа мақсатта байыту саласында дамып келеді.

2001-жылдың 11-қыркүйегіндегі лаңкестік әрекеттерінен бері Қазақстан АҚШ-қа лаңкестікпен күрес және Ауғанстанды қалпына келтіру салалары бойынша кең көлемді қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан халықаралық коалиция құрамында Иракқа өзінің әскери контингентін жіберген Орталық Азиядағы жалғыз және санаулы ғана мұсылман елдерінің бірі болды.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. АҚШ Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор. Мұнда 400-ден астам АҚШ компаниялары жұмыс істейді. Олар елге 15 млрд. доллардан астам инвестиция салды.

***

  Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев қыркүйектің 17-18-інде Нью-Йоркте БҰҰ мерейтойлық сессиясы ауқымында АҚШ Мемлекеттік Департаментінің басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік Хатшының адам құқықтары жөніндегі орынбасары Глен Дэвиспен кездесу барысында Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы біздің еліміздің АҚШ-пен қатынастарды дамытудың негізгі ұстанымдарына тоқталып, Елбасы Н.Назарбаевтың демократияландыру үдерісін дамытуға және 2005 жылғы Президент сайлауын әділетті әрі еркін өткізуге бағытталып қолға алған іс-шаралары туралы хабарлады. Қ.Тоқаев ҚР Президентінің әңгіме болып отырған тақырыпқа қатысты жуырда айтылған сөздерінің негізгі қағидаларын баяндап, Мемлекетіміз басшысының алдағы президент сайлауы туралы жарлығының мазмұнымен таныстырды. Американдық дипломат өз елінің басшылығы атынан Қазақстан басшылығының еліміздегі қоғамдық өмірді демократияландыру саласындағы жүргізіп жатқан іс-шараларына жоғары баға беріп, бұл жұмыстардың қазақстан-американ қатынастарын тереңдете түсу жолында толық жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Г.Дэвис Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге қатысты өтінішінің ілгерілеуін АҚШ-тың мұқият қадағалап отырғандығын атап көрсетіп, Қазақстанда демократиялық үдерістерді іске асыру қамтамасыз етілген жағдайда, біздің еліміздің Орталық Азиядағы  көшбасшы ретінде осы орынды иемденуге барлық мүмкіндігі бар деп санайтынын жеткізді. Г.Дэвис екіжақты қатынастарға елеулі оң өзгерістер әкелген Қ. Тоқаевтың АҚШ-қа жуырда жасаған сапарының маңызын атап көрсетті. Қ.Тоқаев Мемлекеттік Хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Никлас Бернспен де кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың кейбір қырларын талқылады. Американдық дипломат АҚШ-тың екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделі екендігін айтты. Қазақстан-американ консультациялары Қ.Тоқаевтың Мемлекеттік хатшы Кондолиза Райспен кездесуімен аяқталды. Ол АҚШ-тың Қазақстан Республикасымен демократиялық үдерістер негізінде сауда-экономика және қауіпсіздік салаларында белсенді қарым-қатынас орнатуға ұмтылып отырғанын қуаттады. Келіссөздерге ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі Қанат Саудабаев қатысты.

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райсты қабылдады.
Кездесу барысында халықаралық және аймақтық мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды оңалту, Ирактағы ахуалды тұрақтандыру, Кавказдағы шиеленісті реттеу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, Орталық Азияның даму болашағы келіссөздің өзекті тақырыбына айналды. Бұл ретте Кондолиза Райс Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын қолдап, Орталық Азияның ішіндегі Қазақстанның ертеңгі күнінің шуақты болатынына мол сенім білдірді.
Елбасы мен мәртебелі мейман әлемдегі қауіпсіздіктің басым факторы саналатын америка-ресей қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі туралы да пікір алмасты.
Келіссөз кезінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың дамуы жоғары деңгейде және көпқырлы екені атап өтілді. Бүгінгі таңда Қазақстан америкалық бизнестің мұнай-газ секторына ғана емес, басқа салаларға да, соның ішінде, ауыл шаруашылығына, телекоммуникация мен көлік саласына инвестиция салуына мүдделі. Мемлекет басшысы Қазақстанның 2010 жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне көрсеткен қолдауы үшін АҚШ-қа ризашылық білдіріп, осы Ұйымның аясында екі елдің ынтымақтастығының арта түсетініне сенетінін жеткізді. Келіссөздер қорытындысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды одан әрі кеңейте беруге уағдаласты.
Одан кейін Американың Мемлекеттік хатшысы К.Райс Үкімет Үйінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесті. Мұнда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірқатар мәселелерін талқылады.
К.Мәсімов Қазақстан нарықтық экономиканың базалық ұстанымдары – 
 толыққанды, сындарлы әріптестік ынтымақтастықты, шетелдік инвесторлардың құқықтарын құрметтеуді жақтайды және бұрын жасалған келісімшарттардың тұрақтылығына кепілдік береді, деп атап өтті. Сондай-ақ, Премьер-министр Қазақстанның энергия тасымалдауда, соның ішінде Әзербайжан мен Грузия арқылы да, бұрынғыша көпвекторлы саясатты жүргізуді жақтаушы болып қалатынын қуаттады.

«Біз Қазақстанның аймақтағы рөлі мен орнын, азық-түлік қауіпсіздігі саласында да, энергетикалық қауіпсіздікте де, бізге жүктелген бүкіл Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жауапкершілігін жақсы түсінеміз» – деді К.Мәсімов.
Бұдан басқа, кездесу барысында Ауғанстан экономикасына қазақстандық инвестицияларды тарту мәселесі талқыланды. К.Райс Қазақстанның орталықазиялық аймақтағы көшбасшы ретіндегі жұмысын АҚШ оң бағалайтынын және қолдайтынын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Ауғанстанға жүйелі, стратегиялық маңызды инвестициялар қажет және «Қазақстан бұл орайда Ауғанстанға елеулі көмек көрсете алар еді», деп атап өтті.
К.Райс қазақстандық бітімгершілік күштеріне ынтымақтастығы және Ирак аумағын минадан тазартудағы күш-жігері үшін зор алғысын жеткізді.

«Мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің де Қазақстанмен жақсы және берік қатынастар орнататынына сенемін. Қазақстан – аймақтағы өте маңызды мемлекет», — деді ол.
Кездесуге қатысушылар ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастардың ілгерілеп отырғанын атап өтті және олардың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.
Кондолиза Райстың кезекті кездесуі ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен жалғасты.
«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесу барысында кең ауқымдағы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ең алдымен екі мемлекет арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды. Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты байланысы экономикалық, саяси және басқа да салаларда жан-жақты өрбіп келеді. Ал жүздесу барысында барлық мәселелер бойынша нақты пікір алмасу орын алды. Сондай-ақ, біз халықаралық проблемаларды да кеңінен әңгімеге арқау еттік», деді ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесуінен кейін журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте журналистер тарапынан Сыртқы істер министрі М. Тәжинге «Қазақстан Ресеймен ерекше достықта болып отыр, әрі Еуропамен байланыста есікті ашық ұстауда, сондай-ақ Қазақстан НАТО-мен әскери оқу-жаттығулар өткізуде. Осы тұрғыдан алғанда грузин-осетин жағдайы Қазақстанның бағытын қиындатпай ма? Сонымен бірге Қазақстан Ресейдің ықпал өрісіне жатпай ма?», деген сауал қойылды. Осыған орай, Сыртқы істер министрі Қазақстанның Ресей Федерациясымен байланысын өте жоғары, әрі 
 бізде саяси дұрыс қарым-қатынас деп санайтынын жеткізді. «Ресей біз үшін стратегиялық әріптес. Сондықтан да мен «әсер ету деңгейіндегі өзгерістер» секілді барлық мәселелерді сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ғана ойы деп пайымдаймын. Сонымен бірге, Қазақстанның АҚШ-пен байланысын табиғатынан тұрақты әлі страгетиялық деп ойлаймын. 2006 жылы Қазақстан мен АҚШ Президенттерінің кездесуі барысында бұл туралы ашық айтылды. Сондықтан да сауалыңызға біржақты «жоқ» деп жауап бергім келеді. Қазақстанның Ресей мен АҚШ-қа қатысты байланыстарының барлығы салиқалы база негізінде жүзеге асуы тиіс», — деді М. Тәжин.

  Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні кеш әлетінде Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обаманың ядролық қауіпсіздік мәселесіне арналған жаһандық саммитке арнайы шақыруы бойынша осы елдің астанасы Вашингтонға келді. Жексенбі күні Елбасы Барак Обамамен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың келелі мәселелерін талқылады.

  Ал бүгін Барак Обаманың ерекше күш-жігер танытуы бойынша қырықтан астам мемлекеттер басшыларының қатысуымен әлем тарихында алғаш рет ауқымды түрде өткелі отырған ядролық қаруларды және оның сынақтарын шектеу жөніндегі ұлы дүбірлі жиын басталмақ.

  Жалпы, ядролық қаруларды жою мәселесі – әлемдегі ең күрделі де күрмеулі мәселелердің бірі. Мұны өз болашағы үшін алаңдаған адамзаттың асыл армандарының бірі деуге болады. Жеті басты айдаһардай барған сайын белең ала түскен осы қатерлі құбылыс жер-жаһанның әміршісі биігіне көтерілген адам ақыл-ойының ғажайыптығының ғана көрінісі емес, сонымен қатар, оның өзі тудырған тажалдың алдында барған сайын дәрменсіз бола түскендігін білдіретіндей. Біздің қазақ халқы мұндай жағдайды “өзі сұрап алған аурудың емі жоқ” деп астарлаған.

 Барак Обаманың құрметі мен бағасы

Ядролық қауіпсіздік мәселесіне арналған бұл жиынның мәні зор. Барак Обама оған әлем елдерінің арасынан ядролық қауіпсіздік мә­селесінде әсері бар деп танылатын елдердің басшыларын шақырып отыр. Біздің естуімізше, оған 44 елдің мемлекет басшылары қатыс­пақ. Барак Обаманың осыншама елдің саяси лидерлерінің бәрімен бірдей жеке кездесулер өткізе бер­мейтіндігі белгілі. Мәселенің саяси астары өз алдына, бұған тіпті уақыт­тың жетпейтіндігі де анық. Қалай болғанда да, Барак Обама үлкен жиынның алдында бір күн бұрын және ең бір жақсы уақытта Қазақстан Республика­сының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевты жеке қабылдауға уақыт белгілепті.

  Кездесу 11 сәуір күні АҚШ уақыты бойынша күндізгі сағат 15.00-де басталып, 45 минөтке со­зылды. Мұны алып ел басшысы­ның Қазақстан Президентіне көр­сеткен үлкен құрметі деп айтсақ, бұл да жеткіліксіз болып шыққан болар еді. Мұнда құрмет те, салмақ та, еңбек те, саясат пен нәтиже  де, Елбасының өз елінде және халық­аралық деңгей­де атқарып отырған рөлі мен тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі әлемдік қоғамдастықта алып отырған орны да, елдің бола­шаққа қоса алар үлесі де – қыс­қа­сы, бәрі бар.

  Екі ел арасындағы қарым-қаты­нас 1991 жылдың 25 желтоқ­са­нын­да Америка Құрама Штаттарының Қазақстанның мемлекеттік тәуел­сіз­дігін тану оқиғасынан бастау алды. Содан бергі аралықта ынты­мақтастық аясы уақыт өткен сайын кеңи және жан-жақты дами оты­рып, стратегиялық әріптестік си­па­тына д­ейін көтерілді. Мемлекеттер арасында шарттық-құқықтық қаты­настардың берік негізі қалып­тасқан.

  Осы ретте Елбасының Құрама Штаттарға әр сапарының жақсы нә­тижелерге қол жеткізгендігін айт­сақ, 2006 жылдың 26-29 қыр­күйегі аралығында Вашингтонға жасаған сапары барынша жемісті болғандығын атап көрсеткен жөн. Осы сапар барысында тараптар екі елдің жан-жақты ынтымақтастық аясын одан әрі кеңіте түсуге ықы­ласты екендіктерін тағы бір дәлел­деді. Екі мемлекет басшылары энер­гетика, әскери ынтымақтас­тық, сауда, инвестиция және қо­ғам­ды демократияландыру салала­ры бойынша стратегиялық ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағыттал­ған Бірлескен мәлімдеме қабыл­да­ды. Мәлімдемеде айтылған ой-ниет жүзеге асу үстінде.

  Қазақстанның әлемдегі төр­тін­ші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей атом полигонын жа­буын жоғары бағалаған АҚШ жап­пай қырып-жою қаруын тарат­пау жөніндегі шаралар аясында КСРО-дан қалған бұрынғы әскери әлеуетті еліміздің ғылыми, ауыл шаруашы­лығы және денсаулық сақтау сала­ларында қолдануына, яғни бейбіт мақсатта пайдалануына жәрдем­десуін жалғастыратындығын білдірді.

  Елбасы 2008 жылғы 18 қара­шада АҚШ-тың жаңа сайланған Президенті Барак Обаманы теле­фон арқылы құттықтап, сөйлескен кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақ­тастықтың жай-күйі мен болашақ көкжиектерін талқылаған еді.

  2009 жылдың 7 сәуірінде Қазақ­стан Парламенті Сенатының Төр­ағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ыс­там­бұл қаласында өткен Өркениет­тер альянсы­ның ІІ форумы шең­берінде АҚШ Президенті Барак Обамамен жүздесіп, АҚШ басшы­сын Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстан аумағында бейбіт мақ­сатта пай­да­лану үшін Халық­аралық атом энер­гиясы жөніндегі агенттігінің бақылауын­да­ғы ядролық отын банкін орналас­ты­руға дайындығы жөніндегі мә­лім­демесі туралы хабардар етті. Со­ны­мен қатар, Барак Обамаға Елба­сы­ның елімізге ресми сапармен келу туралы шақыруын тапсырды. “АҚШ-тың Қазақстанмен қарым-қатынастары стратегиялық сипат­та” екендігін тағы бір қуаттаған Барак Обама өзінің Орталық Азия аймағы­на сапармен шығуды жос­пар­лап отырғандығын, сол са­пар­да ал­дымен “АҚШ-тың досы мен сенімді әріптесі” саналатын Қа­зақстанға келетіндігін жеткізген болатын. 

  Мұнан кейін 2009 жылдың 3-5 мамыры аралығында еліміздің сол кездегі Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің АҚШ-қа сапары болып, оның шеңберінде М.Тәжин АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клин­­тонмен, басқа да ресми тұл­ғалармен кездесулер өткізді. Та­рап­тар Қазақстан мен АҚШ арасын­дағы екі жақты және аймақтық мә­селелер жөніндегі ынтымақтасты­ғының көкжиектері, соның ішінде жаппай қырып-жою қаруын тарат­пау, Ауғанстандағы ахуал, эконо­мика және энергетика салаларын­дағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, сапар барысында М.Тәжин АҚШ-тың беделді ғылыми-зерттеу орталығы саналатын “Сыртқы саясат жөнін­дегі кеңесінде” баяндама жасады.

  2009 жылдың 9-10 маусым ара­лығында Астана қаласына АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары У.Бернс бастаған америкалық де­ле­гация келді. У.Бернс Елбасы Н.На­зарбаевпен, Премьер-Министр К.Мәсімовпен және Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен кездесулер өткізді. Америка тарабы АҚШ Президенті Б.Обаманың Мәскеуге (6-8 шілде 2009 ж.) сапарының, соның ішінде Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етіп, Қазақстан-Америка қатынас­тарының көкжиектері, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядро­лық қаруды таратпау, 2010 жылы Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-дағы төраға­лы­ғы және басқа да мәселелерді талқылады.

***

  Енді экономикалық ынтымақ­тас­тық мәселелері туралы әңгіме қозғайтын болсақ, Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. 2009 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларын құрады (экспорт – 612,6 миллион, импорт – 1,4 миллиард дол­лар), бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 3,3 пайызына тең. Сауда айналымының 2008 жыл­мен салыстырғанда 500 мил­лион АҚШ долларына төмендеуі дүниежүзілік экономикалық дағда­рыс салдары екені түсінікті.

  АҚШ-пен сауда-экономикалық ынтымақтастықта Қазақстан үшін инвестиция тартудың маңызы зор. Бұл фактор елдің тұрақты және қарқынды дамуына себепші және қазақстандық көп қырлы саясатты тиімділікпен пайдалануда жемісті қызмет етеді. Мәселен, 1993 жыл­дың маусымынан бері АҚШ-тың Қа­зақстанға салған тікелей инвес­тицияларының жалпы көлемі 30 миллиард долларға жеткен екен.  Өткен жылдың 9 айында ғана осы елден 1,5 мил­лиард доллардың тікелей инвес­тициясы келген. Бұл 2008 жылдың осы мерзіміндегіден 6,3 пайызға артық.

  Қазақстанда АҚШ капиталы­ның қатысуымен 350-ден астам кә­сіпорындар жұмыс істейді. Аталған кәсіпорын негізінен шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру, құрылыс, фармацевтикалық тауарлар сату, қонақ үйлерге қызмет ұсыну, көлік-экспедициялық қызмет көрсету, геологиялық барлау мен іздеу (ғылыми зерттеулерсіз) жұмыстарын және басқа да салаларды қамтиды.

 “ШевронТексако”, “Эксон­Мо­бил”, “КонокоФиллипс”, “Орикс/КеррМакГи” сияқты америкалық компаниялар еліміз экономикасы­ның дамуына үлкен үлес қосып, алдыңғы орындарды иеленуде. Аме­рикалықтардың қатысуымен құрылған “Теңізшевройл”, “Аджип ККО”, “Каспий тұрба құбыры кон­сорциумы”, “Қарашығанақ инте­гра­циялық ұйымы” сияқты ком­па­ниялар мен бірлескен кәсіпорын­дар еліміздегі ірі жобаларды жүзеге асыруға белсене үлес қосып келеді.

  Сонымен қатар, энергетика саласындағы Қазақстан мен АҚШ әріптестігі жөніндегі арнаулы ко­мис­сия жеті-сегіз жылдан бері жұ­мыс істеп келе жатыр. Осы уақытқа дейін бұл комиссия алты отырыс өткізіп, оларда мұнай-газ, электр энергетикасы, атом энер­гетикасы, ядролық технологияларды таратпау, қоршаған ортаны қорғау секілді маңызды мәселелердегі әріптестік қатынастарды одан әрі дамытудың жолдары қаралды.

  Екі ел арасындағы әріптестіктің тағы бір қыры ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен бағдарламасының жүзеге асырыла бастағандығын атап өтуге болады. Бағдарламаның мақсаты осы мәселедегі әріптестікті тереңдетудің сенімді де тиімді негіздерін әзірлеп, қалыптастыру болып табылады.

  Ал екі ел арасындағы қорғаныс пен қауіпсіздік салаларындағы ын­ты­мақтастық Қазақстанда әскери реформаларды қолдауда бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды қам­тиды. ІMET және FMF бағдарла­малары шеңберінде қазақстандық офицерлер мен сержанттар Қазақ­станда және АҚШ-та дайындықтан өтеді. Сондай-ақ еліміз әскери күш­­тері жеке бөлімдерінің амери­калық техникамен және сайман­дар­мен жаб­дықталуы жүзеге асы­рылады. Ше­караны сақтау және экстре­мизм­ге қарсы күрес бағдар­ламала­ры бойынша жұмыс жалғас­тырылуда.

  2008 жылдың 1 ақпанында АҚШ Қорғаныс министрінің кө­мекшісі М.Шиверстің елімізге жасаған сапары аясында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кезекті бесжылдық әскери ынтымақтастық жос­парына қол қойылғандығы бел­гілі. Бұл жоспар 2012 жылға дей­інгі кезеңдік шараларды қамтиды.

  Міне, ресми дерек көздерінен алынған қазіргі Қазақстан-Аме­рика қарым-қатынастарының бір парасы осындай. Ресми деректер­дің қашан да болсын тілге сараң, сезімге шорқақ келетіні белгілі ғой. Егер осы деректерді журналистік тілмен сөйлетсек, көп нәрсені айтуға бо­лар еді. Мәселен, КСРО-ның құ­лай­тындығын күні бұрын бол­жауы­мен сұңғыла саясаткер деген аты шыққан, Рейганның тұ­сында АҚШ Президентінің қауіп­сіздік мәселелері жөніндегі кеңес­шісі болып қызмет атқарған З.Бже­­зинскийдің Кеңес Одағы ыдырап тынған соң Американың бірден-бір әлемдік держава ретіндегі  гегемондығын арттыру ісінде осы елдің кейінгі президенттері мен сыртқы саясатын жүзеге асырушы тұлғаларына ақыл қосу мақсатында “Ұлы шахмат тақтасы” деп атала­тын кітап жазып, онда әр елдің және өңірлердің болашағын бағам­дағаны белгілі. Міне, осы кіта­бында Бжезинский ендігі кезекте Орталық Азияның АҚШ сыртқы саясатын жүргізуде елеулі маңызы бар өңірге айналатындығын айта келіп, осы өңірден стратегиялық әріптес қарастырған тұста бірінші ке­зекте Өзбекстанды атаған бола­тын. Өзбекстанның осыған дейінгі тарихи орны, халқының көптігі мен біртектілігі, адам және табиғи ресурстары кәнігі саясатшының назарына ілігеді. “Алайда, дейді Бжезинский, болашақта эконо­микалық даму жағынан Қазақстан алға шығып кетуі мүмкін, ондай жағдайда бізге стратегиялық әріп­тесті таңдау мәселесінде Қазақ­станға қарай көбірек көңіл бөлуге тура келеді”.

  Бжезинскийдің бірінші бол­жамы келе қоймағанымен, шүкір­шілік, Қазақстан туралы айтқаны шындыққа айналды. Қазақстан­ның соңғы жылдарғы экономи­калық дамуы әлем назарына ілікті. АҚШ Қазақстанды ТМД елдері арасында нарық жолына түсе алған бірінші ел ретінде мойындады. Оның үстіне Елбасының көреген басшылығының арқасында еліміз халықаралық қарым-қатынас мәсе­ле­сінде де көп алға кетті. Көп қыр­лы саясат өз жемісін берді. Қазақ­стан бүгінде мұсылман әлемінің және ТМД елдерінің тарихында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде. Әлем елдерінің арасында оның салмағы жылдан жылға арта түсуде. Шамасы, Құрама Штаттар­дың қазіргі басшысы Барак Обаманың уақытының соншама тығыздығына қарамастан, біздің Мемлекет басшысымен кездесуге 45 минөт уақыт бөлуінің бір сыры осы ма дейміз. Мұндай құрмет көп елдің мемлекет басшыларына көрсетіле қойған жоқ.

  АҚШ Президентінің “Блэр хаус” ресми резиденциясында өт­кен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің шақырылуы, Ресеймен арада стратегиялық қару-жарақ жөніндегі жаңа шартқа қол қойылуы, АҚШ-тың жаңа ядро­лық стратегиясының қабылдануы Барак Обаманың халықаралық қауіпсіздік саласындағы белсенді­лігі мен жетістігінің айқын көрінісі болып табылатындығын атап көр­сетті. Мұның өзі ядролық қарусыз әлем құру жолындағы аса үлкен қадам болып табылады.

  Еліміздің Президенті Қазақ­стан-Америка қарым-қаты­нас­тары­ның деңгейіне қанағат­тана­тындығын білдірді.

“АҚШ Қазақстанның жетекші экономикалық және инвести­ция­лық әріптесі болып табылады. Елі­міздің энергетикалық секторында АҚШ-тың ең ірі компаниялары жұ­мыс істейді. Қазіргі күнге дейін Қазақстанға тартылған 80 мил­лиард доллардан астам шетелдік ті­келей инвестициялардың 30 мил­лиард доллары америкалық ком­панияларға тиесілі”, деді Елбасы.

  Мемлекет басшылары Қазақ­стан мен АҚШ-тың көпжоспарлы қимыл-әрекетін кеңейту мәселесін талқылай келе, осы мәселемен тұрақты айналысатын жұмыс ко­миссиясын құру туралы келісімге келді. Бұл комиссияға екі ел сыртқы саясат ведомстволары бас­шыларының орынбасарлары жетек­шілік ететін болады.

  Кездесу барысында Ауған­стандағы жағдай, Орталық Азия мен Еуразиялық кеңістіктегі оқи­ғалар барысы туралы нақты әң­гі­мелер болды. Бұл әңгіме Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы төңірегінде де өрбіді.

  АҚШ Президенті Қазақстан­ның өңірлік тұрақтылық пен қауіп­сіздікті қамтамасыз ету жө­нін­дегі күш-жігері мен жүргізіп жат­қан жұмыстарына қолдау білдірді.

  Елбасы Барак Обаманы Аста­нада үстіміздегі жылдың қараша айында өтеді деп жоспарланып отырған ЕҚЫҰ саммитіне қаты­суға шақырды.

Қазақстан мен АҚШ президент­тері екі жақты қарым-қатынастың бас­қа да өзекті мәселелерін тал­қылады.

  Қазіргі кезеңде ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастарды дамытудың негізгі факторлары. Ядролық, химиялық және басқа да жаппай жою қару-жарақтарын жою мәселелері. Қазақстан-америка ресми құжаттары. «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы. Қазақстандағы америкалық инвестициялық саясаттың ерекшеліктері. Мұнай-газ саласындағы қазақстан-америка ынтымақтастығы.

  Америка Құрама Штаттары — алғашқылардың бірі болып Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін таныған және біздің мемлекетіміздің «табыстары тарихында» маңызды роль атқарған ел. АҚШ сондай-ақ қазақстандық экономиканың ең ірі инвесторы және негізгі сауда-саттық әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан экономикасына салынған американ инвестицияларының жалпы көлемі 12 миллиард доллардан асып түсті, бұл барлық шетелдік инвестициялардың үштен бір бөлігіне жуығын құрайды. Американ компаниялары инвестициялармен бірге Қазақстанға жаңа білім, инновациялар мен технологиялар әкелді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымының көлемі 2005 жылы 2004 жылғымен салыстырғанда екі еседен астам артты, сөйтіп екі миллиардқа (1,87 млрд.долларға) жуықтады. 2005 жылы АҚШ Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі табысты дамудың моделі ретінде таныды. Вашингтон Қазақстанды өңірлік бейбітшілік пен қауіпсіздіктің шешуші факторы ретінде бағалайды. Бүгінгі күні қазақстан-американ қатынастары жаңа сапаға ие болып отыр. АҚШ Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі болашағы зор, стратегиялық әріптес деп біледі.   

Қорытынды

  Қорытындылай келе, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты ықпалдастығына, сондай-ақ, Вашингтонда болған кездесулердің бірқатар нәтижелеріне тоқтала кеткім келеді.

  Америка Құрама Штаттарымен арадағы қатынас Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Астана мен Вашингтон оларды екі ел президенттерінің 2006 жылғы қыркүйектегі Бірлескен мәлімдемесімен бекітілген принциптерге негізделген стратегиялық әріптестік қатынас ретінде қарастырады.

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздіктері салаларында:

— жаһандық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық атом энергетикасын дамыту үшін жоғары байытылған уранды пайдаға жарату бойынша бірлескен қадамдар жасайды;
— Қатерді Бірлесіп Қысқарту бойынша Нанна-Лугара бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
— «Жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес жүргізу қауіпсіздігі бойынша бастамалар» аясында ықпалдасады.
2008 қаңтарында біздер Қазақстан қарулы күштерінің әсерін арттыру, бейбітшілікті қолдау және Каспий теңізіндегі әскери инфрақұрылымды дамыту бойынша Қазақстанның әлеуетін нығайту мақсатында Әскери Ықпалдастықтың екінші бесжылдық жоспарына қол қойдық.

Энергетика салаларында:

— Қазақстан «Chevron», «ExxonMobil», «ConocoPhillips», «Parker Drilling», «Halliburton» бірлесе отырып, көмірсутегі шикізатын өңдеу және Каспий кен орнына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске асырады.
— Бұған дейін аталғанындай, «ҚазАтомӨнеркәсіп» американдық «Westinghouse» компаниясының тең иегері болды. Бүгінгі күні біздің мақсатымыз атом энергиясының үлкен әлеуетін бейбіт мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуде біздің әріптесіміздің қолдауына ие болу болып табылады, өйткені бұл әлеует Қазақстанның мұнай және газ секторымен байланысты.

Экономика салаларында

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде жеке сектордың бірінші кезектегі рөлін мойындай отырып, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары Қазақстанның жеке меншік мен мемлекеттік секторларына инвестициялар салу мақсатында Мемлекеттік–жекеменшік экономикалық әріптестік Қазақстан-американ бастамашылығын іске қосты. Әріптестіктің сонымен қатар, маңызды өңірлік кезеңдері бар, атап айтқанда, Ауғанстанды қоса алғанда Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық бірігудің дамуына ықпал етеді. 

Демократияны құру салаларында

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары біздердің саяси жүйелерімізді жаңарту саласында табысты диалог жүргізуде. Бұл Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына толықтай сәйкес келеді. Алдағы уақытта Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі контекстінде диалог одан сайын көкейкесті бола түсуде.

  Менің бұл жолғы Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарым екіжақты ықпалдастықтың келешегіне қатысты «сағат тілдерін сәйкестендіру» болды. Мен және менің американдық әріптестерім екіжақты де және халықаралық деңгейде де біздердің қатынастарымызды одан әрі нығайтуға деген адалдығымызды растады. Ықпалдастықтың базалық негізі — энергетика, сауда, лаңкестікке қарсы күрес, таратпау — өзгеріссіз қалады және болашаққа бағдарланған. Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасын диверсификациялауға және жаңғыртуға терең мүдделі екендіктерін растады, оның Орталық Азияның қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызы бар.

  Менің Конгрестегі және Әкімшіліктегі кездесулерім экономикасын одан әрі бейтараптандыруға деген Қазақстанның алған бағытының дұрыс екенін көрсетті және қоғам Америка Құрама Штаттарының қолдануына ие болып отыр. Америка Құрама Штаттарындағы президенттік сайлау қарсаңында біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік ұзақ мерзімді және іргелі сипатқа ие болып отыр.

  Қазақстан ХХІ ғасырға жаңа геосаяси жағдайдағы өзінің сыртқы саясатындағы басымдыққа бейімделе отырып қадам басты. Бірақ Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты мақсаты мен принциптері бұрынғыша қалып отыр, бұл — ұлттық мүдделерді қорғау; бірізді және тепе-тең сыртқы бағыт; даму үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету; біздердің әріптестерімізбен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастықты нығайту; қоршаған ортаны сақтауға белсенді қатысу және әлемдегі тұрақты дамуды қамтамасыз ету.

  Америка Құрама Штаттарымен жоғарыда аталған стратегиялық бағыттағы ықпалдастықты дамытуда біздер Қазақстанның Президенті атап айтқан — саяси және экономикалық қатынастарда жаһандық жүйеде елдердің толық бірігуіне кепілдік беретін және біздердің ұлттарымыздың тұрмыстық жағдайларының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру бойынша өзіміздің күштерімізді ыңғайлауға олардың ықпал етуін басшылыққа алатын боламыз. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1)Хан Г.Б, Суворов Л.С, Рахманова Г.Б., «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» ., Алматы 2003. 

2)М.Лаумулин., «Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология., Алматы 2000. 

3)М.Алимбаев, А.Абдрахманов., «Казахстан и США» (Материалы международной конференции) 

4)Касымжомарт Токаев «Преодоление: Казахстанская внешняя политика» 

5)Каз. Газета и Каз правда., шығарылым  2010 ж. 

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!