Home Білім Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында туралы қазақша

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында туралы қазақша

0
123

Ұлы Отан соғысы — бұл ұлы трагедия, қасырет, өлім, елді қыру, жою. Фашисттердің айуандығында шек болмады. Қазақстан қиян-кескі ұрыстар жүріп жатқан жерлерден алыс болғанымен, қазақстандықтар өзінің тылдағы женкешті еңбегімен жауды жеңуге өз үлесін қосты Соғыстағы жеңіс — бұл қазақстандықтардың тылдағы еңбегінің де жеңісі. Бір мақсатқа жұмылған жұмысшылар мен шаруалар, интеллигенция, ерлер мен әйелдер, коммунистер мен комсомолдар ортақ екпінмен бұған дейін тарих білмеген ерліктер жасады.

Совет халқының гитлерлік ордамен жүргізген Ұлы Отан соғысы — бұған дейін біздің ғаламшарды дүр сілкіндірген соғыстардан да жойқын болды. Өз Отанын қорғаған совет халқы бүкіл әлем таң қалған керемет ауызбіршіліктің, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұмытылмас мамыр айында М. Егоровтың, М. Кантарияның, Е Қошқарбаевтың Рейхстагқа қызыл ту тігуі — адамзат тағдырын айқындаған Ұлы Жеңістің келгенін білдірді. Ұлы Отан соғысында тарих білмеген ерлік көрсетіп, жеңіске ең көп үлес қосқан совет халқы болды.

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. 1939 жылы 1 қыркүйекте гитлершілер Польшаға басып кіріп, бұл кезде Екінші дүние жүзілік соғыс әлемнің көптеген елдерінде лаулап тұрған. Бүкіл Еуропа фашистердің езгісінің астында болды. КСРО басқыншылармен қанқұйлы соғысқа кіруге мәжбүр болды. Осылайша, гитлершіл Германияға және оның сателлиттеріне қарсы Ұлы Отан соғысы басталды. Совет халқы өз Отанын, бостандығы мен намысын қорғау үшін қолына қару алып, әділ іс үшін күресті.

Ұлы Жеңіске жеткенімізге қаншама жылдар өтсе де, біз әлі күнге дейін Отан соғысы майданында қаза тапқандарды еске алып, олардың алдында басымызды иеміз. Сіздердің ерліктеріңіз біздің жүректерімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы да мәңгі жарқырап тұрады. Біз Жеңіс Күнін аға ұрпақтың өз Отанына деген риясыз сүйіспеншілігі және жастарды шынайы ерлік пен патриотизм рухында тәрбиел еудің үлгісі болғанын ешқашан ұмытпаймыз және үнемі ол күнді атап өтіп тұрамыз. Өйткені Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең трагедиялық беттердің бірі. Фашистік Германия біздің елге шабуыл жасағаннан кейін Кеңес Одағының халқы үшін Ұлы Отан соғысы басталды, себебі өз Отанын қорғауға тек Армия емес, бүкіл совет халқы тұрды.

Оның дәлелі ретінде кеңес халқының теңдессіз ерлігін атап өту керек. Мысалы, Брест бекінісі гарнизонында 30-дан астам ұлттың өкілдері соғысты. Біздің гарнизонның саны көп емес құрылымдары — немістердің танктермен, артиллериямен және авиациямен күшейтілген 45-ші жаяу әскер дивизиясына 28 күн бойы тойтарыс берді. Ұлы Отан соғысында ең ауыр сындардың бірі Ленинград қаласының үлесіне тиді. Нева өзенінің бойындағы «өмір жолы» саналатын ұлтарақтай жер үшін, Синявинский сазы мен Ораниенбаум плацдарм үшін ленинградтықтармен бірге полтовалықтар мен киевтіктер, псковтықтар мен рязаньдықтар, новгородтықтар мен мәскеуліктер және бакуліктер мен алматылықтар иық тірестіре соғысты.

Соғыстың сұрапыл күндері мен түндерінде әрбір жауынгер өз тағдыры мен Отан тағдыры бір екенін терең сезінді. Олар қай жерде жаумен соғысып жүргеніне қарамастан, бәрі — өзін, өз отбасын, атамекенін, Отанын қорғап жүргендерін білді.

Қазақтар бұрындары апталап ат үстінде жүріп жорықтағы тұрмыстың қиыншылығына шыдап үйренген батыл да төзімді жауынгерлер. Біздің ұлы көшпенді ата-бабаларымыз бостандықты сүйген, сондықтан оларды сатып алу, қорқыту мүмкін емес. Игілікгі ұрпақтың есінде әскери қолбасшылардың атгары мәңгі қалады: Касым хан, Хақназар, Тәуке хан, Әбілхайыр хан, Абылай хан, Кенесары хан, батырлар: Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай, Наурызбай, Исатай мен Махамбет, генерал Жәңгір Бөкейханов пен Шоқан Уәлиханов, Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдин, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және полковник Бауыржан Момышұлы.


sogys-jildary
Ұрпақ сабақтастығы барлық халықтарға тән. Аға буынның қаһармандық дәстүрі жалғаса бермек. Тарихсыз — бүгін де болмайды және болашақ та жоқ. Айта берді, оншақты жылдардан кейін соғыс — өзі туралы еске салып отырады. Псков қаласының түбінде әйгілі Бородин даласында павлодарлық Павел Дубовой — панфиловшы батырлар жасаған ерлікті қайталаған еді. Жаудың басым түсетін күшімен айқасқа кіріскен бөлімше жаппай қаһармандық танытып толығымен қаза тапса да, жауды өткізбеді. Барлық жауынгерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тек қаза тапқан командирдің отбасына Батыр жұлдызы табыс етілген жоқ. Осы қателікті түзету үшін өлкелік мұражай Ресей Президенті Владимир Путинге: батырдың еңбегін бағалап, әділеттікті қалпына келтіруді сұрап хат жолдаған. Сондықтан «Ешкім ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды» деген ұран ұлты мен діни сеніміне қарамастан қазақстандықтар үшін әлі күнге дейін күшін жойған жоқ. Біз де тебірене отырып, Отан соғысы даласында қаза талқандарды еске алып, оларға бас иеміз. Сіздердің ерліктеріңіз — біздің жүректерімізде және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі жарқырап тұрады.

Өлеңде: «Сол кезде ғана біз жараларымыз бен жоғалтқан жолдастарымызды санай бастадық…» дегендей, Лермонтовтың батырлары оны Бородин шайқасынан соң, оқ-дәрі иісі мүңкіп тұрған далада бірден істесе, Ұлы Отан соғысының жауынгерлі сызды жерлерде қанша жолдастарын қалдырғанын соңғы жылдарға дейін білмей келді. Соғыс аяқтала салысымен И.В. Сталин біздің жоғалтқан шығынымызды 7 миллион деген болатын. Кейіннен Н.С. Хрущев ол санды түзетіп, «20 миллионнан астам» деді. Ал М.С. Горбачевтің «қайта құруы» мен «жариялық» жылдарында 27 миллион саны айтыла бастады. Алайда зерттеушілер «одан да көп» деген болжам айтып жүр.

Қалай болса да, КСРО халықтарының орасан зор құрбандары — Ұлы Отан соғысының қаншалықты қанқұйлы болғанын тағы бір рет дәлелдей түседі. Оны соғыстың қанша жылға жалғасқаны, майдан шебінің екі мың шақырымға созылып, алдымен батыстан шығысқа, содан соң кері бағытта жүргені де көрсетеді. Сондай-ақ, жау Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майдандарын қоса алғанда, бізге қарсы бірнеше есе аргық күш пен қаржы жұмсағаны да соның дәлелі болса керек. Гиглер нақты біздің майдандарда өзінің дербес құрамдарының үштен бірін жоғалтты және сондай көлемде қаруы мен әскери техникасынан айырылды. 1941-1945 жылдардағы соғысты Ұлы Отан дейтініміздің тағы бір себебі — бұл соғыс ізгі мақсаттарға бола: бостандық пен тәуелсіздік үшін, Жер шарының барлық халықтарының өмір сүру құқығы мен прогресс үшін жүргізілді, ал мұндай мақсаттарға қол жеткізу -жеңістің ұлылығын асыра түседі.

Біздің Қазақстан Республикасы Ұлы Отан соғысына КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде қатысты. Гитлерлік Германияның Кеңес Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға да елеулі көңіл бөлінген. Атлантикадан Сібірге дейін Гитлер «Германияның біріңғай этнотерриториалдық кеңістігін» құрмақ болған.

Құжаттарға сүйенсек, Советтер еліне қарсы соғысқа дайындалған үшінші рейхтің басшылары алдарына жан түршігерлік осындай міндет қойғанына көзіміз жетеді: біздің елдің халықтарын отпен және қарумен бағындырып, мемлекеттік дербестікті, ұлттық мәдениетті, ерекшелікгі жойып, ондаған миллион совет адамдарының көзін жойып, тірі қалғанарын құқықсыз құлдар, арзан жұмыс күші ретінде пайдаланғысы келген. Осы мақсатқа жету жолын жеңілдету үшін жау антисоветтік және антиорыстық насихатқа ерекше көңіл бөліп, совет халықтарының арасында өзара соғыс тұтандырғысы келді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ Қызыл Армия үшін офицерлік кадрларды күрт көбейту қажет екені бірден сезілді. Фашистік Германия тұтқиылдан ашқан қатыгез соғысқа офицер кадрларды әзірлеуде Қазақстан маңызды рөл ойнады. Соғыс басталар алдында Қазақстанда тек 1940 жылы негізі қаланған Алматы атқыш-пулеметшілер училищесі ғана болды. 1941 жылы училище армияға 2429 жас офицерлерді дайындап, 5 рет түлектерді оқытып шығарды. 1942 жылы 2869 офицер оқытылды, 1943 жылы — 154, 1944 жылы — 88 офицер дайындалды. Барлығы бұл училищені 6333 жас түлек бітірді.

Майданға жақын аудандарда орналасқан бірқатар әскери академиялар мен училищелерді Қазақстанға көшіруге байланысты елдегі әскери оқу орындары жүйесі елеулі түрде кеңейтіліп, кадрларды дайындау ауқымы да көп артты. Әскери оқу орындары әрекеттегі армияға командирлер мен басқа да кадрларды даярлау үшін барлық шараларды қабылдады. Осылайша, 1941 жылғы қыстың басында ұшқыштарды әзірлейтін Селищенский, Серпуховский және Сталинград әскери училищелері мен авиамеханиктердің әскери мектептері Қазақстанға көшірілді:

— 10 тамызда Петропавловскіге Селищенский (Новгород облысы) авиамеханиктер әскери мектебінің курсанттары мен командирлік-оқытушы құрамы келіп жетті. Бұл оқу орны 1941-1944 жылдары 2400 авиамеханик пен 400 мотористі дайындап шығарды;
—   26 қазанда Серпухов авиамеханиктер әскери мектебі Қызылордаға көшірілді. Соғыс жылдарында ол 4097 авиамаман даярлады, оның ішінде 49 истребитель-ұшқыштарды, 3937 авиамеханикті және 111 авиамотористі әзірледі;
— 1941 жылдың 6 қарашасында Сталинград ұшқыштар әскери училищесі Қостанайға эвакуациаланды және соғыс аяқталғанша мұнда 2444 истребитель-ұшқыштар дайындалды.

1942 жылдың ақпанынан 1943 жылдың сәуір айына дейін Гурьевте (қазір Атырау қаласы) әскери-жаяу училище жұмыс істеді. 1942 жылдың желтоқсанында ол алғашқы лейтенанттарды шығарды. Қазақстанға немістер басып алған территориялардан да бірнеше әскери училищелер көшірілді. Тамбовтағы Кеңес Одағының Маршалы Б.М. Шапошников атындағы Қызыл ту жаяу әскер училищесі 1941 жылдың күзінде Семей қаласында жұмыс істей бастады. 1943 жылдың маусымына дейін алдымен алты айлық, содан кейін бір жылдық бағдарлама бойынша 2725 жас офицер дайындалды.

1941 жьшдың қарашасынан 1945 жылдың ақпанына дейін Талғарда Рязань артиллериялық училище орналасты. Бұл оқу орны 1943 жылдың наурызынан бастап 141 зеңбірекші офицерлерді даярлап шығарды. 1941 жылы наурыз айында Арал қаласына, құрамында 2 мың адам бар РККА-ның (Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясы) Әскери-мал дәрігерлік академиясы көшіп келді. 1941 жылдың желтоқсанында академия алғашқы 36 адамды оқытып шығарды. Ал 1942 жылдың қаңтарында 173 әскери ветеринар оқу бітірді. Сол жылдың наурызында академия 89 тыңдаушыны оқуға қабылдады.

Соғыс жылдары Қазақстанға көптеген әскери-оқу орындары көшіп келді: Жамбыл қаласына Баку жаяу әскер училищесі, Ақтөбеге Әскери әуе күштері мен Әскери-теңіз флотының мектептері, Алматыға — Одесса ұшқыштар авиамектебі, Жамбыл облысы Луговой станциясына Одесса бақылаушы ұшқыштарды оқытатын авиация мектебі көшірілді, ал Ленин орденді НКВД әскерінің 6-шы Воронеж және 16-шы Харьков арнайы авиамектептері, Камышинск танк училищесі, Ленинград әскери байланыс училищесі және Одесса жаяу әскер училищесі Орал қаласында орналасты.

Соның арқасында Қазақстанда оқып шыққан және жақсы әскери дайындықтан өткен, соғысты көрген, сондай-ақ жеке құраммен жұмыс істеу тәжірибесі бар жас офицерлер әрекеттегі армияға келе бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары офицер кадрларды Қазақстанда даярлау бағдарламасының дұрыстығын өмір тәжірибесінің өзі дәлелдеп берді. Москваны қорғағанда оның алыс және жақын іргесінде Қызыл Армияның басқа бөлімдерімен бірге Қазақстаннан келген интернационалды 312-ші, 316-шы, 238-ші, 391-ші және 387-ші атқыштар дивизиялары, Өзбекстаннан келген 258-ші атқыштар, 21-ші және 44-ші кавалерия дивизиялары, сондай-ақ Қырғызстаннан келген 40-шы атқыштар бригадасы, 201-ші латыш атқыштар дивизиясы және басқа да құрамалар айбынды соғысты.

1941 жылдың аяғына таман Ақтөбеде Батыс Қазақстан мен Ақгөбе облыстарының әскери қызметке жарамды түрлі жастағы өз еркімен соғысқа сұранған 2485 қазақтан 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы құрыла бастады. Бұл бригадаға, сондай-ақ, Гурьев (қазіргі Атырау), Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан қосымша күштер келіп қосылды. Қазақ КСР-і Компартия ЦК-сы (ОК) мен Совнарком (Халық комиссарлары комитеті) бригаданы саяси құраммен толықтыру үшін облыстық және аудандық деңгейдегі басшы коммунистер мен 150 жауапты комсомол қызметкерлерін сонда жіберді.

Олар соғыс өнері мен әскери машықты тез меңгерді. Бес қазақ құраманың үшеуі (100-ші, 101-ші атқыштар және 105-ші кавалерия бригадалары) 1942 жылдың өзінде-ақ майдандарда соғысып жүрді. 96-шы ұлттық кавалерия бригадасы 1942 жылы тарқатылып, оның негізінде 13-ші Қазақ қосалқы кавалерия полкі құрылды.

Қазақстаннан тыс жерлерде құрылған кейбір дивизиялардың құрамында да қазақ ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Мысалы, 1942 жылы Чкаловск облысында жасақталған 196-шы атқыштар дивизиясының қатардағы жауынгерлерінің 80 пайызы бірінші рет әскерге шақырылған қазақтардан тұрды, тек 20 пайызы орыстар мен басқа ұлт өкілдері болды. Сондай-ақ 1942 жылы наурыз айында тағы сол Чкаловск облысында құрылған 195-ші атқыштар дивизиясында жеке құрамның жартысынан көбі қазақтардан тұрды, бұл дегеніңіз, төрт мыңнан артық адам, ал екі мыңға жуығы татарлар болды.

100-ші жеке Қазақ атқыштар бригадасының тарихында Невель маңындағы шайқас — соңғы кезең еді, өйткені 1943 жылы 10 желтоқсанда оны 31-ші атқыштар бригадасымен бірге 1-ші атқыштар дивизиясына қосу туралы бұйрық түсті. Содан кейінгі шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін дивизия құрметті «Брестская» атағына ие болып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бұл құраманың қатарында бұрынғы 100-ші бригаданың жауынгерлері Белоруссия мен Польшаны азат етуте қатысты.

1945 жылы 9-мамырда олар Жеңісті Висмар портының жанында, жеңілген елдің жерінде қарсы алды. 100-ші Қазақ атқыштар бригадасымен қатар, 39-шы армияның сол қанаты құрамында 100-ші жеке Қазақ атқыштар бригадасы екі ай бойы Мишухово елді мекені ауданында жаумен айқасты. Бұдан әрі қарай 101 -ші бригада 39-шы армия құрамында Смоленск пен Витебск облыстарын азат етті. 1944 жылы шілде айының басында бұл бригада тарқатылып, оның жеке құрамы 1-ші Прибалтика майданының 47 -ші және 90-шы гвардиялық атқыштар дивизиясына берілді.

Орта Азияның советтік республикалары мен Қазақстанда ұлттық құрамалардан бөлек басқа да көптеген бөлімдер мен құрамалар құрылды. Тек Қазақстанның өзінде 1941-1942 жылдары 12 интернационалды және жеке бригадалар құрылып, майданға жіберілді. 310, 314, 316, 8, 29, 38-ші интернационалды атқыштар дивизияларында қазақтар 35-тен 40 пайызға дейін болды. Бұл көрсеткіш — республика тұрғындары арасындағы қазақтардың үлесіне сәйкес келді. Соғыс жылдары Қазақстанда құрылған құрамалардың ішінен бес кавалерия және бір атқыштар дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы құрлықтағы әскердің құрылымы мен ұйымдық-штаттық құрамын жетілдіру және тәжірибе жинау мақсатымен басқа құрамалармен біріктірілді, соның арқасында олар өздеріне жүкгелген әскери міндеттерді орындады.

1941 жылдың қазан айынан бастап генерал Панфиловтың қолбасшылығындағы 316-шы атқыштар дивизиясы өз позициясын ұстап қана қалмай, қарқынды шабуылдарының арқасында фашистердің 2-ші танк, 29-шы моторлы, 11-ші және 110-шы жаяу әскер дивизияларын талқандады және 900 неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жойып, 80-нен астам танктер мен зеңбіректерін, минометтерін, басқа да көптеген қаруларын жойды.

1941 жылы 17-қарашада майдандағы әскери тапсырманы үлгілі орындап, үрыста ерлік пен батылдық көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 316-шы атқыштар дивизиясын Қызыл Ту орденімен марапаттады. Келесі күні Қорғаныс халық комиссарының 316-шы атқыштар дивизиясын 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы деп ату туралы бұйрығы шықты. Онда «Отан қорғау мен Гитлер басқыншыларына қарсы көптеген шайқаста көрсеткен ерлік пен қаһармандықтың, тәртіп пен ұйымшылықтың үлгісі үшін» атап көрсетілген.

1942 жылдың 18-қаңтарында Солтүстік-Батыс майданға келген 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы нәтижелі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 3-ақпанынан бастап дивизия фашист басқыншыларына қарсы үнемі шабуыл жасап тұрды. Өзінің қуатты соққыларымен дивизия жаудың жақсы бекінген қорғаныс ауданын бұзып, ауыр шайқастармен қарсыластардың тылына 200-ден астам шақырымға өтіп кетіп, Калинин майданының бөлімдерімен қосылды.

Полковник И. Капров, капитан Б. Момышұлы басқарған Панфилов дивизиясының полктары 1941-1942 жылғы қысқы шабуыл кезінде қайтадан жаппай ерлік танытты. 1942 жылғы қысқы шабуылда полкты басқарған Момышұлы түнгі батыл жорықта немістердің СС-тің «Кесілген бас» деп аталатын дивизиясы резервінің 1200 жауынгерінің көзін жойып, алты жол торабын басып алып, жаудың тас-талқанын шығарды Осылайша, Момышұлы полкы жаудың Соколовский деревнясын үш тәулік бойы қасарысып қорғап келген тобына оқ-дәрі жеткізетін жолды кесіп тастап, дивизияның алдында тұрған мінднтті ойдағыдай орындап шығуына мүмкіндік туғызды.

#Қазақстан #Ұлы #Отан #соғысы #жылдарында