Қазақстан темір дәуірінде. Ежелгі Қазақстан жазба деректерде.
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Қазақстан темір дәуірінде. Ежелгі Қазақстан жазба деректерде.
Автор: Оңланбекова Жанар Мұратқызы
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 10 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-19
Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға қажет
Сабақтың жоспары:Сабақтың №8
Cабақтың тақырыбы: Қазақстан темір дәуірінде. Ежелгі Қазақстан жазба деректерде.Сабақтың мақсаттары.Білім беру: студенттерге темір дәуірінің негізгі сипатын , ерекшелігін,археологияық зерттелу жайын,оның нәтижелерін ашып көрсету. Тәрбие беру: студенттерге адамгершілік тәрбиесін,еңбек тәрбиесін,патриоттық тәрбие беру.Білімді болуға,ата тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи құндылықтарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу. Дамытушылық: студенттердің ой-өрісін,жеке қабілеттерін дамыту.Ізденуге,зерттеу жұмыстарын өздігінен жүргізе алуға баулу.Тақырыпты қамтуға , тарихи кезеңдерге өзіндік баға беруге баулу.Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағыСабақтың оқыту әдістері: талдау,топтау,жинақтау,жүйелеу.Құжаттар мен тарихи деректерді сөйлету.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, тірек-сызбалар.суреттер. Сабақтың барысы мен мазмұны.І.Ұйымдастыру кезеңі.ІІ Сабақтың мақсаттары мен жоспарын хабарлау.ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.ІV.Жаңа сабақты түсіндіру.V.Жаңа сабақты бекіту.VІ. Қорытынды бағалау.VІІ.Үйге тапсырма.Үй тапсырмасын тексеру. Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? ( б.з.б. 2 мыңж.)2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? ( В.Алексеев)3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? ( Орталық Қазақстан)4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы ( Ә.Марғұлан)6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? ( 3)7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды?( Шығыс Қазақастан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)11) Қола шалғы табылған жер? ( Көкшетау жеріндегі Шағалалы)12) Өлген адамдарды қалай жерледі? ( мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)Жаңа сабақты түсіндіру.Көне парсы деректеріКөне грек авторларының шығармаларыСкиф данасы — АнахарсисҚытай жазба деректеріимператор У-диӘулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы «Қытай тарихының атасы» Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның «Тарихи жазбалар» («Шицзи«)деген еңбегінің «Сюнну туралы хикая» және «Давань туралы хикая» деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.Жаңа сабақты бекіту. 1.Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?А) заңдар Б) эпос С)жұмбақтар Д) киім –кешек2. Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?А) Баласағұн Б) Троя С) Афины Д) Александрия3. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы?А) археология Б) этнография С) анторпология Д) топономика4. Тарихи деректер нешеге бөлінеді?А) 5 Б) 4 С) 35. Тиындардың, ақша айналымы тарихын зерттейтін тарихи пән?А) геральдика Б) нумизматика С) анторпология6. Адамзаттардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді не деп атаймыз-?А) Шежіре Б) Жылнама С) Тарихи дерек
Қорытынды бағалау.Үйге тапсырма.§ 6. Тақырыпты оқу. Ізденіс жұмысы.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.