Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары «Қазақстан палеолит кезеңінде» 10 сынып

0
САБАҚ Мектеп: А.Жами ЖОМ Күні: Мұғалімнің есімі: Кенжеева Улбосын СЫНЫП: 10Тақырыбы: Қазақстан палеолит кезеңінде Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Адам баласының пайда болуы және оның дамуы, ежелгі тас дәуірі, тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтінмен жұмыс жасай алады, суретке қарап әңгіме құрастыра алады Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты еске түсіру барысында оқушылардың басым бөлігі сұрақтарға жауап бере алады. Мәтінді талдай алады. Кейбір оқушылар: Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады, салыстырады, шығармашылық тапсырмалар орындай алады Бағалау критерийлері:(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) Тірек тақырыптармен жұмыс жасай аладыКестемен толтыра алады, салыстыра алады.Сұрақтарға жауап бере алады. Тілдік мақсат Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым Терминология: палеолит, Homo sapiens Сөз тіркестері: тарихи кезеңдер атауы, тарихи уақыт шеңбері Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік Ел» — бұл — тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Пәнаралық байланыстар Биология, география АКТ қолдану дағдылары Графопроектор, бейнежазба Алдыңғы оқу/Бастапқы білім Тас дәуірін кезеңдерге бөлу Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Басталуы Ұйымдастыру кезеңіҮй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап

  • Қазақстан аумағынан табылған материалдар ежелгі тас дәуірінің қай кезеңіне жатады? (Шелль – ашель кезеңіне)
  • Қазақ жерінде шелль-ашель кезеңінде адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қай аймақта болды? (Қаратау жотасы)
  • Ежелгі тас дәуірінің шелль-ашель кезеңіне жататын тас құралдар қай жерлерден табылды? (Оңтүстік-Батыс Қаратау жотасының баурайынан, Арыстанды өзенінің бойынан табылған)
  • Соққы беру үшін пайдаланатын жағы дөңес болып келген тас құралдар қалай аталады? (Клектон түрі деп аталады?)
  • Ірі шақпақ тастар мен жаңқаланған өзекшелер қалай аталады? (Нуклеустер)
  • Кіші Қаратаудың солтүстік-шығыс баурайынан табылған ежелгі тас дәуірінің қоныстары мен еңбек құралдарының саны (12 қоныс пен 5 мыңға жуық шақпақ тастан жасалған құралдар табылған)
  • Орта палеолит кезеңі адамзаттың қалыпты дамуының қайсы кезеңіне сәйкес келеді? (ашель-мустье кезеңі)
  • 1868 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қандай адамның түрі табылды? (Францияның Кроманьон үңгірінен қазіргі кездегі адам түріне ұқсас түрі табылған. Оған Кроманьон адамы деген ат берілген)
  • Соңғы палеолит кезінде еңбек құралдарының жаңа түрлерінің шығуына не себеп болды? (Құрғақшылық жайлап, жануарлар дүниесі азайды. Ірі жануарлар қырылып, ірілі-ұсақты жануарларды аулау үшін құралдардың жаңа түрлерін ойлап табуға тура келді)
  • Тас құралдардан басқа тағы неден еңбек құралдары жасалды? (Сүйектен сабы, жүзі шақпақ тастан жасалған қарулар)
  • Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың тұрақжайлары туралы не білесің? (ұсақ төбелердің үстіне жартылай жеркепелер салып, үй-жайларда өмір сүргендігі анықталды)
  • Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың шаруашылығы қандай болды? (Аңшылық, балық аулау, терімшілік)
  • Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы қандай болды? (Адамдар қауымдық бірлестікте өмір сүрді. Мұндай топтар тұрақсыз болды. Алғашқы рулық құрылыс – аналық рулық құрылыстан басталды)
  • Оқулық Ортасы Оқушыларға толтыру үшін кесте ұсынылады. Кестемен жұмыс Қазақстан картасы

    Оқулық

    Аяқталуы Сабақты бекіту.Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу. Сұрақтарға жауап іздеу.Оқушыларды бағалау. Смайликтер Қосымша ақпарат Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
  • Бүгін оқушылар не білді?
  • Сыныптағы ахуал қандай болды?
  • Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
  • Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
  • Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
  • Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1.2.