Қазақстан табиғаты слайд, презентация — Қазақ тілі

0

Қазақстан табиғаты слайд, презентация

 

 

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Солтүстігінің табиғаты Орталық Ресейге және оңтүстік Ұлыбританияға, оңтүстігі – Жерорта теңізі елдеріне, Кавказ маңайына сәйкес. Мұнда ойпаттар мен төбесін мәңгі қар мен мұз басқан биік таулар бар.
Аумағының ширек бөлігін шөл мен шөлейт дала, қалған бөліктерін таулар, теніздер мен көлдер алып жатыр. Тянь-Шянь, Іле Алатаулары, Алтай, Тарбағатай, Қаратау, Көкшетау, тағы басқа таулар, Мұғалжар, Сарыарқа, Үстірт қыраттары бар. Хан тәңірі шынының биіктігі — 6695 метр. Бурабай, Зайсан, Алакөл, Балқаш сияқты көлдер, Каспий теңізі мен Арал теңізінің едәуір бөліктері, Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс өзендері т.б. сулар Қазақстанның су бассейнін құрайды.
Қазақстанның жері кең-байтақ. Солтүстіктің суық ауасы мен оңтүстіктің ыстық желі әсерінен ауа райы қатал континенталды болып келеді. Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі егіс жүріп жатса, солтүстігінде бұл кезде әлі қарлы боран соғып тұрады. Қыс айларында солтүстік пен шығыста 41-45° дейін, тіпті -50° дейін аяз болады. Мұнда қыс ұзақ, орталықта қалыпты, оңтүстікте жылы және қысқа. Жаз солтүстікте жылы, орталықта ыстық, оңтүстікте өте ыстық. Құмды аймақтарда су болмайды, жауын аз жауады.
Өсімдіктер әлемі. Қазақстанда жергілікті өсімдіктер түрі 6 мыңнан асады, басқа жақтан әкелінген 500 түрлі өсімдік өседі.
Құмды жерлерде басқа жақта өспейтін сексеуіл өседі. Сексеуіл ағашы өте тығыз болады, суға батып кетеді, ал қызуы көмір қызуына тең. Қазақстанда басқа жерлерде кездеспейтін ерекше ірі қызғалдақ бар. Оның гүлінің өзі 12-15 см дейін болады. Бұлар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қазақстан дәрілік, бояулық, хош иістік өсімдіктерге бай. Орманы аз, ол республика жерінің үш пайызын ғана алып жатыр, барлығы – 11 миллион гектар.

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!